Ұйым шотының есеп айырысуынан жеткізушіге ақша құралдарын аудару: төлем тапсырысы

Ұйым шотының есеп айырысуынан жеткізушіге ақша құралдарын аудару: төлем тапсырысы

Ұйым шотының есеп айырысуынанақша құралдарын есептен шығаруы  «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-де «Төлем тапсырысы» құжатында бейнеленген.

«ТМҚ және қызмет көрсетуге түсім» құжаты негізінде  «Төлем тапсырыс» құжатын құрыңыз. Ол үшін «ТМҚ және қызмет көрсетуге түсім» құжатының тізімінен алдында құрылған құжатты белгілеп алып, мына  батырмаға басыңыз (немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, жаңадан ашылған менюдің ішінен «На оснавании» таңдаңыз). Көрсетілген тізімнің ішінен «Төлем тапсырыс» құжатын таңдап алыңыз.    Автолматты түрде «Төлем тапсырыс» құжаты құрылады. Құжатта «ТМҚ және қызмет көрсетуге түсім» құжатының мәліметтері негізінде барлық негізгі реквизиттер толтырылған. Жетіспейтін реквизиттерді («Банк шоты», және «Ақша қаражаттарының қозғалыс құралдар статьясы»), суретте көрсетілгендей етіп толтырыңыздар:

 



«Төленген» атты жалауды құжаттың жоғарғы бөлігіне бекітіңіз.

    Төлем тапсырысының басып шығарылуы.

«Төлем тапсырысы (шығатын)» құжатынан төлем тапсырыссының формасы компьютерден басып шығару мен банкке тапсыру үшін шығарылады.

 Төлем тапсырыссын басып шығарар алдында «Басып шығару» атты қыстырмасында төлемнің тағайындалу мәтінін басып шығару қалыбына келтіру үшін түзетулер жүргізуге болады: мәтінді төлемнің тағайындалуына суреттегідей енгізіңіз:

 «Шығатын төлем тапсырысы» атты құжаттың төменгі бөлігіндегі «Жазып алу» пернесін басыңыз. Төлем тапсырысының басылған қалыбын алу үшін «Төлем тапсырысы» батырмасын басыңыз.

Төлем тапсырысының басып шығару қалыбын жабыңыз. «Шығатын төлем тапсырысы» құжатының төменгі бөлігіндегі «ОК» пернесін құжатты жүргізу мен қалыпты жабу үшін жабыңыз.

            Айдың жабылуы

Мерзімнің аяқталу процедурасы «Айдың жабылуы» құжатымен орындалады.

«Айдың жабылуы» атты құжат тізімін ашыңыз. Ол үшін «Негізгі қызмет» менюінде «айдың жабылуы» пунктісін таңдаңыз.

Ашылған тізімде жаңа «Айдың жабылуы» құжатын құрыңыз. Ол үшін  батырмасын ( немесе «Әрекет» менюіндегі «Қосуды» тандау арқылы немесе “Insert” пернесін) таңдаңыз. Құжатта айдың соңғы күнін белгілеңіз (мысалы 31.01.2006).

 

«Айдың жабылуы» құжатын жүргізу мен құжат формасын жабу үшін «ОК» пернесін басыңыз.

Бухгалтерлік

Бухгалтерлік және салықтық есептің шоттары бойынша қалдықтары мен айналымы бойынша мәліметтер алу

Бухгалтерлік және салықтық есептің шоттары бойынша қалдықтары мен айналымы бойынша мәліметтерді алу үшін «Қазақстан үшін 1С Бухгалтери 8,0»-де стандарттық есеп берулер қолданылады. («Есеп беру» менюі) Есептің әрбір түріне (бухгалтерлік, салалық) өзіндік стандарттық есеп берулердің жинағы қолданылады. Кез-келген есеп беру белгілі бір ұжым үшін немесе белгілі бір уақыт кезеңі үшін құрылуы мүмкін. «Айналымды-сальдо ведомосі» есеп беруінің стандарттық есеп беруінің құру процедурасын мысал ретінде көрсетейік.

«Айналымды-сальдо ведомосі» атты есеп беруде бухгалтерлік есептің әрбір шарты үшін мерзімнің басы мен аяғына қалдықтар жайында және берілген мерзімдегі дебет пен кредит бойынша айналымдар жайында ақпарат бар.

1.Есеп беруді құру үшін менюдағы «Есеп берудің» «Айналымды-сальдо ведомосі» пунктісін таңдаңыз.

 

2.Есеп берудің керекті мерзімін бекіту үшін «Мерзім (период)» өрісінің оң жағындағы пернені басыңыз. Ашылған терезеде суретте көрсетілгендей есеп берудің мерзімін бекітіңіз. Мерзімді баптау терезесінің төменгі бөлігіндегі «ОК» батырмасын басыңыз. Есеп берудің басқару тақтасындағы «Қалыптастыру» батырмасын басыңыз.

 

3.Айналымды-сальдо ведомосін қараған кезде керекті шот бойынша терең ақпарат алуға болады. Егер шот жазылған жолды тышқан пернесімен екі рет сырт еткізсе, компьютердің экранында берілген шот үшін құрылған бірнеше есеп берудің біреуін таңдау үшін тізім шығады, мысал, «Шот бойынша айналымды-сальдо ведомосі».

4.1200 «Қысқа мерзімді дебеторлық қарыз» шоты бойынша «Айналымды-сальдо ведомосі» есеп беруін алу үшін 12010 шоты жазылған жолды екі рет тышқанмен сырт еткізіңіз. Ашылған тізімде «1200 шоты бойынша ҚАВ» таңдаңыз.



Нәтижесі:

5.Арнайы сұхбат терезеде есеп беру қалыпының басқару тақтасындағы «Баптау» батырмасы арқылы есеп берудің бөлшектенуінің әртүрлі жағдайларын жасауға болады.

Субшоттар бойынша есеп берудің мәліметтерін бөлшектендіру үшін «Баптау» батырмасын басыңыз және баптау терезесінде «субшоттар мен субконто бойынша бөлшектендіру» жалауын бекітіңіз. Баптау терезесіндегі «ОК»  батырмасын басыңыз.



Нәтижесі:

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

  1. 1С:Бухгалтерия жүйесіндегі негізгі құралдар есебі қалай есептеледі?
  2. Өндірістік шоттар бағдарламада қалай қалыптасады?
  3. 1С:Кәсіпорын жүйесінің өндірістік шоттарды есептеу реті?
  4. Өндірістік шоттарды тіркеу қалай жүргізіледі?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *