Банктердегі бухгалтерлік есептің әдістері
Банктердегі бухгалтерлік есепке анықталған талаптар қойылады, мысалы, дәлдік, объективтілік, қатаң негізділік, толықтық, уақыттылық, үнемділік.
Басты талап – экономикалық ақпарат жүйесі мен әдістемелік бірлік.
Бухгалтерлік есептің әдістері негізіне тексеріп, бақылау жұмыстарын нақтылы жүзеге асыру мақсатымен қолданылады.
Банктердегі бухгалтерлік есептің әдісінің негізгі элементтері келесілер болып табылады: құжаттау мен түгендеу, бағалау мен калькуляциялау, шоттар мен екі жақты жазу, баланс пен есеп беру.
Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқы тіркеу. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады.
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу — бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.
Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады.
Екі жақты жазу– бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі шотта жазылады.
Бағалау – құралдарды және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізіне нақты шығындар жатады.
Калькуляция — өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу — өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.
Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есептің әдістерінің элементі ретінде банк қаржылары және ресурстары туралы ақпараттардың топтастырылған ағымын көрсетеді. Банк қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі банк қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.
Есеп берушілік – белгіленген кезеңде банктің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Банк қызметі туралы кезеңдік жалпылауыш ақпараттар бухгалтерлік есеп берушілікпен қамтамасыз етіледі. Есеп берушіліктің формаларына баланс, пайда және зиян туралы есеп, акционерлік капиталдың қозғалысы туралы есеп, ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есеп жатады.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері банктің қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.