Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Һирақлге оны Исламға шақырып жазған хаты туралы
1126. Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Әбу Суфиян оған ауызба-ауыз хабарлап: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) арамызда (келісім) болған уақыт аралығында5 (сапарға) аттандым», – деп айтқан. «Шамда болған кезімде Аллаһ елшісінен (с.а.с.) Һирақлге, яғни Византия ұлығына хат әкелінді. Оны Дихия әл-Кәлби6 әкеліп, Бусра ұлығына7 тапсырған еді. Бусра ұлығы оны Һирақлге тапсырды. Һирақл: «Өзін пайғамбармын деп жүрген мына адамның тайпаластарынан осында біреу бар ма?» – деп
1 Бұл кәпірлерге Ислам дағуаты жетсе, оларға ескертпей-ақ шабуыл жасауға болатынын көрсетеді.
2 Яхия ибн Яхия – Муслимнің шейхы.
3 Басқа бір риуаятта екіленусіз: «Жуәйрия бинт Харис» деп айтылған.
4 Кисра – Парсы патшасының, Император – Византия патшасының, ал Нәжәши Эфиопия патшасының атауы.
5 Бұл жерде Меккенің қасиетті аймағының батыс шекарасында орналасқан жер Худайбияда һижраның 6-жылы түзілген мұсылмандар мен құрайыш мүшріктері арасындағы келісім туралы айтылған. Оның мерзімі он жылға жасалған. Бірақ құрайыштар келісімді бұзған соң, Пайғамбарымыз (с.а.с.) һижраның 8-жылы оларға қарсы жорыққа аттанып, Меккені мұсылмандар қолына қаратты. Ал Әбу Суфиянның аталмыш сауда сапары һижраның 7-жылы жасалған.
6 Мұнда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әуелгілер қатарында Исламды қабылдаған белгілі сахабасы Дихия ибн Халифа әл-Кәлби туралы айтылған. Пайғамбар (с.а.с.) оны һижраның 6-жылының аяқ шенінде Худайбиядан оралған соң, Һирақлге жолдаған хатын жеткізу үшін жіберген. Әл-Уақидидің айтуынша, ол Һирақлге 7- жылдың мухаррам айында жеткен.
7 Бусра – Мәдина мен Дамаскі арасындағы қала. Оның әкімі Харис ибн Әбу Шимр әл-Ғассани еді.
(сұрады. Адамдары): «Иә», – деді. Сөйтіп, бір топ құрайыштармен бірге мен де шақырылып, біз Һирақлдың алдына кірдік. Ол бізді қарсы алдына отырғызып: «Өзін пайғамбармын деп жүрген мына адамға туыстық жағынан ең жақының қайсың?» – деп (сұрады)»;
Әбу Суфиян: «Мен (оған): «Менмін», – дедім1. Олар мені оның қарсы алдына отырғызды, ал жолдастарымды менің арқа тұсыма отырғызды. Содан кейін ол тілмашын алдырып, оған: «Оларға айт: мен әлгі өзін пайғамбармын деп жүрген адам туралы мынаған сұрақ қоямын, егер бұл өтірік айтса, олар сөзін теріске шығарсын», – деді»2;
Әбу Суфиян: «Аллаһпен ант етейін, өтірік айтқаным жайлы әңгіме тарап кетуінен қорықпағанымда, өтірік айтар едім3! Сосын (Һирақл) тілмашына: «Одан сұра: «Араларыңда оның шыққан тегі қандай?» – деді. Мен: «Ол арамыздағы құрметті тектен», – дедім. «Оның ата- бабаларынан патша болған адам бар ма?» – деп (сұрады). «Жоқ», – дедім.
«Осы сөздерін айтудан бұрын4 оны өтірікші ретінде айыптайтын ба едіңдер?» – деп (сұрады). «Жоқ», – дедім. «Оған кімдер ілесуде, беделді адамдар ма, әлде қарапайым адамдар ма?» – деп (сұрады). «Қарапайым адамдар», – дедім. «Олар көбеюде ме, әлде азаюда ма?» – деді. «Олардың саны артуда», – деп (жауап бердім). «Олардан қабылдағаннан кейін сол
1 Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Суфиянның немере туысы, яғни әкесінің туысының баласы болатын. Әбу Суфиян – абдуманаф әулетінен. Бұл әл-Бұхари «Аллаһ жолындағы күрес» кітабында ұсынған риуаятта түсіндірілген. Онда Әбу Суфиян:
«(Һирақл): «Оған жақындығың қандай?» – деп сұрады. Мен: «Ол – немере туысымның баласы», – дедім. Керуеншілер арасында абдуманаф әулетінен менен басқа ешкім жоқ еді», – деп айтқан. Абдуманаф – Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Суфиянның төртінші атасы. Сондықтан Әбу Суфиян Пайғамбарды (с.а.с.) немере туысымның баласы деп атаған. Яғни Абдулмутталиб ибн Һишам ибн Абдуманаф – Умәййә ибн Абдушәмс ибн Абдуманафтың немере туысы. Һирақлдың Пайғамбарға (с.а.с.) ең жақын адамды іздеу себебі, кісі туысы жайлы барлық мән-жайды басқалардан көбірек біледі. Әрі туыс адам өз тегін қаралай алмайды. Бұл Һирақлдың «Араларыңда оның шыққан тегі қандай?» деген сұрағынан көрінеді.
2 Һирақл Әбу Суфиянның жолдастарын егер ол өтірік айтса, бетпе-бет тұрып өтірігін теріске шығарудан именбеулері үшін оның арқа тұсына тұрғызған.
3 Әбу Суфиян Һирақлге өтірік айтқан күнде де, жолдастары оны теріске шығармас еді, өйткені олар Пайғамбарға (с.а.с.) деген дұшпандық ниетте ортақтас болатын. Бірақ Әбу Суфиян өтірік айтудан жолдастары елге оралғаннан кейін мұны әңгімелеуінен арлануы және намыстануы себепті бас тартқан. Онда мұны естіген адамдардың алдында Әбу Суфиян өтірікшіге айналар еді. Ибн Исхақтың риуаятында бұл анық көрсетілген. Онда Әбу Суфиян: «Аллаһпен ант етейін, егер өтірік айтқанымда, олар менің (сөзімді) теріске шығармайтын еді. Бірақ мен ел көсемі болғандықтан, өтіріктен өзімді тыятынмын. Мен өтірік айтсам, ең жеңілі, олар мұны елге жеткізіп, әңгімелеп беретін еді. Сондықтан өтірік айтпадым»; Ал әл-Бұхаридің риуаятында: «Аллаһпен ант етейін, олардың өтірік айтқанымды әңгімелеуінен ұялмағанымда, өтірік айтар едім!» – деп айтқан. Бұл сөз құрайыштардың әдетте өтірікті ұнатпағанын білдіреді.
4 Яғни пайғамбар екенін жариялауынан бұрын.
дінге наразылығы себепті біреу дінінен бас тартты ма?» – деді. «Жоқ», – дедім. «Онымен соғыстыңдар ма?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім.
«Шайқастарыңның нәтижесі қалай болды?» – деді. – «Арамызда шайқас алма-кезек жеңіспен аяқталады, бірде ол жеңеді, бірде біз жеңеміз», – дедім1. «Ол опасыздық жасаушы ма еді?» – деді. «Жоқ. Бірақ біз онымен уақытша келісімдеміз, оның әрі қарай не істейтінін білмейміз», – деп (жауап бердім). Бұған осыдан басқа ешбір сөз қоса алмадым2. Ол: «Одан бұрын біреу осындай сөз айтқан ба еді?»3 – деп (сұрады). «Жоқ», – дедім. Ол тілмашына: «Оған айт: сенен оның шыққан тегін сұрадым, оның араларыңдағы құрметті тектен шыққанын айттың. Әдетте елшілер осылай қауымындағы құрметті тектен жіберіледі4. Сенен: «Ата- бабаларынан патша болғандар бар ма?» – деп сұрадым, сен: «Жоқ», – дедің. Егер ата-бабаларыңның бірі патша болса, ата-бабаларыңның патшалығын талап етіп жүрген адам деп айтар едім. Сенен оның ілесушілері жайлы олар қарапайым адамдар ма, әлде беделді адамдар ма – соны сұрадым, сен қарапайым адамдар екенін айттың. Олар – қашанда елшілердің ілесушілері5. Сенен: «Осы сөздерін айтудан бұрын оны өтірікші ретінде айыптайтын ба едіңдер?» – деп сұрадым, сен: «Жоқ», – дедің. Білуімше, егер ол адамдарға өтірік айтпаған болса, Аллаһқа қатысты да жалған сөйлемейді. «Олардан қабылдағаннан кейін сол дінге наразылығы себепті біреу дінінен бас тартты ма?» – деп сұрадым, сен: «Жоқ», – дедің. Жүректердің пейіл-ықыласына енген кезде иман осылай болады6. «Олардың
1 Мұнда Әбу Суфиян мұсылмандар жеңген Бәдір шайқасы мен өздері жеңіске жеткен Ухуд шайқасын меңзеген. Ол Ухуд күні: «Бүгін Бәдір күнінің есесі. Соғыс алма-кезек», – деп айтқан болатын.
2 Һирақлдың: «Ол опасыздық жасаушы ма еді?» деген сұрағына Әбу Суфиян осы айтқанынан басқа Пайғамбарымызды (с.а.с.) даттайтын ешбір сөз қоса алмаған.
3 Басқа бір риуаятта: «Одан бұрын сендерден біреу осындай сөз айтқан ба еді?» деп айтылған. Яғни құрайыштардан немесе арабтардан өзін пайғамбармын деп жариялағандар болып па еді?
4 Һирақл мұны бұрынғы кітаптардан білетін еді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, пайғамбарлардың құрметті тектен жіберілуіндегі даналық – құрметті тектен шыққан адамдар өзіне өтірік таңудан басқаларға қарағанда алыс әрі адамдардың оған ілесуіне бір табан жақын болады.
5 Беделді адамдар әлдебіреудің өздерінің алдарына шығып кетуін қаламайды, ал қарапайым адамдар мұндай сезімнен ада. Сондықтан да көбінесе пайғамбарлардың ілесушілері тәкаппар, дәукейлер емес, қарапайым адамдар болған. Қашанда шен- шекпенді шонжарлар бұзықтықтары және күншілдіктері себепті ақиқатты қабылдауда тоңмойындық танытқан. Бұған мысал ретінде Әбу Жәһл мен оның жақтастарын келтіруге болады. Олар Аллаһ тағала көздерін жойғанға дейін ымыраға келмеген.
6 Өйткені ақиқатқа анық көзі жетіп кірген адам ешқашан да одан қайтпайды. Иман жан-дүниенің пейіл-ықыласына, ризалығына бөленген кезде, одан ешкім бас тарта алмайды. Әл-Бұхари «Иман» кітабында ұсынған риуаятта бұған: «Оған ешкім наразылық танытпайды»; Ибн Сәкән жеткізген риуаятта: «Ол арқылы разы пейілі
саны көбеюде ме әлде азаюда ма?» – деп сұрадым, олардың көбейіп жатқанын айттың. Кемелдікке жеткенше иманның жағдайы осылай болады1. «Онымен соғыстыңдар ма?» – деп сұрадым, сен онымен соғысқандарыңды, араларыңда шайқас алма-кезек жеңіспен аяқталатынын, бірде ол жеңетінін, бірде сендер жеңетіндеріңді айттың. Осылай елшілер сыналады, содан кейін соңғы нәтиже олардың пайдасына шешіледі. Сенен: «Ол опасыздық жасаушы ма еді?» – деп сұрадым, сен оның опасыздық жасамайтынын айттың. Елшілер осылай, опасыздық жасамайды2. Сенен: «Одан бұрын біреу осындай сөз айтқан ба еді?» – деп сұрадым, сен: «Жоқ», – дедің. Егер одан бұрын біреу осындай сөз айтқан болса, өзінен бұрын айтылған сөзді қайталап жүрген адам ғой деп айтар едім», – деді.
Содан кейін (Һирақл): «Ол сендерге нені бұйырады?» – деді. «Ол бізге намаз оқуды, зекет беруді, туыстармен қатысуды және ибалылықты3 бұйырады», – дедім. Ол: «Егер айтқаның шындық болса, ақиқатында ол – пайғамбар4. Оның келетінін білуші едім, бірақ сендерден шығады деп ойламаппын. Егер оған жететінімді білсем, онымен кездесуді қалар едім5,
мен қуанышы арта береді» деген сөздер қосылған. Ал Ибн Исхақтың риуаятында:
«Иманның шырын дәмі осылай болады. Ол жүрекке бір енсе, қайтып шықпайды»
деп айтылған.
1 Өйткені иман жүректерге нұр құяды. Сосын ол намаз оқу, зекет беру, ораза тұту т.с.с. дін міндеттерін орындауға бойсұнғанға дейін арта береді. Сондықтан да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінің аяқ шенінде «Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және нығметімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Исламды дін ретінде таңдадым» (Мәида, 3); «Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен өшіруді қалайды. (Бірақ) Аллаһ (мұны) кері қағып, кәпірлер жек көрсе де, міндетті түрде Өз нұрын тамамдайды» (Тәубе, 32) деген аяттар түскен. Сол сияқты Пайғамбарға (с.а.с.) ілесуші сахабалар да иманда терең бойлай берген. Сөйтіп, ақыр соңында Аллаһ тағала дінін толықтастырып, нығметін тамамдаған. Барлық мақтау мен игілік Аллаһқа тән.
2 Өйткені пайғамбарлар дүние несібесін қаламайды, олар Ақырет өміріне ден қояды, ал Ақырет өміріне ден қойғандар арамза әрекеттерден бойын аулақ салады. Ал Ақыретті ысырып қойып, дүниені қалайтындар ойына алған мақсатына жету үшін опасыздық пен қиянатқа және басқа арсыз әркеттерге мән де бермейді.
3 Яғни тыйым салынғандардан және адамгершілікке нұқсан келтіретін жайттардан тыйылуды. Әл-Бұхаридің риуаятында: «Ол: «Жалғыз Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Оған еш нәрсені серік етіп таңбаңдар, ата-бабаларыңның айтқандарын ұстанбаңдар», – дейді және бізге намаз оқуды, шыншылдықты, ибалылықты және туыстармен қатысуды бұйырады» деп айтылған.
4 Һирақл мұны бұрынғы кітаптарға сүйеніп айтқан. Тәуратта және басқа кітаптарда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) белгілері айтылған-ды. Һирақл оны осы белгілері арқылы таныған. Ал пайғамбарлықтың бұлтартпас дәлелі – Аллаһ тағала пайғамбарларына ғана беретін, басқа адамдардың қолдарынан келмейтін, әдеттегіден тыс, анық керемет мұғжиза.
5 Әл-Бұхаридің риуаятында: «Егер оған жететінімді білсем, онымен кездесуге әрекет жасар едім» делінген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, осы риуаяттың мағынасы
ал егер алдында болсам, аяқтарын жуар едім1. Оның билігі мен аяқ басып тұрған жерге2 анық жетеді», – деді.
Сосын (Һирақл) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) хатын алдырып, оқыған еді, онда:
«Бисмилләһир Рахманир Рахим3.
Аллаһтың елшісі Мұхаммедтен Византия ұлығы Һирақлге4. Тура жолға ілескендерге сәлем! Енді:
Сені Ислам дағуатына үндеймін5! Исламды қабылда, аман боласың. Исламды қабылда, Аллаһ сенің сыйыңды екі дүркін береді6. Ал егер теріс
дұрысқа көбірек жақындайды. Яғни онымен кездесуге әрекет жасар едім, бірақ оған жете алмай қаламын ба деп қорқамын. Бұл сөз Һирақл Пайғамбарға (с.а.с.) қарай қоныс аударса, өміріне қауіп төнетініне анық көзі жеткенін көрсетеді. Өйткені мұның алдында бір адам Исламды қабылдағанда, византиялықтар оны өлтіріп тастаған еді. Әт-Табарани әлсіз иснадпен жеткізген риуаятта Һирақл: «Оның осылай екенін білемін. Бірақ мен бұлай ете алмаймын. Егер олай етсем, патшалығымнан айырыламын әрі византиялықтар мені өлтіреді»; Ибн Исхақ жеткізген риуаятта:
«Сорың құрысын! Аллаһпен ант етейін, расында, мен оның жіберілген пайғамбар екенін білемін. Бірақ мен византиялықтардың өзіме зиян тигізуінен қорқамын. Осы болмағанда, міндетті түрде оған ілесетін едім», – деп айтқан. Бірақ бұл оның Исламды қабылдамауына уәж болып табылмайды, өйткені ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шын Аллаһтың елшісі екенін анық білген. Алайда ол патшалық билігінен айырылғысы келмеген әрі билікті Исламнан артық санаған. Бұл жайлы әл-Бұхаридің
«Сахихында»: «Егер де Аллаһ оны тура жолға салуды қалағанда, Нәжәшиге сәттілік бергені сияқты оған да сәттілік берер еді әрі ол билігінен айырылмас еді» деп анық айтылған. Һирақл өзіне жолданған Пайғамбардың (с.а.с.) хатындағы:
«Исламды қабылда, аман боласың» деген сөзге парасаты жетіп, дүние-ақыреттегі жазаны қатар ойлағанда, Исламды қабылдар еді. Егер ол Исламды қабылдағанда, барлық қауіп-қатерден аман болар еді. Бірақ дінді қабылдауға сәттілік беру Аллаһ тағаланың қолында.
1 Яғни оған айрықша құрмет көрсетіп, ерекше қызмет етер едім.
2 Һирақл мұнда Бәйт әл-Мақдисті не бүкіл Шам өлкесін меңзеген. Өйткені оның мемлекетінің астанасы Химс қаласы еді.
3 Бұл хат мұсылманға немесе мұсылман емеске жазылса да, оны «Бисмилләһир Рахманир Рахим» сөзімен бастау мустахаб екенін көрсетеді.
4 Басқа бір риуаятта: «Һирақлге Пайғамбардың (с.а.с.) хатын оқығанда, оның қасында тұрған бауырының баласы әжуалап: «Оқыма оны! Ол өзінен бастапты ғой», – дейді. Сонда Император: «Қане, оқи бер!» – дейді де, оған хатты оқып береді», – делінген. Ғалымдардың басым көпшілігі «Пайғамбардың (с.а.с.)
«Мұхаммедтен» деп бастағаны хат жазғанда адам «пәленшеден пәленшеге» деп өзінен бастауы сүннет екенін көрсетеді» деген пікір білдірген. Әйтсе де кейбір ғалымдар хатта «пәленшеге пәленшеден» деп жолданған адамның есімін бірінші жазуға да рұқсат еткен. Өйткені Зәйд ибн Сәбит Муғауияға жолдаған хатында Муғауияның атын бірінші жазған.
5 Яғни сені Исламға шақыратын сөзге үндеймін. Мұнда Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беру туралы айтылған.
6 Бұл Аллаһ тағаланың «Оларға сыйлары екі дүркін беріледі» (Қасас, 54) деген сөзіне сәйкеседі. Һирақл Исламды қабылдаған жағдайда оған екі дүркін сауап
айналсаң1, (қол астыңдағы) шаруалардың күнәсі саған жүктеледі2 және:
«Ей, Кітап иелері! Арамыздағы бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келіңдер3: Аллаһтан басқаға құлшылық қылмайық, Оған еш нәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ бірімізді біріміз Аллаһтан өзге Раббы етпейік. Егер олар бет бұрса, «Біздің мұсылман4 екенімізге куә болыңдар», – деңдер»5, – деп жазылған екен.
Ол хатты оқып болған кезде, оның алдында дауыстар көтеріліп, айқай- шу көбейіп кетті6. Сонда ол бізге қатысты бұйрық беріп, бізді сыртқа
берілуі, ол әуелі өзінің пайғамбарына иман келтіріп, сосын Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) иман келтіретіндігінен болса керек. Өйткені Әбу Мұсадан жеткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Үш адамға екі есе сауап бар: кітап иелерінен өз пайғамбарына және Мұхаммедке иман келтірген кісіге», – деп айтқан (әл- Бұхари). Бәлкім, оған сауаптың еселенуі Исламды қабылдағанына және Исламды қабылдауы қол астындағылардың да дінге кіруіне себеп болатындығына байланысты болар. Кейбір ғалымдар бұдан Аллаһтан кітап түскен дінді ұстанатындардың барлығының үкімі, олардан әйел алуға және сойған малының етін жеуге болады деген қорытынды шығарған. Өйткені Һирақл мен оның қауымы исраилдіктер құрамына кірмейтін. Олар бұрмаланған христиан дінін ұстанушылар болатын. Сонда да Пайғамбар (с.а.с.) Һирақл мен оның қауымына: «Ей, кітап иелері!» деп жазған. Бұл олардың үкімі Аллаһтан кітап түскен дінді ұстанушылардың үкіміне кіретіндігін айғақтайды. Мұны айтудағы мақсатымыз: кейбіреулер «кітап иелеріне исраилдіктер немесе ата-бабалары иудейлік не христиандық дінді бұрмаланбай тұрып қабылдаған адамдар жатады» деп есептейді. Аллаһ – жақсы Білуші (қ.: «Фатх әл-Бәри»).
1 Яғни Исламды қабылдаудан бас тартсаң.
2 Мұнда айтылған шаруалар – мемлекет халқы. Әл-Хаттаби: «Пайғамбар (с.а.с.) мұнымен «Егер қарапайым халық пен қол астыңдағыларың саған еліктеп Исламды қабылдамаса, олардың күнәсі саған жүктеледі. Өйткені кішілер ұлықтарға ілеседі» дегенді көрсеткен», – дейді. Бұл Аллаһ тағаланың «Әрбір жанның істегені өзіне ғана. Ешбір күнәкар басқаның күнәсін көтермейді» (Әнғам, 164) деген сөзіне қайшы келмейді. Өйткені күнәкардың күнәсін өзінен басқа ешкім көтермейді. Бірақ күнә істеген әрі оның етек алуына себеп болған адам істегені және себеп болғаны үшін екіжақты күнә арқалайды. Осыған қатысты Ибн Аббастан жеткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әділетсіздікпен өлтірілген әрбір адам қанының бір бөлігі Адамның тұңғыш ұлына (Қабылға барады). Өйткені ол – алғаш кісі өлтірудің негізін салған (адам)», – деген (Ахмад).
3 Аллаһ тағала Өз пайғамбарына (с.а.с.) яһудилер мен христиандарды барлық пайғамбарлар мен елшілер жіберілген сөзді, яғни тек Аллаһқа ғана құлшылық ету керектігін мойындауға шақыруды бұйырған.
4 Мұсылман – Аллаһтың бұйрығына бойсұнған адам.
5 «Әлі Имран» сүресі, 64-аят. Бұл хадис мұсылман емес адамның бір немесе бірнеше аят жазылған жазбаларды ұстауына рұқсат етілетінін көрсетеді.
6 Басқа бір риуаятта: «Ол сөзін аяқтаған кезде, айналасындағы Византия ұлықтарының дауыстары көтеріліп, айқай-шулары көбейіп кетті. Мен олардың не айтқандарын білмеймін» деп айтылған. Әйтсе де сол ахуалға қарағанда, олар Һирақлдың Пайғамбарымызға (с.а.с.) сенуге көңілі ауғандығын түсінгендіктен шошына шулап кеткені аңғарылады. Олардың қарсылықтарынан кейін Һирақл
шығарып жіберді. Сыртқа шыққан соң жолдастарыма: «Ақиқатында, Әбу Кәбшаның ұлының мерейі асты1, одан асфар әулетінің2 патшасы қорқады екен», – дедім. Содан бері Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ісі жеңіске жететініне анық сенімді болып жүрдім, ақыр соңында Аллаһ менің (жүрегіме) Исламды кіргізді», – деп айтқан3 (1773/74).
Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури