«1С: Кәсіпорын» программасының режимдері.
1С төрт режимде іске қосылуы мүмкін:
— Кәсіпорын – ақпараттық базаны қолдану режимі. Бұл режимде жай қолданушылар жұмыс жасайды, мәліметтер енгізеді, есеп берулерді басады және т.б. Бұл режимде конфигурациялар режимін өңдеуге болмайды.
— Конфигуратор – конфигурациялау (программалау) режимі. Бұл режимде программистер жұмыс істейді, жаңа анықтамалар, есеп берулер құрайды, программалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға мәліметтер енгізуге болмайды.
- Монитор – берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс істеп отырған қолданушыларды бақылау режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркеу журналында тіркеледі. Монитор режимінде нақты қолданушының нақты объектіге қатысты жасалған барлық операциялыр жиынтығын алуға болады, және де сүзгілеудің басқа да шарттарын енгізуге болады.
Дұрыстаушы – программамен қиындықтар болған жағдайға негізделген программистерге арналған бағдарлама. Мұнда программаның нақты жүрістеріне қарай бөліп қарастыруға болады. Бұл кезде программа Кәсіпорын режимінде орындалады. 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигураторы 1С-тің іске қосылуының арнайы режимі болып табылады, және ол құрастырушы программистерге арналған. Бұл режимде өндеуші мәліметтер базасында, программалық модульдерді, құрылымын түзетеді немесе құрастырады, әкімшілік жұмыстарды жүргізеді. Конфигурация режимінде ақпараттық базаға, мұрағаттардан мәліметтерді енгізуден басқа, мәліметтерді енгізуге болмайды. Жай қолданушылар басқа «Кәсіпорын» режимінде жұмыс жасайды. Бұл режимде мәліметтерді енгізуге, анықтамаларды толтыруға, құжаттарды енгізуге, еесп берулерді құрастыруға және түзетулерді енгізуге болады. Кәсіпорын режимінде конфигурациялар құрылымын түзетуге болмайды.
Сонымен негізгі ереже:
Конструктор режимінде – мәліметтер базасының құрылымын анықтаймыз және программалар жазамыз.
Кәсіпорын режимінде – біз программаны қолданамыз және мәліметтер енгіземіз.
1С тілі Бейсик тіліне өте ұқсас, барлық негізгі кілтті сөздерді орысша жазуға болады.
1С тілінің конструкциясы |
Ескерту |
Процедура РассчитатьНалог(Сотрудник, НекаяДата) КонецПроцедуры |
Қарапайым процедура. КонецПроцедуры сөзінен кейін нүктелі үтір керек емес, себебі ол оператор емес, ол операторлық жақша |
Функция РассчитатьНалог(Сотрудник, НекаяДата) Возврат Налог; КонецФункции |
Функция нәтижені міндетті түрде қайтаруы тиіс |
Если Оклад > 10000 Тогда |
Қарапайым шарт. КонецЕсли сөзінен кейін нүктелі үтір қойылуы керек, өйткені оператор Если осылай аяқталуы керек |
Результат = ?(Оклад > 10000, «Нормально»,»Плохо»); |
Қысқартылған Если. |
Если Оклад > 50000 Тогда |
Көпшілік шарт. Егер бірінші шарт орындалмаса, онда екіншісі тексеріледі. Егер екінші шарт орындалмаса, онда үшіншісі. Егер шарттардың ешқайсысы орындалмаса, онда Иначе блогы орындалады. |
Если (Оклад > 50000) И (КодКатегории = 2) Тогда КонецЕсли; |
Құрамды логикалық өрнекте жақшалар міндетті түрде! (8.0 версиясында міндетті емес) |
Пока Номер <= 50 Цикл КонецЦикла; |
Жәй цикл Пока қарапайым циклі (белгісіз санмен қайталану циклі). КонецЦикла сөзінен соң нүктелі үтір болуы керек, себебі Пока операторы осылай аяқталады. |
Для Номер = 1 По 50 Цикл КонецЦикла; |
Для қарапайым циклі (белгілі санмен қайталану циклі).
|
Перейти ~метка; <…> ~метка: |
(GOTO) шартсыз ауысу операторы және белгілер осылай безендіріледі. Сіздің программаңызда белгі аз болса соғұрлым жақсы. |
Пока <условие> Цикл Если <условие> Тогда КонецЦикла; |
Продолжить операторы басқаруды цикл басына береді. |
Пока <условие> Цикл Если <условие> Тогда Прервать; КонецЦикла; |
Прервать операторы циклдан уақытынан бұрын шығуды жүргізеді. Басқару цикл соңы операторына беріледі. |
Перем Сотр; |
Айнымалыларды анық хабарлау. |
Номер = 1; |
Айнымалыларды анық хабарламауға болады. Бірінші мәнді меншіктеу кезінде жаңа айнымалы құрылады. |
ФИО = Фамилия + » » + Имя + » » + Отчество; |
Жолдарды қосу |
НекаяДата = ‘01.01.2007’; |
Мерзімді сақтайтын айнымалы. |
Перем глТекущийПользователь Экспорт; |
Глобальды модульде глобальды айнымалыны хабарлау. Мұндай айнымалылар конфигурацияның кез келген орнында қолайлы. |
Попытка а = 10 / 0; Исключение Предупреждение(«Деление на ноль!»); КонецПопытки; |
Ерекше жағдайларды өңдеу. Егер Попытка және Исключение сөздерінің арасында операторлардың орындалу уақытында қате болатын болса, онда басқару Исключение және КонецПопытки сөздерінің арасындағы операторларға беріледі. Егер қате болмаса, онда басқару КонецПопытки сөзінен соңғы операторларға беріледі. |
//это комментарий |
Түсініктемелер осылай безендіріледі. |
СпрСотр.ВыбратьЭлементы(); |
Объектіні шақыру әдісі, әдетте нүкте арқылы орындалады. |
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигураторы қандай?
2.Бағдарламаның ішкі жүйелері қалай қалыптасады?
- 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигурацияларының мүмкіндіктері?
4.Қосымша ақпаратты тіркеу қалай жүргізіледі?