ЗЕТ ПЕН АМФИОН

ЗЕТ ПЕН АМФИОН
Фивы қаласында өзен құдайы Асоп79 қызы Антиопа өмiр сүрдi. Оны найзағай тәңiрiсi Зевс сүйiп қалды. Антиопа егiз екi ұл тапты. Балаларын ол Зет және Амфион деп атады. Зевспен жасырын некелескенi үшiн әкесiнiң қаҺарынан қорыққан Антиопа кiшкене ұлдарын қорапшаға салып, тауға апарып тастады. Зевс өз балаларын өлiмге қимас деп сенген-дi. Шынында да, Зевс оларға қамқорлық жасады. Ол Зет пен Амфион жатқан жерге бақташы жiбердi. Бақташы Зевс пен Антиопаның кiшкентай ұлдарын тауып алып, үйiне апарды да, тәрбиелей бастады. Осылайша ағайынды екеуi бақташының үйiнде өстi. Зет пен Амфионның мiнез-құлықтары бала шағының өзiнде-ақ бiр-бiрiне ұқсамайтын: Зет күштi бала болды, бақташыға мал бағысып ерте көмектесе бастадыө Амфион момын, мiнезi жайдары едi, өзi музыкаға керемет құмар болды. Ағайынды екеуi ер жеткенде Зет қайратты жауынгер әрi батыл аңшы атанды. Күштiлiк пен ептiлiк жағынан ешкiм одан асып түсе алмадыө ол ұрыс кезiндегi қару-жарақ салдырын естiп, тағы аңдарды аулағанда ғана қуанышқа бөленетiн. Аполлон құдайдың сүйiктiсi Амфион болса, бiр ғана нәрсеге – Латонаның күмiс садақты ұлы Аполлонның өзi сыйлаған алтын шектi кифарада ойнаған шақта ғана қуанатын. Амфионның кифарада керемет ойнайтыны соншалық – ол ойнаған кезде ағаштар мен жартастардың өзi ырғалып тұратын.
Жастар әкесi мен шешесiнiң кiм екенiн бiлмей, бұрынғысынша бақташының үйiнде тұрып жатты. Ал бұл уақытта олардың шешесi Антиопа Фивының қатыгез патшасы Лик пен оның әйелi Дирканың қол астында жапа шегулi едi. Қол-аяғына ауыр кiсен салынған Антиопа күн нұры түспейтiн қараңғы зынданға жабылды, бiрақ Зевс оны құтқарып жiбердi. Қол-аяғындағы кiсен өзiнен-өзi түсiп қалды да, зындан есiгi ашылды, ол қашып тауға барып, өзiнiң балаларын тәрбиелейтiн бақташының лашығына жасырынды.
Бақташы оны ендi ғана паналата бергенде қатыгез Дирка жетiп келдiө ол басқа фивылық әйелдермен бiрге тауда Дионистiң думанды тойын өткiзiп жүр едi. Тау iшiнде жолдан адасып бақташының лашығына кездейсоқ тап болған. Пүлiш желек өрiнiп, қолына таяқ ұстаған Дирка Антиопаны көрген бойда-ақ өлтiрмек болды. Зет пен Амфионды шақырып алды да Антиопаға жала жауып, жас жiгiттердi Асоп қызын жабайы бұқаның мүйiзiне байлап боршалатып өлтiруге көндiрдi. Зет пен Амфион оның бұйрығын орындауға көнiп-ақ қалған-ды. Олар сүзеген бұқаны ұстап алды да, Антиопаны оған сүйреп әкелдi. Осы кезде бақташы шыға келдi. Балалары Антиопаны құтырынған бұқаның мүйiзiне байлағалы жатқанын көрген бақташы:
– Бақытсыз байғұстар-ау, қандай сұмдық қылмыс жасағалы жатырсыңдар! Өздерiңнiң туған аналарыңды қандай сұмдық өлiммен мерт еткелi тұрғандарыңды бiлмейсiңдер ғой! – деп айқайлады.
Зет пен Амфион қатыгез Дирканың кесiрiнен өздерiнiң қандай зымиян қастандық жасай жаздағандарын ұққанда төбе шаштары тiк тұрды. Тұла бойларын ашу-ыза кернеп, анасына жала жапқан Дирканы ұстап алды да, жабайы бұқаның мүйiзiне байлап:
– Бiздiң анамыздың басын тiккен ажалмен ендi өзiң өл! Бұл өлiм сенiң қаталдығың мен жалақорлығыңның лайықты жазасы болсын! – дедi.
Дирка ауыр азаппен қаза тапты. Зет пен Амфион анасы үшiн Ликтен де өш алды, оны өлтiрiп, Фивыны өздерi биледi.
Фивы патшалары болғаннан кейiн ағайынды екеуi өз қаласын нығайтуға бел байлады. Кадм тұрғызған Фивыдағы зәулiм қамал Кадмея ғана қабырғамен қоршалып, қаланың басқа жерлерiне қорған салынбаған едi. Ағайынды екеуi Фивыны айналдыра өз қолдарымен қорған тұрғызды. Екеуiнiң еңбегi де әртүрлi болды! Нағыз алыптардай қуатты Зет бар күшiн салып үлкен-үлкен тас үйiндiлерiн тасып, оларды бiрiнiң үстiне бiрiн үйдi. Амфион болса өзiнiң алтын iшектi кифарасының үнiн тыңдайтын тас үйiндiлерiн тасыдыө тастар өздiгiнен қозғалып, бұзылмайтын биiк қабырға болып өздерi қаланды. Ұлы батырлар Зет пен Амфионның даңқы алысқа тарады, оларды Грекиядан тыс елдер де бiлдi. Құдайлар сүйiктiсi Танталдың өзi қызы Ниобаны Амфионға қосты. Зет болса Эфес патшасы Пандарей қызы Аэдонаға үйлендi. Алайда Ниоба мен Аэдона Антиопа балаларының үйiне бақытсыздық әкелдi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *