Сфинкс

Сфинкс
Сфинкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Арыстан – аң патшасы. Сондықтан, сфинкс патша билігінің символы ретінде қабылданып, мазарлар мен ғибадатханаларды күзетеді. Кейбір сфинкстердің басы – қасиетті жануар саналатын қошқардікі. Ассириялықтарда тәж киген, сақалды сфинкстер бейнеленеді. Мұндай бейне парсылық үлгілерге де тән. Плиний сфинкстерді өзінің Эфиопия жануарлары тізіміне енгізеді. Алайда, олардың тек сарғыш қоңыр жүнді және кең кеуделі екендігінен басқа сипаттамасын айтпайды.
Көптеген сфинкстердің басы мен кеудесі – әйелдердікі, қанаттары – құстікі, аяқтары – арыстандікі. Кейде ол ит басты, жылан құйрықты болып келеді. Сфинкстер сөйлей алады, сөйте тұра адамдарға қас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *