АПОЛЛОННЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУI

АПОЛЛОННЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУI
Жарық сәуле құдайы, алтын бұйра шашты Аполлон Делос аралында туды. Оның шешесi Латонаны әйел құдай Гера қуғындап ешбiр жерден пана таба алмады. Гера жiберген аждаҺа Пифон қыр соңынан қалмай қуған ол бүкiл әлемдi шарлап, ақыры сол кездерi буырқанған теңiз толқындарында ағып жүрген Делосқа келiп тығылды. Латонаның Делосқа аяқ басуы-ақ мұң екен, кенет, теңiз тұңғиығынан орасан зор бағандар көтерiлдi де, құлазыған осынау аралды бiр орынға тоқтатып жылжытпай қойды. Ол қазiрге дейiн сол тұрған орнында мiз бақпай тұр. Делостың айналасында теңiз шулап жатты. Ешқандай қылтанақ өспеген Делостың жалаңаш жартастары қарауытып көкке бой созады. Тек теңiз шағалалары ғана олардан пана тауып, жартастарды қайғылы үндерiмен жаңғырықтырып тұрады. Бiрақ, мiне, Аполлон құдай дүниеге келдi: жан-жақтың бәрi жарқырап жүре бердi. Айналадағының бәрi де: жағалаудағы жартастар да, Кинт тауы да, алқап та, теңiз де нұр шашып, жайнап кеттi. Дүниеге жаңа келген құдайды Делосқа жиналған әйел құдайлар бар дауыспен мадақтап, оған мәңгiлiк жүзiм шырыны мен шәрбат таситын болды. Әйел құдайлармен бiрге бүкiл табиғат шексiз шаттыққа бөлендi.

АПОЛЛОННЫҢ ПИФОНМЕН ШАЙҚАСЫ ЖӘНЕ ДЕЛЬФЫ СӘУЕГЕЙЛIГIНIҢ НЕГIЗIН САЛУЫ
Жап-жас, жүзi нұр жайнаған Аполлон қолына кифарасын ұстап, иығына күмiс садағын асып алып, шұғыла аспанмен самғап ұша жөнеледiө оның қорамсағындағы алтын жебелер сыңғыр қағады. Шат-шадыман, асқақ көңiлдi Аполлон жер бетiнен биiкте самғап ұшып, барлық зұлымдық атаулыға, қара түнек тудырған күллi жамандық атаулыға кәрiн тiгумен болды. Ол өзiнiң анасы Латонаны қуғындаған Пифон тұрған жерге жетуге асықтыө аждаҺаның анасына жасаған барлық жауыздығы үшiн кек алмақшы болды.
Аполлон Пифон мекендейтiн тұнжыраған шатқалға тез-ақ жеттi. Жан-жақтың бәрi аспанға шаншылған биiк құз-жартастар едi. Шатқал қап-қараңғы болып үңiрейiп тұратын. Оның түбiнде көбiк атып буырқанып тау өзенi ағып жатады, ал оның үстiн тұман торлап тұрады. Түрi жан шошырлық Пифон өз үңгiрiнен жорғалап шықты. Оның қабыршақ басқан алпамсадай зор денесi жартастардың арасында сансыз сақина боп шиыршық атып жатты. Жартастар мен таулар оның салмағынан теңселiп, орындарынан жылжыған тәрiздендi. Ашуға булыққан Пифон жолындағының бәрiн жапырып, жан-жағына ажал себумен болды. Хор қыздары мен тiршiлiк иелерiнiң бәрiн үрей билеп қашып жатты, ызалы Пифон басын көтерiп, арандай аузын ашты да, Аполлонды жұтып қоймақшы болды. Сол кезде күмiс садақ адырнасы зың етiп тартылды да, мүлт кетудi бiлмейтiн алтын жебенiң ұшы жылт еттi. Одан соң екiншi, үшiншi жебе де кеттi. Жебелер Пифонға жаңбырдай жаудыө ақыры ол демi бiтiп, жерге сылқ етiп құлады. Пифонды жеңген алтын бұйра шашты Аполлонның салтанатты жеңiс әнi (пэан) естiлдi, сол сәтте оған кифарасының алтын шектерi де сыңғырлап үн қосты. Аполлон Пифонның денесiн қазiр қасиеттi Дельфы тұрған жерге көмдi де, Дельфiде ғибадатхана мен әкесi – Зевстiң әмiрiн адамдарға болжам жасап, бiлдiрiп тұратын сәуегейлiк негiзiн қалады..
Құзар биiк жағалауда тұрып, Аполлон алыста, теңiз төрiнде кетiп бара жатқан Крит теңiзшiлерiнiң кемесiн көрдi. Дельфинге айналды да, ол көк теңiзге қойып кеттi, кеменi қуып жетiп, үстiне таң жұлдызы боп ұшып шықты. Аполлон кеменi Криса19 қаласының айлағына әкелдi, Крит теңiзшiлерiн құнарлы алқап арқылы Дельфыға қарай бастап жүрдi. Ол бұларды өз ғибадатханасының алғашқы абыздары еттi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *