Шамандықтың пайда болуы

Шамандықтың пайда болуы
Топан судан кейін Балықшы сырқаттанып қалып, Тянгар деген кісіні зікір салып емдеуге шақырды. Бұл екеуін де, бірін – қам (жын-пері) шақыруға, екіншісін – зікір салуға
Еркілік үйреткен екен. Сондықтан Үлкен Тәңір Балықшыға:
«Енді сен өлгеннен кейін Еркіліктің малайы боласың. Себебі оны мойындайсың да маған құрбан шалмайсың», – деп айтыпты.
Мұны естіп, қорқып кеткен Тянгар Үлкен Тәңірге: «Мен Еркілікке де, саған да құрбан шаламын», – дейді. Үлкен Тәңір оған:
«Бүгіннен бастап сенің атың Қам болады. Ал кімде-кім саған еліктейтін болса, жерде оның дәулеті болмайды», – деп үкім кеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *