Басқа елге) жіберілгендер және (үйінде) қалған адамның (жорыққа) шыққан адамның орнын басуы

Басқа елге) жіберілгендер және (үйінде) қалған адамның (жорыққа) шыққан адамның орнын басуы

1117. Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) бәну лахйан (тайпасына адамдар) жібергенде, әрбір екі кісіден бір кісі шығуын (бұйырған). Содан кейін ол (үйінде) қалатындарға: «Сендердің қайсыларың (жорыққа) шыққан адамның отбасында және дүние- мүлкінде жақсылықпен орнын басса, оған (жорыққа) шыққан адамның сыйының жартысындай беріледі», – деп айтқан3 (1896/138).

адамға ұнап, адам оны қуана қабылдайды және оның соңы көбіне адамның оған тереңдеп енуімен аяқталады. Ал қандай да бір іс бастапқыда қиын болса, адамдардың оған жақындап, жуысулары керісінше белең алады. Аллаһ – жақсы Білуші (қ.: «Фатх әл-Бәри»).
1 Яғни үкімде өзара келісімге келіп, қайшылыққа түспеңдер. Сендердің бұлай етулерің ілесушілеріңнің бір-бірімен келіспеуіне ұласады, ал бұл дұшпандыққа, кейін қақтығысқа итермелейді (Ибн Хажар).
2 Ибн Баттал және басқалар хадисте арада сүйіспеншілік пен жарасым орнататын істерде келісімге келуге және ақиқатта өзара көмектесуге ынталандыру келгенін айтқан. Сондай-ақ хадисте істерді жеңілдетуге, халыққа жайлы болуға, оларға иманды жақсы көрсетуге және олардың жүректерін безіндірмеу үшін қатаңдық көрсетпеуге бұйрық келген. Әсіресе бұл Исламды жаңадан қабылдаған немесе жауапкершілік жүктелетін жасқа жақындаған жасөспірімдерге қатысты. Бұлай ету олардың жүректерінде иманның ұялауына және олардың оған дағдылануына түрткі болады. Адам қалауы болған жағдайда өзіне-өзі кез келген істі бірден қиындатпай, бірте-бірте сатылап, жеңілдете отырып машықтануы керек. Сөйтіп, адам өзінің жаны бір қалыпқа үйреніп, одан айнымайтын болғанда, оны екінші жағдайға ауыстыруы және оған әуелгіден де көбірек күш салуы қажет. Бірақ күш салу мүмкіндік шамасынан аспауы тиіс және адам өзінің жанына оның шамасы келмей қалуы мүмкін амалды жүктемеуі керек. Әл-Бұхари мен Ахмад жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Мақсатқа) бірте-бірте жетесіңдер», – деп айтқан.
«Бірте-бірте» деген сөз мәселеде кемшіндікке де, асырасілтеушілікке де жол бермей, орта межені ұстануды білдіреді. Демек, амал істеуші адам өзін-өзі әл- дәрмені бітіп, әрекетсіз қалатын дәрежеге жеткізе шаршатпауы керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай: «Кім дінді қиындатса, (дін) оны жеңеді». Яғни кімде-кім дін амалдарында асырасілтеушілікке жол беріп, тереңдеп кетсе, жеңілдікті ұстанбаса, өзі әлсірейді. Ол айналысып жүрген амалдарын тоқтатып, жеңілуге мәжбүр болады.
3 Басқа бір риуаятта жорыққа шыққан адамның отбасын қамтамасыз еткен адамға онымен бірдей сауап жазылатыны айтылған-ды, ал бұл хадисте осылай еткен адамға оның сауабының жартысындай сауап берілетіні көрсетілген. Ибн Хажар бұл екі хадисті «жорыққа шыққан адамның отбасын және дүние-мүлкін жақсылықпен қамтамасыз еткен кісінің жорыққа шыққан адамның сыйының жартысындай сауап алатынын көрсеткен хадис ол екеуіне берілетін жалпы сауапқа қатысты айтылған,
Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *