Тяран-Мызықайдың сәуегейлігі

Тяран-Мызықайдың сәуегейлігі
Жалмауыз аждаһаны жеңген Тяран-Мызықайдың кейпі адам тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім екенін, қайдан келгенін ешкім білмеген. Төменгі жердегі (Қытай) Мергедім-түмен ханға келгенде, ол Тяран-Мызықайды танып қойып, оның құдай тектес және тоқсан тоғыз әлемнің ортаңғысының әміршісі екенін айтты.
Тяран-Мызықай оған:
– Мен барлық патшалықтарда болдым, сонда мені ешкім таныған жоқ еді. Жалғыз сен ғана таныдың. Сол үшін батамды беремін, сенің атың Түмен-асты-Еден-поудо (қытай боғдыханы) болсын, – деп тіл қатты.
Сол кезден бастап қытай жерінің әміршілері еденхан, яғни Төменгі Жердің хандары деп аталады.
Тяран-Мызықай қытай әміршісіне тағы да былай деді: «Байқа, сенімен ешкім соғысып жүрмесін, сен де ешкіммен соғысушы болма. Басқа жерлермен байланыс жасама. Басқалар сенің патшалығыңмен соғысқан кезде ақыр заман таяп қалады!»
Осы сөздерді айтқан соң Тяран-Мызықай қытай әміршісі Мергедім-түмен ханға Майтөре Алып құрастырған және аспан шежірешілерінен алған Әлемнің пайда болуы туралы кітапты беріп, өзі белгісіз жаққа кетіп қалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *