Банктердегі бухгалтерлік есептің принциптері

Банктердегі бухгалтерлік есептің принциптері

 

Банктегі бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – есеп жұмысының сапасын арттыруға, есеп жұмыстарының қарапайымдылығына, оның көрсеткіштерін орынды пайдалануына қарай жүргізіледі. 

Банктегі бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты –банктердің жарғылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпарат мәліметтерімен қамтамасыз ету.

Банктер экономиканың спецификалық саласы болып табылады, дегенмен де активтер және  пассивтер есебі, табыстар мен шығындарды анықтау үшін келесідей принциптер қолданылады.

  1. Екіжақтылық
  2. Ақшалай өлшем
  3. Кәсіпорынның дербестігі
  4. Үздіксіздік
  5. Өзіндік құндылық
  6. Кертартпалық
  7. Материалдық
  8. Өткізімділік
  9. Сәйкестік

Екіжақтылық принципі. Бұл келесі ережелерге сүйенеді: ұйымның қаржысы

оның міндеттемелері мен капиталының сомасына тең.

            Әрбір құбылысты екі жағынан қарастыруға болады. Мысалы, компания тауарды несиеге сатып алған кезде оған ие болады және бір мезгілде келешекте қайтаруға міндетті несиелік қарызға алады. Екі жақты жазу осы екі сәтті де қамтиды: активтер шоттың сол жағында, пассивтер оң жағында. Кез келген жағдайда екі құбылыс бір-біріне қарама- қарсы, ал баланс оларды теңестіруі керек.

Ақшалай өлшем принципі.   Ақшалай   сипаттағы    мәліметтер   бухгалтерлік

 жазбада көрініс табады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық операциясы өлшемінің нақты шаруашылық бірлігіне әсер етумен байланысты. Барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепте ақшалай өлшемде көрметіледі.

Кәсіпорынның дербестік принцип. Банктің бухгалтерлік шоттары олардың иелері мен жұмысшыларының бухгалтерлік шоттарынан бөлек болуы керек. Бухгалтерлік есепті жүргізуші банк, заңды түрде дербес, өздрінің меншік қатынасыныан тәуелсіз. Банктің меншігі ол құрылтайшылардың меншігі емес, ал құрылтайшылардың меншігі банктің меншігі болып табылмайды. Бұл бухгалтерлік есептің барлық жүйесіне тән принцип. Бұның негізі- меншік иесімен оның банкінің мүліктерін, міндеттемесін бейнелейтін шоттар бөлек көрсетілуі керек.  

Үздіксіздік принципі. Бұл принцип бойынша банк өз қызметін үздіксіз жалғастырады, яғни келешекте өз қызметін жүзеге асыра береді. Ол жойылуға немесе операциясын қысқартуға міндетті емес. Бір немесе бірнеше филиалдардың жойылуы немесе активтер сатылған жағдайда, келесі есепті кезеңде бұл активтер нақты сатылу құны бойынша есепке алынады.

Өзіндік құн принципі. Ұйым қандай да болмасын бір құралдарды сатып алғанда, оларды сатып алуға кеткен, бухгалтерлік есепте көрсетілетін шығыстар және осы құралдардың өзіндік құны болып аталады. Бухгалтерлік есепте барлық шаруашылық құралдар нарықтық бағасымен емес, өзіндік құнымен көрсетіледі. 

Сақтық принципі. Сақтық принципіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте айтарлықтай сақтықпен бағаланады және көрсетіледі, себебі банктің қаржылық жағдайына төніп тұрған қауіпті тәуекелді келесі кезеңге аударып жібермеуге тырысады. Демек:

а) есепті кезеңде аяғына дейін нақты алынған табыстар ғана есеп беруде көрсетіледі;

б) есепті кезеңде немесе өткен кезеңде анықталған күтілетін барлық міндеттемелер және әлуетті жоғалтулар, тіпті есептік мерзімнің аяғынан кейін қаржылық есеп беруге дейін пайда болса да тәуекелді жабуға резервте көрсетілуі керек. Бұндай жағдайда сақтық принципі капитал саласының өсуін мынадай жағдайда ғана мойындайды, осы жағдай толық анықталғанда, капитал сомасынынң азаюы толық анық болғанда таниды.

 Материалдылық принцип. Банк басшысына және инвесторға шешім қабылдау үшін пайдалы барлық материалдық немесе маңызды ақпараттар қаржылық есепте көрсетілуі керек.

Егер ақпараттардың жоқтығы немесе бұрмаланып берілуі есеп ақпараттарын беруге пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізе алса, ақпарат материалды болып табылады. Сондықтан материалдылық принципі маңызды емес жағдайларды жаңалықтарды ескермейді, тек барлық маңыздыларды тіркеп отырады.

Сатып-өткізу принципі. Бұл принцип табысты қай кезде есепке алу керектігін анықтайды. Ол бойынша өткізуден түскен табыс ақшаны алған кезде емес, өткізу жүзеге асырылған кезде, яғни қызмет көрсету жүзеге асқан сәтте және тұтынушыға өнімді жеткізген кезден есептеледі.

Сәйкестілік принципі. Бухгалтерлердің негізгі міндеті есепті кезеңдегі пайданы есептеу болып табылады. Пайда дегеніміз берілген есепті мерзімдегі табыс пен шығыс арасындағы айырма. Сәйкестілік принципі есепті кезеңдегі шығыстың есебін реттейді. Оның мағынасы: күрделі табыс алумен байланысты шығыстар әртүрлі шығындардың жиынтығынан тұрады. Яғни табыстар және оған сәйкес шығыстар бір есепті кезеңде көрсетілуі керек.

 

            Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

            Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға жауап беріңіз.    

1.Банктегі бухгалтерлік есеп деген не?

2.Банк қызметінің қандай ерекшеліктерін білесіз?

3.Бухгалтерлік есеп  объектісі не ?

4.Бухгалтерлік есептің түрлерін атаңыз.

5.Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?

    6.Бухгалтерлік есептің қандай принциптерін білесіз? 

 

Әдебиеттер:  (1)  5-25 бет,  (2)  6-18 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *