ГЛОССАРИЙ
Бухгалтерлік есеп – бұл “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.
Банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының, ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні – жекелеген әдістерді сипаттайтын, құрамында өзгеріс тудыратын, мүлікті және оның қалыптасу көздерін орналастыратын шаруашылық операциялары болып табылады.
Банктердегі бухгалтерлік есептің объектісі біріңғай ақшалай өлшеммен бейнеленетін тұтас оның жарғылық қызметі болып табылады және меншікті негізгі және айналмалы құралдарды, олардың қалыптасуынан қайнар көздердің тартылған құралдарды, банктің жарғылық қызметін орындауда пайда болған процесстер, сонымен қатар қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің әдісі – осы пәннәң оқытылуы және танылуына әдістер мен амалдар болып табылады.
Банктегі бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты –банктердің жарғылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпарат мәліметтерімен қамтамасыз ету.
Банкішілік бақылау – жүргізілетін операциялардың заңдылығын және ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруға байланысты жазбаша бұйрық, бұл кейінгі бухгалтерлік есеп шотын анықтауға қызмет етеді.
Бухгалтерлік шоттар – бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтаудың негізгі бірлігі, яғни мүліктің шаруашылық операциялары жайлы ағымдық ақпарат жинақталатын жүйеленген экономикалық топтау.
Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есеп шотында сипатталған құралдар мен олардың құралу көздері туралы мәліметтерді белгілі бір мерзімге топтастыру.
Бағалау – бұл мүлік құнының және оның пайда болу көзінің ақшалай көрінісі.
Калькуляция – шығындарды топтастыруды қамтамасыз ететін және өзіндік құнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.
Екі жақты жазу — бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды тіркеу.
Түгендеу – негізгі құраладрды, материалдық емес активтерді, ақша қаражатын, есеп айырысуларды және олардың есеп беру мәліметтерімен сәйкес келуін тексеру операциялары.
Есеп беру – кәсіпорын қызметінің белгілі бір кезеңдегі қорытындысын сипаттайтын есетілік қорытынды көрсеткішінің жүйесі.
Банктің қаржылық есептілігі – пайдаланушыларға бухгалтерлік есепте жинақталған, өңделген банк қызметі жөніндегі экономикалық ақпаратты мерзімдік ұсынудың маңызды әдісі.