Әскерлер мен барлаушы жасақтардың қолбасшылары және оларға не істеулері керектігін өсиет ету жайында
1115. Бурайдадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) әскерге не барлаушы жасаққа қолбасшы тағайындаған кезде, оның жеке өзіне Аллаһтан қорқуды және өзімен бірге болған мұсылмандарға жақсы қарым-қатынас жасауды1 өсиет ететін. Содан кейін ол: «Аллаһ жолында Аллаһтың есімімен жорыққа аттаныңдар және Аллаһқа кәпір болғандармен соғысыңдар. Жорыққа аттаныңдар, бірақ әлі бөліске салынбаған олжадан жымқырмаңдар, келісімді бұзбаңдар, (жаудың) денелерін қорламаңдар2 және жас балаларды өлтірмеңдер. Мүшріктерден жауыңды кездестірген кезіңде, оларды үш нәрсеге шақыр. Олар сенімен осылардың қайсысына келіссе де, олардан (оны) қабылда және оларға тиіспе. Содан кейін оларды Исламды қабылдауға шақыр, егер олар сенімен (осыған) келіссе, (оны) қабылда және оларға тиіспе. Содан кейін оларды өздерінің жұрттарынан муһажирлердің жұртына3 көшуге шақыр және егер осыны істесе, оларға муһажирлерге тиесілілердің тиесілі болатынын4 әрі оларға муһажирлерге міндеттілердің5 міндетті болатынын хабарла. Егер олар (өздерінің жұрттарынан) көшуден бас тартса, оларға мұсылмандардың далалықтары6 сияқты болатындарын хабарла. Оларға Аллаһтың
1 Яғни оларға жұмсақтықпен және кеңпейілділікпен мәміле жасауды (әс-Синди).
2 Мұнда жазалау үшін тірі не өлген жаудың мұрнын, құлағын, жыныс мүшесін т.б. дене мүшелерін кесіп қорламау керектігі айтылған.
3 Мәдинаға.
4 Олар өздерінің отандарынан Мәдина қаласына қоныс аударса, олар муһажирлер сияқты жорыққа шықпаса да, соғыстан түскен олжадан және соғыссыз түскен олжадан алуға т.б. құқықтарға ие болады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) муһажирлердің шайқасқа араласпағандарына да осындай олжалардан қаражат бөлетін. Әл-Хаттаби: «Муһажирлер әртүрлі тайпалардан құралған адамдар еді. Олар Аллаһ үшін өз отандарынан қоныс аударып, отан ретінде Мәдина қаласын таңдаған. Мәдинада олардың көпшілігінде егіндік жер, сауындық мал жоқ болатын. Сондықтан да Аллаһ елшісі (с.а.с.) көзі тірісінде Аллаһ өзіне соғыссыз олжалап бергендерден оларға қаражат бөлетін. Ал шайқасқа қатыспаған бәдәуилер мен далалықтардың мұнда үлесі болмаған. Олардың бірі шайқасқа қатысса, өзіне тиесілі үлесті алатын да, еліне қайтып, солардың арасында тұратын», – деп айтқан (қ.: «Аун әл-Маъбуд»).
5 Жорыққа шығу т.с.с.
6 Мұнда шөл даладағы өздерінің жұрттарында қалған, бірақ кәпірлердің жерінде тұрмайтын, жорықтарға қатыспайтын мұсылмандар туралы айтылған.
мүміндерге жүретін үкімі жүреді1. Оларға мұсылмандармен бірге шайқаспаса, соғыстан түскен олжадан және соғыссыз түскен олжадан2 еш нәрсе тиесілі болмайды. Егер олар (Исламды қабылдаудан) бас тартса, олардан жизия салығын төлеуді талап ет3. Егер олар сенімен (осыған) келіссе, (оны) қабылда және оларға тиіспе. Егер олар (бұдан да) бас тартса, Аллаһтан жәрдем тіле және олармен соғыс. Егер қамал тұрғындарын қоршауға алған кезіңде, олар сенен өздеріне Аллаһтың
1 Әт-Тирмизидің риуаятында: «Оларға бәдәуилерге жүретін (үкім) жүреді», – делінген. Бұл үкімде – намаз оқу, зекет төлеу т.б. міндеттер және қысас қайтару, құн төлеу т.с.с. үкімдер (қ.: «Тухфат әл-ахуази»).
2 Фақиһ ғалымдар (хадистің арабша мәтініндегі біз «соғыссыз түскен олжа» деп тәржімалаған) «фай» сөзіне мынадай анықтама береді: ол – кәпірлердің дүние- мүлкінен құқылы түрде соғыссыз алынған заттар. Кәпірлердің мұсылмандардан қорыққаннан тастап қашқан дүние-мүліктері де осы сияқты. Мұндай олжаның
«фай» (қайтқан дүние) деп аталуының себебі: бұл мүліктер оған құқылы емес кәпірлерден оған толық құқылы мұсылмандардың қолына қайтады. Фай түріндегі олжаның жалпы үкімі, Аллаһ тағала айтқандай: «Аллаһ елді мекендердің тұрғындарынан Өз елшісіне олжа етіп берген дүниелер Аллаһқа, Елшіге, (оның) жақындарына, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға тиесілі» (Хашр, 7).
3 Жизия – мұсылмандардың қарамағында өмір сүретін басқа дін өкілдері төлеуі тиіс жан салығы. Мәлик, әл-Аузағи және олардың пікірін қостаушылар мұны араб әлде басқа ұлт болсын, кітап түскен дін өкілі болсын, мәжуси әлде т.б. болсын кез келген кәпірден жизия салығын алуға рұқсат етілетініне дәлелге тартқан. Әбу Ханифа (Аллаһ оған рақым етсін) «арабтардың мүшріктері мен мәжусилерінен басқа барлық кәпірлерден жизия алынады» деп есептеген. Ал әш-Шафиғидің пікірінше, қай ұлт екеніне қарамастан кітап түскен дін өкілдері мен мәжусилерден басқалардан жизия алынбайды. Ол бұған «Тәубе» сүресіндегі: «Кітап берілгендерден Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірмейтін, Аллаһ және Оның елшісі тыйым салғандарды тыйым салынған деп санамайтын және ақиқат дінін ұстанбайтындармен кішірейген күйлерінде қолдан жизия бергендеріне дейін соғысыңдар» (Тәубе, 29) деген аятты және Мұхаммед ибн Әлиден риуаят етілген хадисті дәлелге келтірген. Хадисте Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) мәжусилер жайлы сөз қозғап: «Олардың ісіне қатысты қалай ететінімді білмеймін», – дегенде, Абдур-Рахман ибн Ауф (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Оларға кітап иелерінің үкімін қолданыңдар», – деп айтқанына куәлік беремін», – деген (Мәлик). Ол біз қарастырып отырған хадистегі
«жизия алу» кітап түскен дін өкілдеріне қатысты деп түсінген. Өйткені «мүшрік» сөзі кітап түскендерге де қолданыла береді. Ғалымдар жизия салығының мөлшері жөнінде де пікір қайшылығына түскен:
1) Әбу Ханифа мен басқа да куфалықтардың және Ахмадтың пікірінше, жизия салығы ретінде бай адамнан қырық сегіз дирһам, орта жағдайдағы адамнан жиырма төрт дирһам, ал кедей адамнан он екі дирһам алынады.
2) Әш-Шафиғи «оның ең аз мөлшері – бай адамның да, кедей адамның да әр жылы бір динар төлеуі, ал одан артығы өзара келісім арқылы болады» деп есептеген.
3) Мәлик оның мөлшерінің алтын иелерінен төрт динар, күміс иелерінен қырық дирһам екенін айтқан (ән-Нәуәуи).
келісімін және Оның пайғамбарының келісімін беруіңді қаласа, оларға Аллаһтың келісімі мен Оның пайғамбарының келісімін берме1, алайда оларға өзіңнің келісімің мен жолдастарыңның келісімін бер. Өйткені сендерге өздеріңнің келісімдерің мен жолдастарыңның келісімін бұзуларың Аллаһтың келісімі мен Оның елшісінің келісімін бұзуларыңа қарағанда жеңілірек. Ал егер қамал тұрғындарын қоршауға алған кезіңде, олар сенің өздерін Аллаһтың үкіміне жүгіндіруіңді қаласа, оларды Аллаһтың үкіміне жүгіндірме, алайда оларды өзіңнің үкіміңе жүгіндір. Өйткені сен оларға қатысты Аллаһтың үкіміне дөп түсесің бе, жоқ па
– білмейсің», – дейтін», – деп айтқан.
Абдур-Рахман2: «Осылай не осы сияқты», – деген (1731/3).