ИКАРИЙ

ИКАРИЙ
Дионис өзiн құдай ретiнде құрмет тұтатын адамдарды жарылқай да бiледi. Мәселен, өзiн қонақжайлықпен қарсы алғаны үшiн ол Аттикадағы Икарийдi айрықша жарылқады. Дионис оған жүзiм шыбығын сыйға тартты да, Икарий Аттикада бiрiншi болып жүзiм өсiрдi. Бiрақ Икарийдiң тағдыры қайғылы болған.
Бiрде ол бақташыларға шарап бердi, ал мас болу дегеннiң ие екенiн бiлмегендiктен, аналар Икарий өздерiне у бердi деп ойлады. Бақташылар Икарийдi өлтiрiп, денесiн көмiп тастады. Икарийдың қызы Эригона әкесiн ұзақ уақыт iздедi. Ақырында итi Майраның көмегiмен ғана ол Икарийдiң қабiрiн тауып алды. Қайғыдан құса болған бақытсыз Эригона әкесiнiң денесi жатқан қабiрдiң үстiнде өсiп тұрған ағашқа асылып өлдi. Дионис Икарийдi, Эригонаны және оның итi Майраны аспанға алды. Сол кезден берi олар ашық түнгi аспанда жарқырап тұрады, бұлар – Сиыршы, Бикеш және Үлкен Төбет шоқ жұлдыздары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *