Пайғамбардың (с.а.с.) қоныс аударуы және оның мұғжизалары жайында
1160. Әбу Исхақтан1. Ол: «Мен Бара ибн Азибтің (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «(Бірде) Әбу Бәкір әс-Сыддық әкемнің үйіне келіп, одан жазы сатып алды», – деп айтқанын естідім», – деген. «(Әбу Бәкір) Азибке:
«Менімен бірге балаңды мұны үйіме дейін көтерісуге жібер», – деді. Әкем маған: «Оны көтер», – деді. Сөйтіп, мен оны көтеріп жүрдім. Әкем де онымен бірге (жазының) ақшасын алу үшін шықты. Әкем оған: «Ей, Әбу Бәкір! Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге жолға шыққан түндеріңде не істегендеріңді маған айтып берші», – деді. (Әбу Бәкір): «Жарайды. Біз түні бойы тал түс болғанша және жолда (жүргіншілер) қалмай, одан ешкім өтпейтін болғанша жүрдік», – деді. «Содан бізге көлеңкесі бар, күн (сәулесі) әлі түспеген биік жартас көрінді. Біз соған тоқтадық. Мен жартасқа келіп, көлеңкесінде Пайғамбар (с.а.с.) ұйықтайтын орынды қолыммен тегістедім. Содан кейін оған бөстек төсеп: «Ұйықтап ал, уа, Аллаһтың елшісі! Мен айналаңды шолып қайтайын», – дедім. Ол ұйықтады, ал мен айналаны шолуға шықтым. Қарасам, бір қойшы біз қалағанды қалап2, қойларын жартасқа қарай айдап келе жатыр екен. Мен онымен кездесіп: «Сен кімнің (қойшысысың), ей, бала?» – дедім. Ол: «Осы қаланың3 тұрғындарынан бір кісінің (қойшысымын)», – деді. «Қойларыңның сүті бар ма?» – деп (сұрадым). «Иә», – деді. «Маған сауып бересің бе?» – дедім. Ол: «Жарайды», – деп, бір саулықты ұстады. Мен оған: «Желініндегі қыл мен шаңды және былғаныш нәрселерді қағып таста», – дедім»;
(Әбу Исхақ): «Мен Бараның бір қолымен екінші қолын қаққылап ұрғанын көрдім», – деп айтқан.
«Сөйтіп, ол маған өзіндегі ағаш тостаққа біраз сүт сауып берді. Өзіммен бірге Пайғамбардың (с.а.с.) ішуі және дәрет алуы үшін су алып жүрген шанаш бар еді. Сөйтіп, мен Пайғамбарға (с.а.с.) келдім. Оны ұйқысынан оятуды қаламаған едім, бірақ оның оянған кезінде келіппін. Мен сүтке астыңғы жағы салқындағанша су құйып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мына сүттен ішіп ал», – дедім. Ол (сүттен) көңілім толғанша ішті. Содан кейін ол: «Жолға шығатын уақыт болған жоқ па?» – деді. Мен: «Иә», – дедім. Сөйтіп, біз күн ауғаннан кейін жолға шықтық. Сурақа ибн Мәлик біздің соңымызға түсті. Біз қатты жерде (келе жатыр) едік. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз қолға түстік», – дедім. Ол: «Қайғырма, ақиқатында,
1 Амр ибн Абдуллаһ әс-Сәбиғи әл-Хамадани, табиғин, хадис жеткізуші.
2 Көлеңкелеуді қалап.
3 Қойшы Меккені айтқан.
Аллаһ бізбен бірге»1, – деді. Сөйтіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған қарсы дұға қылды. Сонда оның аты сауырына дейін жерге кіріп кетті»;
(Хадисті жеткізуші Зуһайр2): «Меніңше, (Сурақа): «Ақиқатында, мен екеуіңнің маған қарсы дұға қылғандарыңды білдім. Енді мен үшін дұға етіңдер. Аллаһпен ант етейін, мен сендерден қуғыншыларды қайтарып алып кетемін», – деп айтқан деп ойлаймын», – деген.
«Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) Аллаһқа дұға жасады да, (Сурақа) құтылды. Содан кейін (Сурақа) кері қайтып, жолында кездестіргендердің барлығына:
«Мен сендер үшін мұндағыға жеткілікті болдым», – дей жүріп, кері қайтарып алып кетті. (Осылай) ол бізге (берген уәдесін) орындады» (2009/75).
Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури