Қоныс аудару қиынға соққан адамға жақсылық істеуді бұйыру
1191. Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Бір бәдәуи Аллаһ елшісінен (с.а.с.) қоныс аудару туралы сұрағанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сорың құрысын, ақиқатында, қоныс аударудың жағдайы қиын. Сенің түйелерің бар ма?» – деді. (Бәдәуи): «Иә», – деді. «Олардың зекетін бересің бе?» – деп (сұрады). «Иә», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)):
«Ендеше, теңіздің арғы жағында болсаң да, амал істе, ақиқатында, Аллаһ ешқашан сенің істеріңнен ештеңені кемітпейді», – деді1 (1865/87).
1) Мекке бағындырылғаннан кейін, қала Ислам діні орын тепкен аймаққа айналғандықтан, ол жерден көшіп, қоныс аудару тоқтаған.
2) Мекке бағындырылғаннан кейін Ислам дінінің нық орнығуы себепті, артықшылыққа әрі маңызға ие, мұсылмандардан талап етілетін қоныс аудару тоқтады. Ән-Нәуәуи осы екінші пікірді дұрыс деп санаған.
Ибн Хажар бұл хадисті «Мекке бағындырылғаннан кейін одан қоныс аударудың міндеттілігі тоқтады» деп түсіндірген. Әл-Исмаили Ибн Омардың: «Мекке бағындырылғаннан кейін Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қарай қоныс аудару тоқтады» деген сөзін нақыл еткен. Немесе бұл хадисті «қала мұсылман еліне айналғаннан кейін одан қоныс аудару тоқтайды» деп түсіндіруге де болады. Ибн Хажар мұсылман емес елдерде өмір сүретін мұсылмандарды үш топқа бөлген:
1) Қоныс аударуға мүмкіндіктері бар, бірақ өздерінің мұсылман екендігін жариялай алмайтын және діни міндеттерін орындай алмайтын адамдар. Мұндай адамдардың қоныс аударуы міндетті.
2) Қоныс аударуға мүмкіндіктері жететін, алайда өздерінің мұсылман екендігін жариялай алатын және діни міндеттерін орындай алатын адамдар. Мұндай адамдардың қоныс аударуы мұсылмандардың қатарын көбейту және күнәдан сақтану үшін мустахаб санатына жатады.
3) Науқасы, тұтқында болуы т.б. себепті қоныс аудара алмайтын адамдар. Мұндай адамдарға мұсылман емес елде өмір сүруге рұқсат етіледі. Әйтсе де олар қоныс аударса, бұл үшін сауапқа ие болады.
Хадистен мынадай тұжырымдар алуға болады:
– игі іске ниет ету қажеттігі; бұл үшін адамға сауап жазылады;
– Мекке қаласы әрдайым (Қиямет күніне дейін) мұсылман елі болып қалатындығы;
– әмірші Аллаһ жолында күресуге шақырса, оған бағыну керектігі;
– Әт-Тыйбидің пікірінше, хадис білім іздеу жолында сапар шегуге шақырады.
1 Яғни: «игі істерді атқарумен өз еліңде айналыса бер, бұл үшін Ислам мемлекетінде өмір сүру шарт емес, сен орындаған істердің сауабынан Аллаһ ештеңені кемітпейді». Ғалымдардың пікірінше, бұл бәдәуи өз Отанынан және отбасынан қоныс аударып, Мәдинаға – Пайғамбардың (с.а.с.) қасына келу жайлы сұраған. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл оған қиын тиіп, еліне қайтып кетуі мүмкін деп қауіптенген. Әс-Синдидің айтуынша, сірә, бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінің аяқ шенінде орын алса керек немесе Пайғамбарымыз (с.а.с.) бәдәуидің әлсіздік танытуынан қауіптенген. Ибн Хажар, қоныс аудару Мекке тұрғындарына қала мұсылмандар қолына өткенге дейін міндетті болғанын айтады. Қазы Ғияд ғұламалар бұл жайында бірауызды келісімде екенін нақыл еткен. Алайда олардың арасында қоныс аудару басқа адамдарға міндетті болды ма, жоқ па деген мәселеде
Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури