(Бір елге) жіберілгендерге (істерді) жеңілдетуді бұйыру жайында
1116. Әбу Мұсадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) оны және Муғазды Йеменге жібергенде3: «Жеңілдетіңдер және қиындатпаңдар4, қуанышты хабар жеткізіңдер және безіндірмеңдер5,
1 Яғни оларға Аллаһтың келісімін берме, өйткені мұндай келісімді сақтаудың міндетті екенін білмейтіндер оны бұзып қоюы және бәдәуилер мен қарапайым жауынгерлердің кейбірі оның тыйымын аяқ асты етуі мүмкін (ән-Нәуәуи).
2 Абдур-Рахман ибн Маһди – табиғиндердің шәкірті, хадис жеткізуші ғалым.
3 Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Мұса әл-Ашғариді Йеменнің бір аймағына, Муғаз ибн Жәбәлды бір аймағына басшы етіп жіберген. Йемен екі аймақтан тұратын. Әл- Бұхари риуаят еткен хадисте: «Екеуінің қайсысы болсын (қарамағындағы) жолдасына жақын жерді араласа, оны барып көруге уақыт тауып, сәлемдесе кететін» деп айтылған.
4 Мұндағы «қиындатпаңдар» сөзі күшейтпелі мағынада келген, өйткені
«жеңілдетіңдер» деген сөздің өзі-ақ «қиындатпаңдар» деген мағынаны білдіреді. Ән-Нәуәуи: «Пайғамбар (с.а.с.) «жеңілдетіңдер» деп айтумен шектелсе, бір рет жеңілдетіп, бірнеше рет қиындатқан адам да осы мағынаға ие болар еді. Сондықтан Пайғамбар (с.а.с.) «қиындатпаңдар» деп, ешқандай жағдайда қиындатпау керектігін ескерткен. «Безіндірмеңдер» деген сөз де осы тәріздес», – деп айтқан.
5 Әл-Бұхари «Әдеп» кітабында Шуғбадан жеткізген хадисте «қуанышты хабар жеткізіңдер» (бәшширу) сөзінің орнына «жақын тартыңдар» (сәккину) деген сөз келген. Осы «жақын тартыңдар» деген тіркес «безіндірмеңдер» дегенге қарама- қарсы мағынаны білдіреді. Ал «қуанышты хабар жеткізу» (бишәра) деген тіркестің антонимі – «жаман хабар жеткізу» (нәзәра). Дегенмен жаман хабар адамға бір нәрсеге енді ғана үйреніп жатқанында жеткізілсе, одан безіну, оған деген жеккөру сезімін тудырады. Сондықтан да бұл хадисте «қуанышты хабар жеткізу» сөзі
«безіндіру» сөзіне қарсы мағынада келген. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламға жаңа кірген адамдарды дінге үйретіп, жақын тартып, бауыр бастырып, оған бастапқы кезде қиындатпау керектігін айтқан. Сол сияқты біреуді күнә жасағаны үшін айыптау да сыпайылықпен, биязылықпен жеткізілуі тиіс. Бұл тәсіл оның ақыл- кеңесті қабылдауына түрткі болады. Сондай-ақ білім үйрету де біртіндеп, сатылап тереңдеуі тиіс. Өйткені кез келген іс бастапқы кезінде жеңіл болса, оған кіретін
өзара келісімге келіңдер және келіспеушілікке бармаңдар1», – деп айтқан2 (1733/7).