Банкте есеп-операционды жұмыстың мәні.

Банкте есеп-операционды жұмыстың мәні.

 

Банктегі   бухгалтерлік  есептің   негізі   операциондық   жұмыc болып табылады. Оған келесілер жатады:

            -банк клиенттерінің ақшалай құжаттарын қабылдау және дұрыстығын тексеру;

            -бухгалтерлік есепте бейнелеу үшін құжаттарды дайындау;

            -ақшалай қаржылардың және төлемдердің түсуінің жедел есебі;

            -төлемдердің мерзімділігін бақылау;

            -банк ссудалары бойынша қарыздарды реттеу үшін мәліметтер есебі;

            -ақшалай қаржылардың аударылуын бақылау.

            Банктердегі операциялық жұмыс әртүрлі және күрделі, ол ақшалай есеп айырысу формаларының көп болуынан, ссудаларды беру және жою тәсілдері мен ережелерінен, төлемдерді жүзеге асырудың көптүрлігінен көрінеді. Операциялық жұмыс процесінде  кассалық, есеп айырысу және басқадай ақшалай қаржылар мен төлемдердің жүзеге асырылуына бақылау жасалады.

            Күнделікті операциялық жұмысты орындау және оған байланысты бухгалтерлік есепті жүргізу есеп-операциондық жұмыс деп аталады, сәйкес функцияларды орындайтын жұмысшылар – банктің есеп-операционды аппараты болып есептеледі.

            Есеп-операциондық жұмысты дұрыс  ұйымдастыру банкке міндеттелген барлық қызметтің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепте көрсетілген банктік операциялардың барлығы аяқталған болып саналады.

Банкте есеп-операциондық жұмысты ұйымдастыруға келесілер жатады:

  • есепті-операциондық аппаратты құру;
  • жұмыс күнін және құжаттар айналымын ұйымдастыру;
  • ішкібанктік бақылау.

 

  1. Банктің есеп-операционды аппаратының құрылуы.

 

Банктегі    бухгалтерлік       есеп     бөлімшесі   (бухгалтерия)  оперативті

бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есеп берушіліктерді жасайтын банктің арнайы бөлімшесі. Бухгалтерия банктің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бас бухгалтермен басқарылады.

            Есепті-операциондық аппарат құрылымында есептік топтар болуы мүмкін, олар экономикалық мазмұны бойынша біртекті шоттарды жүргізеді. Топтардың саны және құрамы банк қызметіне және оның масштабынан тәуелді болады.

            Мысалы, кленттердің шоттарын жүргізуді жауапты орындаушылардан тұратын операциялық бөлім жүзеге асырады. Олар банктің сенімді жұмысшылары болып саналады, яғни олар есепті- ақшалай құжаттарды толтырады және қол қояды.

            Шоттар және операциялар жауапты атқарушылар арасында бөлінген, арнайы кітаптарға тіркеліп отырады және бухгалтерлер және жұмысшылар қолымен рәсімделеді.         

            Банктегі есеп –операционды жұмысты банктің бас бухгалтері қамтамасыз етеді, ол ұйымдастырушылық сұрақтармен айналысады және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

            Бас бухгалтер келесілерді қамтамасыз етеді:

            -банкпен жүзеге асырылатын барлық операцияларды бақылау және бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу;

            -клиенттерге есеп айырысу, ағымдағы және басқа шоттарды ашу;

            -шоттар бойынша пайыздардың есептелуін бақылау;

            -жауапты атқарушылар арасында міндеттерді және бухгалтерлік есеп шоттарын бөлу;

            -банк басқармасын жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;

            -бухгалтерлік есептілікті уақытында құру;

            -банктің қаржылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асыру.

            Бас бухгалтер күнделікті келесілерді тексеріп отырады:

            -кассалық операциялардың дұрыстығын;

            -ақшаның кірістелуінің толықтығын;

            -күндік баланс пен айналым жиынтығын;

            -ақша-есептік құжаттардың қалыптасу және сақталу дұрыстығын.

            Бас бухгалтер бекітіліп берілген шоттар және мөрлерді көрсетумен банктің жұмысшы-бухгалтерлерінің лауазымды нұсқауларын құруға; кітаптарда, журналдарда операцияларды жүргізу және тіркеу тәртібімен таныстыруға және міндеттер мен құқықтарды бөлуге міндетті.

            Жауапты атқарушы бухгалтерлердің міндеттері:

            -ақшаларды есепке алу, аудару немесе беруге байланысты құжаттарды өңдейді;

            -операциялардың заңдылығын тексереді;

            -төлемдердің мақсатты тағайындалуын бақылайды;

            -чектерді, төлем тапсырмалары мен төлем талап тапсырмаларын рәсімдейді;

            -еңбек ақыны есептеу туралы анықтаманы қабылдайды;

            -есеп айырысулар тәртібінің орындалуын қадағалайды.

            Барлық өңделген құжаттар жауапты атқарушылардың қолымен міндетті түрде расталуы тиіс.

            Банктердің мамандануы мен шамасынан  және орындалатын операциялар көлемінен бухгалтерлік аппаратты ұйымдастырудың  әртүрлі варианттары болады. Банк бухгалтериясының келесідей бөлімдері болады: операциондық, валюталық, несиелік, депозиттік, бағалы қағаздар, банкішілік бақылау және т.б.

           

  1. Жұмыс күнін және құжат айналымын ұйымдастыру.

 

Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру келесідей жағдайлардың орындалуын қамтамасыз етуі керек:

            -операциондық уақыт ағымында клиенттерден құжаттармен қабылданған барлық операциялар бухгалтерлік есепте сол күні сол сәтте бейнеленеді (операциялық уақытты банк өзі ерікті құрады, тәртіп бойынша 3,5-4 сағат аралығында);

            -өңделген құжаттарды компьютерлік жүйеге жіберу график бойынша жұмыс уақытында жүзеге асырылады, бірақ ағымдағы күн аяқталғанға дейін 1,5-2 сағаттан кем болмауы керек;

            -бухгалтерлік күнделікті баланс  келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуы қажет;

            жұмыс күнінің аяқталуына 2 сағат қалғанда инкассаға қабылданған төлем тапсырмалары сол күні банк мекемесіне төлеуші шотының орналасқан жеріне жіберілуі тиіс, ал операциялық уақыт аяқталғаннан кейін келіп түскен құжаттар келесі жұмыс күнінің бухгалтерлік есебінде көрсетіледі.

            Банктегі есеп-операциондық жұмысты ұйымдастыру клиенттерге жедел және нақты қызмет көрсетуге, бухгалтерлік есепте барлық банктік операциялардың уақытылы және қатесіз көрсетілуіне бағытталған. Бухгалтерия жұмысшыларының жұмыс күнінің ұйымдастырылуына бас бухгалтер жауап береді.

           

         Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға жауап беріңіз.    

             1.Банктегі есеп-операционды жұмыстың мазмұны туралы айтыңыз.

  •  Есеп- операционды аппаратты құрудың мәні не?

 3.Банктегі жұмыс күні қалай ұйымдастырылған?

       

Әдебиеттер:  (1) 34-50     бет,  (2) 18-28 бет

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *