Біздің жайлар
Біздің қазақтың жайы қай жұртқа да болса мағұлым. Біздің қандай жұрт екендігімізді бəрі біледі. Сонда да бізбен араласып жүрмеген соң, күнелту жайымызды анық білмейді.
Сол еебепті ноғай бауырларымыз газеттерінде біздің халымызды, жайымызды анық білуге оқтын-оқтын сөз қозғап қояды. Мысалы «Уақыттың» осы арадағы шыққан нөмірлерінде қадірменді X.Д.М. деген бір зат «қырғыз, қазақ, түркілері» атты мақаласында «олардың арасынан кімдер шықты, қандай қызмет көрсете білді?» – деп бір өте керекті сауал берді. Бұл сауалға жауап беруді мүрихларға (замана түрін байқаушы) тапсырылса да өз сөзін өзі шешіп:
Бұл заманда қазақ балаларының хүкімет мектептеріне кіріп, хан баласынан бастап, қара баласына шейін оқып-білгіштердің, даналардың шыққандығын, бірақ бұлардың алғашында өз тілдерімен бастауыш мектепте оқып, діннің де жайын, тілінің жайын, ұлтынша күн көру жайын білмегендіктері. Ұлтына қызмет қылуға кемсін соғатындарын жазады.
Дұрыс емес пе?! Біліп, жеттім дегендері болмаса, орысша оқыған қай қазақтың баласынын барлыққан нəрсесін көрдің? Біліп, жеткендерінде ортаға халық пайдасы үшін қойылған іс хақында бірінің сөзіне бірі көнбей тарқасу əдеттері табылып жатыр. Бұл тарқаудан пайда шыға ма? Тарқасуда сол пайдалы деген ісіміз пайдалы ма? Жоқ болмаса, пайдасыз ба? Соған қаулы қылысып тарқау керек еді!
Мысалы, Жиһанша Сейдалин жиылыс жасау жайынан кеңес шығарды. Қадірменді Əлихан мырза елеулі «Қазақ» газетіне жазып, жиылыс болмайды деп кесіп жауап берді. Егерде жиылыс бола қалса, өзінің жиылыстан қалмайтынын білдірді. Асылында қадірменді Əлихан мырзаның дұрыс болғанда «жаяудың шаңы шыға ма», бір кісінің қарнына бірақ аяқ ас сияды, бір кісінің қолынан не келеді деп, (түбінде Жиһанша Сейдалиннің іс істеп шығара алмайтынына көзі жетсе) көптеп-көмектеп ақыл иесі адамдармен ақылдасып, жиылыстың болатын болса, болғанын көріп, болмайтын болса қалғанын көріп қоюға керек еді. Бұл жиылыс деген жалғыз бір кісінің пайдасы емес, көптің пайдасы. Көптікі болған соң, кептеу керек еді. (Көптеген соң, болмай қалатын іс емес екен). Бұл жиылысқа қазақ білімділерінің қалай қарау турасында қадірменді X. Д. М. жəнаптары екінші мақаласында духовный собранияны ұлтшылдық шаруашылық жағынан қазақтың ең бірінші пайдалы мəселесі ғып көрсетедіде:
Мінеки, осы мəселе турасыңда мұң-мүддені сөйлеуге көпке бірдей пайдалы, өзара бір кеңес жиылыс жасаулары, өте тереңнен қозғап сөз қылулары тиісті болса да, бірақ қазірде Бұған құштарланып көңіл салғандары білінбейді. Тағы да X. Д. М. Мырза қазақтан шыққан ғалымғұламаларды ауызға алып, қазақта тіпті татарлар қатарында болған біліктіөткір ғалымдардың болғаны сияқты соңғы кездерде медреседе оқу бітіріп шыққан жас шəкірттердің де барлығын айтып келеді де «бұлардың да əлі жұрт арасына белсеніп кіріп кетіп, өте керекті қызметтердің басында көрінбегендігі, дін һəм шаруа жайынан ой мен қаламын жүргізгендігі көрінбегендіктен əзірге бір түпкілікті байлаулы сөз айта алмаймыз. Ол жағын келешек көрсетер»,– дейді.
Дұрыс-ақ біз қанша қимылдадық десек те арамызда іс білетін кісілеріміз аз. Іс білетіндеріміз болса медресе бітірген жас шəкірттер ғой. «Айқап» пен «Қазақ» шыққан елде əзірде пікірлі, білгіш шəкірттеріміз де бар. Əр жерде Жүсіпұғылы, Нұралдин, Молдағазин Хабиболла Лекеров жəне басқалар сықылды шəкірт мұғалімдеріміз жазып жүрсе де білінбей бұл əзірде аттары көрінбей тұр. Қараңғыда қалсақ, біздің айымыз бен күніміз осылар. Үмітсіз болсақ, үмітіміз осылар. Күн көруіміз, жасауымыз осылармен еді. Газет-журналға сөз жазу қандай дəрежеде екендігі турасында X. Д. М. мырза:
Кішкене болса да, бұл күндегі газет-журналдарды алып барушы заттар əр жақтан тіл, күш жəрдеміне мұқтаж болғандарында шүбə жоқ. Əлбетте бұған бүкіл ұлт əр қатардағы ой иесі, қалам иесі молдалар, білімділер қатынасуға керек. Егерде қатынасқандай болса, əр жақтан алынған хаттардан жұрттың не мұң-мүддесі барлығы білінеді. Содан соң басқарушылар «жұрттың мұң мүддесі мынадай екен»,– деп орны келген жерде өздерінің жұрттығын білгізіп қалуға бірінші себепкер болады. Қазақ бауырлар осы арасын жақсы қараса екен» — дейді.
Жоқ демейміз, жөн білетін орысша жетіліп оқыған білімділеріміз бар. Əлінше елеулі «Қазақ» пен «Айқапқа» жазылып жатыр, оларға рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Бірақ бұлар ең қайдағы жұмысымыздың қаймағына келгенде адырасып кетеді. Адырағанмен қайда барады, замана біріктіреді ғой, замана көндіреді ғой деген үмітіміз бар. Бұл турада X. Д. М. жəнаптары:
– Ұжмақ сықылды кең даламыздан айрылуды бір зор өзгеріс қылып көрсеткен соң айтады, жақсы көрінген егінге-шөпке, шығымды жерлері күн-күн сайын мұжықтарға беріліп, өздері алғы шөлге, құмға барып тіреледі. Я болмаса əр хақолдың қаласының арасында қалып, өте таршылық, өте қиыншылықпен ғана күн көреді.
Ертерек уақыттарда əрбір ауылдың бойында болатын мыңнан жылқы, мыңнан сиыр, қой жылдан жыл азайып келеді. Өшпесе өсуіне үміт аз. Басқаша айтарлық өнерден кəсіптен, егіншіліктен хабары жоқ. Тағы да мұның үстіне жерді аламыз ба, алмаймыз ба, – деп бір ынтымаққа келе алмайды. Һəм бұлардан басқа да ұшы-қиыры жоқ шаруашылық, ұлтшылдық сықылды мəселелер де ешбірі бір ұйымға келген жоқ деп. Бұл бір ұйымға келмеген мəселелерді шешуге жəрдем беруді, басшылық етіп жөн сілтеуді татарлар матбұғаты үстіне тиесілі міндет деп есептейді. Қазақтың өзінде матбұғаты болса да өздерінен бұрын бас көтеріп түрлі ауырлық, жеңілдіктерге пісіп-қатқан ноғай бауырларының жəрдеміне, басшылығына мұқтаж екендігін білдіреді. Алты-жеті миллион қазақтардың айналдырған бір газет, бір журналдары халықтың мұң-мұқтажын айтып үлгіре алмағанның үстіне екеуі қайдағы ең керекті мəселеге келгенде бір ұйымға келе алмайтынын айтады. Бұларды қай ретпенен болса да жақындастырмаққа Матбұғатымызға білімділеріміз сүйіспеншілік қылып бірсыпыра ойға келген пікірлерімді айтпақ болдым»,дейді де жазуын тоқтатыпенді сөзін екінші мақалаға қалдырады.
Тағы бір көзге баданадай таңырқарлық болып көрініп тұрған нəрсеміздің біреуі жер мəселесінің ретке салынбай былығып тұрғандығы болса, біреуі қадірменді қазақ көсемдерінен Қыр баласы жанаптарының жер мəселесін қазақтың өз ғұрпынша қалдыру керек деген топшысы болса керек. Қадірменді көсеміміздің бұл туралы пайдалы қызметтің пайдасын көрерміз деп қуаныш күтіп тұрғанда былайша сөз шығаруына таң қалдық.
