Жас балалар мен ересектердің арасындағы соғысуға рұқсат берілетін (жас мөлшерінің) шегі

Жас балалар мен ересектердің арасындағы соғысуға рұқсат берілетін (жас мөлшерінің) шегі

1118. Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені Ухуд күні соғысқа (қатысатындарды іріктеу үшін) қарады, мен он төрт жаста едім, ол маған рұқсат етпеді. Содан кейін ол мені Хандақ күні (соғысқа іріктеу мақсатында) қарады, мен он бес жаста едім, ол маған рұқсат етті», – деп айтқан.
Нафиғ1: «Мен халифа кезінде Омар ибн Абдул-Азизге2 келіп, осы хадисті айтып бердім. Сонда ол: «Ақиқатында бұл – жас балалар мен ересектердің арасындағы (жас мөлшерінің) шегі екен», – деп, қызметкерлеріне он бес жасқа толғандарға жалақы белгілеп, ал бұдан кішілерді қамқорлықтағылардың қатарында санаңдар деген мазмұнда хат жазды», – деген3 (1868/91).

Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *