«Ергенекөн» қиссасы және қаншық қасқыр ұрпақтары

«Ергенекөн» қиссасы және қаншық қасқыр ұрпақтары
Ергенекөн (Ергенекүн, Эргене күн, Еркіне көн, Еркінді күн) Көк түркілері дәуіріндегі аса құнды әдебиет ескерткіштерінің бірі болып табылатыны еш күмәнсіз.
«Ергенекөн» сөзінің өзі жағрапиялық ұғым ретінде ХІІІ ғасырда, Шыңғыс хан билеген заманда пайдаланыла бастады. Монғол тілінен аударатын болсақ, «ергенек» – тік, құлама, қия, ал «көн» – жартас. Сонда бұл «тік жартас», «қия шың» болып шығады.
Бұл қиссаның бірнеше нұсқалары белгілі. Мысалы, Орта Азияда кең таралған аңызда түркілер өздерін Көк Бөрінің ұрпағымыз («Ашинаның ұлдары») дейді. Ал монғолдар қисса мазмұнының өздеріне тек жанама ғана қатысы болғандықтан, «Ергенекөнді» тарихи негізі жоқ, жай аңыз деп есептейді.21
Түркілермен араласып-құраласқанға дейін Шығыс Сібір мен Алтайда тұрған халықтар темірді пайдалануды білмеді. Ал, Көк түркілері темірді және басқа металдарды баяғының баяғы замандарынан бері қорытып келген. «Ергенекөн» қиссасының ескі мәтінінде нақ осы жайында айтылған. Өкінішке орай, қиссаның әуелгі, өлеңдік нұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізде оның тек қара сөзбен айтылған мазмұны ғана бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *