Еңбек ер атандырады

Сабақ тақырыбы

Еңбек ер атандырады

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.​4.​1.​1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, стилін анықтайды, берілген сұрақтарға жауап береді, тілдік ерекшеліктеріне талдайды.

Бағалау критерийлері

публицистикалық және ғылыми стильдердің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады;

интервью жазуда форматты сақтайды.

Тілдік мақсаттар

 

Пән лексикасы және терминология:

Тақырыпқа сәйкес терминдер мен кәсіби сөздер.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапты азаматтық позиция;

Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, қажетті ақпаратты қолдана алу,  мәтінді өңдей білу,бағалау дағдылары негізінде  жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор материалдары

Бастапқы білім

Отандық өнімдерді тұтынушылардың пікірі берілген сауалнама

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

«Өзімізде шығатын отандық өнімдер қатары артты» деген бейнематериалды тамашалайды.

Сабақ барысында жазылым жұмысы болатынын, осы бейнематериалдың ақпараттары мен өткен сабақтағы оқылым материалының ақпараттары жазылымға қолданылатынын мұғалім ескерту керек.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.

1,5 минут

 

3 минут

Сабақтың ортасы

 

Жазылым алдындағы  тапсырма.

«Жұптық әңгіме»

Оқушылармен талқылау үшін «Отандық өнімдерге көңіліңіз тола ма? Отандық өнімдердің сапалы, әдемі, арзан болуына не ықпал етеді?» деген мәселе бойынша өзара талқылаулар жасайды. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу  үшін  А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше. Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды  сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады

 

Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар мәтіндегі ақпараттарды ықшамдап, автор ойын сақтап, интервью формасында ұсынады. Жинақы мәтін жазу үшін мұғалім оқушыларға нақты қандай қадамдар жасау керектігін ұсына алады.

Мазмұндық өңдеу:

Материалдарды мұқият тыңдау және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау;

Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай…, «Ұлан» газетінде …, Мақалада «…..» берілген, т.б.

Алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдау білу. Мысалы:

Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;

Сөздерді синонимдермен алмастыру;

Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.

 

Т.Жұмыстың нәтижесін оқушылар алдымен топта талқылайды, «Менікі үздік» әдісі бойынша (әр оқушы өз жұмысының үздік екенін дәлелдеу үшін қисынды жауаптар айтуға тырысады) мұғалім кез келген оқушыны таңдайды.

Б.Оқушылар топ ішінде өзара бағалау жасайды, мұғалім тыңдап, оқушылардың жұмысына кері байланыс ұсынады.

 

5  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтың жұмысын ортаға салуға 3 минуттан барлығы

12 минут

 

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Менің баспалдағым»

Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда екенін стикерге аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағының тұсына жапсырады.

5 минут

       

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *