КЕКРОП, ЭРИХТОНИЙ ЖӘНЕ ЭРЕХТЕЙ


Ұлы Афины мен оның акрополiнiң негiзiн жерден туған Кекроп қалады. Жер оны жартылай адам, жартылай жылан етiп жаратты. Оның денесi аса үлкен, жылан құйрығымен аяқталған. Кекроп Аттикадағы Афины негiзiн жер сiлкiндiрушi, теңiз құдайы Посейдон мен жаугер құдай, Зевстiң сүйiктi қызы Афина бүкiл елде өкiмет билiгiн қолға алу жолында жанжалдасып жатқан кезде қалады. Бұл дауды шешу үшiн найзағай тәңiрiсi Зевс бастаған барлық құдай акропольде бас қосты. Құдайлар мен адамдар әмiршiсi Аттикадағы өкiмет билiгi кiмге тиюi керектiгiн шешу үшiн сотқа Кекропты да шақырды. Жылан аяқты Кекроп сотқа келдi. Құдайлар Аттиканың билiгiн кiм елге аса құнды сыйлық әкелсе, соған бермек болды. Жер сiлкiндiрушi Посейдон үш ашалы аса таяғымен жартасты салып қалып едi, одан тұзды теңiз суының көзi ашылды. Афина жерге жарқыраған найзасын қадап едi, жерден жемiстi зәйтүн ағашы өсiп шықты. Осы кезде Кекроп:
– Олимптiң жарқын жүздi құдайлары, шетсiз-шексiз теңiздiң тұзды суы барлық жерде шулап жатыр, мұның есесiне бiтiк жемiс беретiн зәйтүн ағашы еш жерде жоқ. Зәйтүн ағашы Афинанiкi, ол бүкiл елге ырыс әкелiп, тұрғындарды егiншiлiк пен құнарлы жер өңдеуге баулиды. Афина Аттикаға ұлы игiлiк табыс еттi, сондықтан да бүкiл ел билiгi де соған берiлсiн дедi.
Олимпиялық құдайлар Кекроп негiзiн қалаған қаланың, яғни бүкiл Аттиканың билiгiн Афина-Палладаға табыс еттi. Осыдан бастап Кекроптың қаласы Зевс қызының құрметiне Афины деп аталды. Кекроп Афиныда қала жебеушiсi әйел құдай Афинаға және оның әкесi Зевске арнап тұңғыш ғибадатхана салды. Кекроптың қыздары Афинаның алғашқы абыздары болды. Кекроп афиналықтарға арнап заң шығарып, бүкiл мемлекеттiк iстi жөнге келтiрдi. Ол Аттиканың бiрiншi патшасы болды.
Кекроптың мирасқоры от құдайы Гефесттiң баласы Эрихтонийдiң туу тарихы да құпияға, сырға толы. Оны туысымен, әйел құдай Афина ез қамқорлығына алды да, ол соның қасиеттi ғибадатханасында өстi. Афина жаңа туған Эрихтонийдi тоқыма қорапшаға салып, қақпағын тығыздап жауып қойды. Эрихтонийдi екi жылан күзетiп тұруға тиiс болды. Оны Кекроптың қыздары да күзеттi. Афина олардың қорапша қақпағын ашуларына қатаң тыйым салды, олар жерден құпия жаралған бөбектi көрмеуге тиiс едi. Кекроп қыздары Эрихтонийға тым болмаса бiр қарағылары келдi, ынтықтықтан мазалары кеттi.
Бiрде Афина акропольге ықтасын болуы үшiн Палленадан тау әкелу ниетiмен акропольдегi өзiнiң ғибадатханасынан сыртқа шыққан. Әйел құдай тауды көтерiп Афиныға жақындаған кезде алдынан қара қарға ұшып шығып, Кекроп қыздарының Эрихтоний жатқан қорапшаны ашып, құпия бөбектi көрiп қойғанын жеткiздi. Афина долданып кеттiө ол тауды лақтырып тастап, көздi ашып-жұмғанша өзiнiң ғибадатханасына келдi. Афина Кекроп қыздарын қатал жазаға тартты: олар естерiнен адасып, ғибадатханадан жүгiрiп шықты да, жынданған қалпы акропольдiң құлама жартастарынан төмен құлап, күл-талқандары шығып өлдi. Осы уақыттан бастап Эрихтонийдi Афинаның өзi күзеттi. Ал Афина лақтырып тастап кеткен тау оған қарға қарсы ұшып келiп Кекроп қыздарының қылмысын жеткiзген жерде қалдыө кейiн бұл тау Ликабет деп аталды. Эрихтоний ержетiп Афиныға патша болып, ұзақ жылдар бойы билiк құрды. Ол Афинаның құрметiне ең ежелгi мейрамдар – Панафинеяларды107 бекiттi.
Эрихтоний бiрiншi болып қос доңғалақты арбаға ат жегiп, Афиныда қос доңғалақты арба сайысын өткiзудi алғаш енгiздi.
Эрихтонийдiң ұрпағы – Афины патшасы Эрехтей болды. Оның Фракия патшасы Эвмолптың баласы Иммарад көмектескен Элевсин қаласымен қанды соғыс жүргiзуiне тура келдi.
Бұл соғыс Эрехтейдi қатты күйзелттi. Иммарад пен фракиялықтар оны барған сайын тықсыра түстi. Ақыры Эрехтей қандай құрбандықпен жеңiске жете алатынын бiлу мақсатымен Дельфыдағы Аполлон әулиеден ақыл сұрамақ болды. Пифия жан түршiгерлiк жауап бердi. Ол Эрехтейге өзiнiң қыздарының бiрiн құдайларға құрбандыққа шалған жағдайда ғана Иммарадты жеңетiндiгiн айтты. Патшаның отанын жан-тәнiмен сүйетiн жас қызы Хтония Пифияның жауабын естiген соң туған Афины үшiн өмiрiн қиюға әзiр екенiн бiлдiрдi. Эрехтей қызының тағдырына қатты қайғыра отырып, оны құдайларға құрбандыққа шалдыө мұндай әрекетке Афиныны құтқаруға деген құштарлық қана бел байлатты.
Хтония құрбандыққа шалынғаннан кейiн көп кешiкпей шайқас басталды. Ұрыстың қызған шағында Эрехтей мен Иммарад бетпе-бет келдi. Екеуi ұзақ айқасты. Күш жағынан да, қару жұмсау айлакерлiгi жағынан да олар бiрбiрiнен кем түспейтiн. Ақыры Эрехтей Иммарадқа өзiнiң найзасын бойлата сұқты. Иммарадтың әкесi Эвмолп ауыр қайғыға баттыө ол Посейдон құдайдан баласының қазасы үшiн Эрехтейден өш алып беруiн өтiнiп жалбарынды. Посейдон өзiнiң қос доңғалақты арбасымен теңiздiң тулаған толқынын тiлiп Аттикаға тез жеттi де, үш ашалы аса таяғын сiлтеп қалып, Эрехтейдi өлтiрдi. Эрехтей өз отанын қорғап осылайша қаза тапты. Эрехтейдiң барлық балалары да өлдi. Тек оның бiр-ақ қызы Креуса аман қалды. Мейiрiмсiз тағдыр соны ғана аяды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *