Өзін кәпір санаған адам жайлы да жағымсыз ой айтпайтын
«әл-Алим уәл-мутааллим» атты еңбегінде шәкірті: «Сізді кәпір деп куәлік берген адамға сіздің куәлігіңіз қандай болмақ? Соны түсіндіріп берсеңіз»,– деп сұрағанда имам Ағзам былай деп жауап берген:
«Мен оның өтірікші екендігіне куәлік етемін. Осы сөзі үшін оны кәпір демеймін. Алайда өтірікші деп атаймын. Өйткені харам екі түрлі болады: 1. Алланың алдында тыйым салынған харам, 2. Алланың құлдарының алдында тыйым салынған харам. Алланың алдындағы харамдар – Аллаға серік қосу, жалғандау және күпірлік. Адамдарға қатысты харамдар – пенделердің өз араларында бір-біріне қарсы жасаған әділетсіздіктер. Алла мен Оның елшісін жалғанға шығарған адамның жағдайы мені жалғанға шығарған адамдай бола алмайды. Өйткені Алла мен Елшісін жалғанға шығарған адамның күнәсі бүкіл адамдарды жалғанға шығарғаннан да ауыр. Мені кәпір деген адам мен үшін өтірікші болып табылады. Оның мен туралы өтірік айтуы, менің ол туралы өтірік айтуымды халал етпейді. Өйткені Жаратқан Жаббар иеміз: «Бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке итермелемесін. Әділ болыңдар! Өйткені ол – тақуылыққа ең жақын іс»462,– деген. Яғни Алла Тағала бізге өзге елге деген дұшпандықтың оларға әділ болуға кедергі келтірмеуі керектігін айтуда463.