Дәулер

Дәулер
Дәулер – үсті-бастарын жүн басқан, аяқ-қолдарында өткір тырнақтары бар, ұсқындары адам шошырлық алыптар. Олар өздерінің апандарында, көбінесе, тау үңгірлерінде, қалың жынысты қиын жерлерде тұрады. Кейбіреуі көл түбін немесе жер қойнауын мекендейді. Онда жер асты қазынасын – алтынкүміс, асыл тастарды күзетеді. Олар – қисапсыз қазына, дәулеттің иесі. Кейбір дәулер зергерлік іске шеберленіп, жердегі қыздарды қызықтыратын әдемі әшекейлерді жасаумен даңқы шыққан. Ертеде тау беткейлері опырылып құласа немесе жер сілкінсе, дәулер өз ұстаханаларында темір соғып жатыр, не болмаса дәулер қаһарланды деп түсіндірілетін. Дәулер адамдарды жек көрген, оларды өлтіріп немесе қапас зынданда ұстаған. Күн сайын түстігі мен кешкі асына екі адамнан жеп тұрған. Оларда тұтқындардың зарына деген аяныш сезімі болмаған, Құдай атынан жалбарынса Құдайға тіл тигізіп, мазақ қылған. Дәулердің кейбіреуі ғана мейірбан болған. Мысалы, тоқымашылардың қамқоршысы, «ақ құдай» – әйел-дәу Сафед осындай. Жұма күндері оған шелпек пісіріп апарады, бұл күні тігіншілер жұмыс істемейді.
Көбінесе, дәулер дегеніміз – зиянкес, қаскөй жындар, жалғыз көзді Төбекөз дәулер (циклоппен бірдей). Кейбіреулерінің еркек немесе әйел кейіпті бірнеше басы болады. Бірақ бір мифтерде дәулер жақсы қасиеттерімен көрінеді, адамдарға қамалдар мен қалалар салуға көмектеседі.
Дәулердің біреулерінің өз отбасы болады немесе олар үш, жеті және қырық ағайынды болып топталып өмір сүреді. Әдетте, олар ертегілік батырлар құтқаруға тиіс сұлуларды ұрлайды. Бірақ бәрібір батырлар жеңіп шығады. Кейде дәулер батырлармен достасып, ерлік жасауға шарапатын тигізеді. Дәулердің шешелері де алыптар, бірақ олар адамдарға достық ниетте. Олар бақытсыз бейбақтарды паналатады, адамжегіш ұлынан қорғайды. Сайтандар сияқты, дәулердің де мүйіздері болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *