Көңілді іс
Бұрын Көкпекті қаласындағы жұрт оқу уақыты жеткенде ғана бізге мұғалім керек, алты ай бала оқиды деп 300 сом шығын қылып, бала басы отын салып, ақша жинап оқытып жүруші еді. Мұның кемшілік екенін біліп, көріп жүрсек те бабы болмай, сүйретіліп, осы күнге шейін келіп едік. Енді қай жерде болса да, құдайға шүкір, мұсылмандар қарманып жатқанын көріп, медіресемізді жақсы жөнге саламыз деп Көкпектідегі мұсылман комитеті жəрдем жиып, қолға ала бастады. Қалаға үш кісі сайлап, 3 күнде бір мың сом жидырды. Жəне де біздің бұл медіресемізді басында ерлік, жомарттық қылып салған Садық қажы Ғұбайдоллин жетпеген жері болса қарасатындығын білдірді. Биыл үш мұғалім ұстап, оқуды бір өлшеулі жолменен оқытатын болып, медіресе тəрбиесіне ұсталатын ақшаны 4000 сом есептеп, комитет ақша табатын болып, іске кірісті.
Құдайдан сəтін тілеп, жаңа жасалған комитетіміз осы ынтымақтан айырылмасын дейміз.
Əсма Жанболова