Бұл жер мəселесі турасында басшымыздан татар қарындастарымыздың да күткен үміті бұлай еместігін айтып, X. Д. М, жəнаптары:
– Еркіншілігі əркімдердің аузында «Əліпбидей» ұғылып, жатталып жүрген осы жиырмасыншы ғасырда «біз қазақ рəсімін сақтаймыз» деп осы пікірге келіп, кісінің кісілігін білу сықылды зор бір мəселені баяғы замандардағы əдеттер бойынша шешу жағында болушы мырзаларға біз шынымызбен таңырқадық, – дейді. Мұнан соң хазіреттердің бір жиылысында:
– Ислам дінінде мұсылман болғандығымыз үшін собранияға қосыламыз, солай болған соң, бұл мəселелерде шариғатша хакім қылу бізге ауыр болады, – деп қалайша айырым қалдырамыз, шариғат хүкімінен қалайша бас тартамыз. Ол уақытта біздің мұсылманшылығымыз қайда қалады, біреулерге енді қашанға дейін зорлық қыла береміз деп сөз қылысты, тағы да бір-біріне талас сөздер айтысты.
Мұндай бір ұйымға келмеген талас сөздер уақытыңда жастардан, мұғалімдерден дауыс шығарып қалады ғой, деп үміт етіп еді, – бірақ дейді де сөзінің аяқ жағын айтпай манағы айтып өткен жас шəкірттерді, мұғалімдерді жоқтайды. Сонан соң білімділерден, ақсақалдардан осы жер турасында түпкілікті, табанды бір кеңесті бір ұйымға келтірулерін ақтара қарап, тереңнен ойлап іс қылуларын керексінеді. Оның үстіне теңдік мəселесін түпкілікті бір ретке қоймай былыққан рəсім-ғұрып бойынша тұруға тілеймін, немесе əділдіктің берген тəніменен белгіленген бір жөнге көнуге енді уақыт жеткендігіне мойындай ма? Міне, осындай өте керекті мəселелерді ақыл иелерінің тиісті орындарға жеткізуі, ең болмағанда «Айқап»пенен «Қазақтың» біріне жазуы тиімді болар дейді. Қадірменді X. Д. М. жəнаптары кейінгі сөздерінде де жер мəседесінің ғұрып-əдет бойынша қалуын ұнаттай қуатты дəлелдер жазады. Кей уақытта қазақтар өз рəсімінен тыс іс қылғандығын рəсімнің тəртіпсіздігінен көреді. Қазақтың қару қылып көрсететін қолында реттелген «Канун» (іс реті) жоқ. Бар, бар болғанмен оныменен іс істеуге жарамайды дейді.
Осы ғұрып-əдетті сақтау керек деген басшыларымыздан Қырбаласы оның себебімен шариғатқа да тиіңкіреп кетті білем. Бұ турада X. Д. М. мырза ұзын қылып, түсінікті қылып айтарын айтып өтіпті. Шариғатты сынар сөз шығарушы Қырбаласының жалғыз өз басына ғана керекті болса, онда менің жұмысым жоқ, бірақ көпке бірдей керекті аз шығарау деймін. Жалғыз адам ұнатса да көптің ұнатпағаны қай жерде болса да сезіліп тұрғандай көрінеді. Көптің аты көп қой. Бірақ Қырбаласы мырзаның бұл ойы өзінің ойы болмай көпке салып:
– Көп ұнатса жарап кетер, ұнатпаса қалар, – деген ниетпен ортаға қойса, бас ауысты сөзімді қайырып аламын.
Не қылғанмен қазаққа «Канун» деген қару керек болса, ақылға аныққа, шындыққа, шариғатқа тірелсін. Болмаса бізге ол «Канун» айбынсыз, қарусыз, дəлелсіз бір жарақ.
Қысқасы шариғат деген – шындық, ғұрып-əдет деген байлаусыздық, тапсыздық, хұқысыздық. Шариғатты тастап, ғұрыпты алсақ, шындықты тастаймыз. Ғұрыпты тастап шариғатты алсақ, шындықтан қашпаймыз. Қой, даналар, бас қосалық! Берекебірлік қылалық. Арамызға мынау керек деген мəселелерді салып, сөз болған соң, қайсысы мақұл болып шығады, соны алалық! Мақұл болмағанын тасталық, солай еткенде жасармыз, ілгері қарай айтармыз, – «қазақ жұрты» деген бір жұрт болармыз!!
Байбатыр Ержан