Қыздардың туған отбасынан ажырауы

Қыздардың туған отбасынан ажырауы
Жара-Шешен бір күні адамдардың ғұмыр мерзімін жария етуге келіп, қыздары көп үйге бұрылыпты. Аттап кіргені сол екен, күлегеш қыздар оның сұсты түрін келеке етіп күліпті.
Бұл мазаққа ызаланған Жара-Шешен сонда оларға былай деп айтыпты:
– Үлкен Тәңір мені сендердің ғұмыр шектеріңді белгілеуге жіберді, ал сендер келеке қыласыңдар. Сол үшін жазаларыңды тарттырамын. Әрқайсыңның пешенең мынадай болады:

Туғаныңды жат етер, қара болсын бауырың,
Алсын билеп ойыңды бөтен елдің ауылы.
Ою-өрнек кестемен болып сенің жасауың,
Туған әке-шешеден шарт үзілсін тұсауың.
Болғайсың сен кәрі аттың қабырғасындай төзімді,
Туған үйден тал түсте кетсін алып өзіңді.
Сұлулығың жат үйдің қызығына көрінсін,
Шашың сенің бүгіннен қос бұрым боп өрілсін.
(Аударған Қорғанбек Аманжолов)

Осы кезден бастап қыздардың ақыл-ойы мен сезімдеріне өзгеріс енді, олар күйеуге шығып, ата-анасының ошағынан аулаққа кете бастады. Ал оған дейін барлығы бір үйде тұрып ұрпақ жайған, ешқандай туыстық пен жұбайлық заңдарын білмеген, саналары жануарлардан озық болмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *