ҚАРА ТҮНЕК АИД ПАТШАЛЫҒЫ

ҚАРА ТҮНЕК АИД ПАТШАЛЫҒЫ
Жер астында түу тереңде, Зевстiң безбүйрек, сұсты ағасы Аид патшалық құрған. Ол жаққа жарқыраған күн сәулесi ешқашан түсiп көрген емес. Жер үстiнен Аидтiң мұңлы патшалығына түпсiз терең шыңыраулар бастап алып барады. Онда тұнжыраған түнек өзендер ағып жатады. Бәрiн де мұзбен құрсандырып тастайтын киелi өзен – Стикс те сонда, құдайлардың өздерi де осы өзеннiң суымен ант етедi.
Коцит пен Ахеронт та өз толқындарын сонда дөңбекшiтiп, олардың қара түнек жағалауларын өлгендердiң аруақтары ыңырсып зарлы үнмен жаңғырықтырып тұрады. Жерасты патшалығында бүкiл жер бетiндегiнi ұмыттыратын Құрдым (Лета)12 өзенiнiң сулары да сылдырап ағып жатады. Бозғылт асфодел13 гүлдерi өскен Аид патшалығының түнек далаларында өлгендердiң ет-сүйегi жоқ жеп-жеңiл көлеңкелерi сусып жүредi. Олар жарық та, тiлек те жоқ қамкөңiл өмiрлерiне налып, мұң шағады. Күңiренген мұңды үндерi күзгi жел қуған сарғыш жапырақтардың сыбдырындай құлаққа емiс-емiс қана естiледi. Осынау қасiрет патшалығынан ешкiм де қайтадан жер бетiне орала алмақ емес. Мойнында жыландар ысқырып жүретiн үш басты Кербер төбет шығар есiктi күзетiп тұрады. Өлгендердiң аруағын тасымалдайтын қайырымсыз қарт Харон бiрде-бiр жанды Ахеронттың қапас сулары арқылы кейiн қарай, өмiрдiң жарқыраған күнi шұғыласын төгiп тұрған жерге қайтадан апармақшы емес.
Бұл патшалықтың әмiршiсi Аид әйелi Персефонамен бiрге алтын тақта отырады. Оған аяушылық дегендi бiлмейтiн безбүйрек кекшiл әйел құдайлар – эриниялар14 қызмет етедi. Жүздерi қаҺарлы, қолдарына қамшы мен жылан ұстаған олар қылмыстының қыр соңынан қалмай қудалайдыө күнәкарға бiр минут та тыныштық бермей, ар-ұяттың азабымен қинайдыө олардан ешкiм де бой тасалай алмайды, өз құрбандықтарын қай жерден болса да тауып алады. Аид тағының қасында аруақтар патшалығының қазылары – Минос пен Радамант отырады. Қолына семсер ұстап, қара желең жамылған, орасан зор қара қанатты ажал құдайы Танат та осы жерде, тақ жанында тұрады. Танат өлгелi жатқан адамның жанына ұшып келiп, семсермен басынан бiр тал шашты қырқып тастап, жанын алған кезде бұл қанаттардан қабiр ызғары еседi. Сұсты Керлер де Танаттың жанында болады. Олар шайқас даласында қанаттарын құтырына қағып, құйындай ұшып жүредi. Жауынгерлердiң бiрiнен соң бiрi мұрттай ұшып құлағанын көрген кезде Керлердiң жандары кiредiө олар өздерiнiң қан ұйыған қызыл ерiндерiмен жараға сүлiктей жабысып, құлағандардың ыстық қанын сорады да, жандарын суырып алады.
Өзi сұлу, өзi жас ұйқы құдайы Гипнос та осы жерде, Аид тағының қасында тұрады. Қолын да көкнәр ұстаған Гипнос жер бетiмен дыбыссыз ұшып, қолындағы мүйiзден ұйқы келтiретiн шырынды төгiп жүредi. Гипнос өзiнiң ғажайып таяқшасын кiсiнiң көзiне жайлап қана тигiзiп, қабағын жапқызады да ұйқыға шомдырады. Гипнос құдайдың құдiретi күштi, оған адамдар да, құдайлар да, тiптi найзағай құдайы Зевстiң өзi де қарсы тұра алмайды. Гипнос оның да қаҺарлы қабағын жауып, қатты ұйқыға шомдырып тастайды.
Аидтiң қара түнек патшалығында түс көргiзетiн құдайлар да қаптап жүредi. Олардың арасында жақсы түспен қуанатын құдайлар да, сондай-ақ адамдарды үрейлендiрiп, азапқа салатын, қорқынышты, еңсенi басатын түс ендiргiш құдайлар да болады. Жалған түске сендiретiн құдайлар да бар: олар адамдарды адастырып, көбiнесе, ажалға қарай бастайды.
Аид патшалығы қара түнек пен қорқынышқа толы. Ондағы қараңғы қапасты есек аяқты Эмпустiң үрейлi елесi кезiп жүредiө түнек түнде ол адамдарды айламен оңашаға алдап апарады да, олардың қанын сарқа iшiп, әлi тыпырлап жатқан дененi жұлмалап жеп қояды. Жан түршiгерлiк Ламия да сол жақты кезiп жүредiө ол түнде бақытты аналардың ұйықтайтын бөлмелерiне кiрiп, сiмiрiп қанын iшу үшiн балаларын ұрлап әкетедi. Әйдiк әйел құдай Геката осынау барлық елестер мен құбыжықтарға билiк жүргiзедi. Оның үш денесi, үш басы бар. Айсыз қара түнде ол стикс15 иттерi мен сұмдық қорқынышты нөкерлерiн ертiп, жолдар мен молаларды шарлап жүредi. Ол жер бетiне үрей мен ауыр түстердi жiбередi, адамдарды алапат апатқа душар етедi. Гекатаны сиқырға қарсы көмекке шақырадыө бiрақ ол құрметтеп, жол үшке бөлiнетiн айырық жерлерде құрбандыққа ит шалған адамға ғана қарсы сиқыр жасатқызбайды.
Аид патшалығы сұмдық қорқынышты, сондықтан оны жұрт жек көредi16.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *