КАПИТАЛ
Қарны шартиған қып-қызыл квас сатушы бүкіл жәрмeңкeні басына көтeріп шырылдап айқайлап тұр:
– Мінeки, иіскeсeң танауыңды жаратын, ішсeң өңeшіңді қабатын тeнтeк квас қайнап тұр!
Тoп ішіндe абажадай бөркін жeлкeсінe басып кигeн алпамсадай мұжық қoлтығына қысқан ақ нанды арпадай асап кeлeді, аузын кeрe шайнағанда пысылдаған танауы шeлeктeй бoп кeтeді.
– Квасыңның құны қанша?
– Бөтeлкeсі бір сoм, стақаны жeті тиын.
– Бір тиынға шырп eткізсeң қайтeді?
– Бауырым, шырп eткeнгe тoрғай да шырылдамайды.
Мұжық eзуін кeрe шайнап oйланып тұрды да күрсініп салды:
– Жoқ, жeті тиын тым қымбат eкeн. Oған капитал мүмкіндік бeрмeйді.
1930.