Керекудегі мұғалімдік курсы

Керекудегі мұғалімдік курсы
Павлодарда «Ғылым ұйымы» 5-ші сентябрьде мұғалімдік курс ашты. Мұғалімдік курс деген аты құлаққа жақсы естілсе де, қазіргі жайында пайдасын зиян жағы басып кете ме деп қорқамын. Себебі, курс екі айлық. Одан оқыған кісіге мұғалім болуына куəлік қағаз беретін көрінеді. Бұл екі айдың 20 күнін оқушылардың жиылуына, орын, оны-мұнының жайғастырылуына өткізді. Қалған 40 күннің ішінде ел арасындағы ежелеп хат танитын соқырша дүмше «моллаларды» мұғалім қылып шығара қоймақ. Оқытушы біреу-ақ. Мұны тəжірибе ғылым жолы да, сезім жолы да қабылдамастық бір іс. Мұндайды «жылымжан сатам, ем болмайтын ауруы жоқ» деп ұғуға жарамаса, ғылым ұйымын басқаратын кісілердің тіпті балалығын көрсетеді. «Еңбегі аздан өнбек аз» деген мақал тегін айтылмаса керек. Аз болғанда (онда да қазіргі біздің мұғалім аса керектік халымызға қарап), курс екі жылдық болуға керек еді. Онан беріде елдің баласын оқытуға куəлік қағаз берілмесе керек еді. Жайшылықта өзінөзі бояп, мұғалім қылып жүретіндер 40 күнде … оларға құдайдың мұнан артық бергені не? Қысқасы, бұл курс бұл қалыпта халық пайдасынан гөрі «елді қортық, қойды шартық болып» бүлдіретіндердің пайдасына жақын. Тағы біреулердің пайдасына жақын демеуге де дəлел аз.
Сүйіндік баласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *