Қолма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі.
Ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады.
Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім-шарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім-шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық функцияларының бірі өз клиенттеріне әртүрлі банктік қызмет көрсету үшін қажетті (қолма-қолсыз) ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Шоттардың әртүрлі түрлерін ашуда (есеп айырысу, ағымдағы, депозиттік және т.б.) өз клиенттеріне коммерциялық банктер олардың тапсырмалары бойынша сәйкес төлем құжаттарының бар болуында клиент шотынан құжатта көрсетілген соманы қабылдайды және қажетсіздендіріледі.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдардың жекелігі әртүрлі меншік формалары кәсіпорындары арасындағы, сонымен қатар жеке тұлғалар арасындағы шаруашылық байланыстардың көптүрлілігі және дамытуды нығайтуды ұсынады. Мұндай байланыстар қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылады.
Субъектілер барлық шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін және басқа субъектімен есеп айырысу үшін өз ақша қаражаттарын банкте ашылатын арнайы шоттарда сақтайды.
Банкаралық есеп айырысуларды жүргізгенде екінші деңгейдегі банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және жеке, заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері есеп айырысу шотын және ағымдағы шот ашады. Банктік шотты ашу банк пен шот иесі арасында банктік шоттың келісімін жасаумен жүргізіледі. Онда орындалатын операциялардың тізімі және қосымша қызметтер мен төлем тәртібі, сонымен қатар клиент реквизиттері және банкпен шаруашылық субъектіге берілген жеке код көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының «Ақшаларды төлеу және аудару туралы» Заңына сәйкес ақшасыз есеп айырысулардың келесідей түрлері қолданылады:
-чектер беру;
-төлем карточкасын пайдалану;
-төлем тапсырмасын көрсету;
-төлем талап-тапсырмасын көрсету;
-инкассалық бұйрықтарды көрсету;
-банктік шотты тура дебеттеу;
-республиканың заңдылық актілерімен бекітілген басқа тәсілдер;
-есеп айырысудың аккредитивті формасы.
- Төлем тапсырмасы және төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысулар есебі.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысулар ақшасыз есеп айырысулардың көп таралған түрі болып табылады.
Төлем тапсырмасы – бұл субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы бұйрығы болып табылады. Төлем жасаушы банкке белгіленген формадағы бланкілер ұсынылып, оған қажетті құжаттар тіркеледі.
Егер төлем тапсырмасы бойынша төлем акцепсіз тәртіпте төленетін болса, төлеуші шотында қаржылар жеткіліксіз болғанда , қалдық шамасында бөлшектеп төлеу жүргізіледі, бөлшектеп төлеу мемориалды ордермен жүргізіледі және төлем тапсырмасының екінші жағында қалдықпен төлеу күні көрсетіледі. Төленбеген сома 7303 «Уақытында төленбеген есеп айырысу құжаттары» баланстан тыс шотына кірістеледі.
Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:
- Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі жазба құрылады:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» ақша жөнелтуші
Кт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» бенефициар
- Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әртүрлі банк қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»
Кт шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есеп шоты»
немесе
Кт шот 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоты»
- Есеп айрысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»
Кт шот 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер».
Төлем талап- тапсырмасы – қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары негізінде жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы бенефициардың жөнелтушіге берген талабы.
Төлем талап- тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және төлем құжаттарының негізінде келісім шарт бойынша жөнілтілген өнімдердің, көрсетілген қызметтердің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді, ол белгілі формадағы бланкіде жасалады.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланке жазып, бенфициар банкіне немесе жөнелтуші банкке реестрмен бірге төрт данада ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада жасалады.
Төлем талап тапсырмасымен есеп айырысудың құжат айналымы келесідей:
Төлеуші банкі Сатып алушы банкі
Төлеуші- сатып алушы Сатып алушы- жабдықтаушы