Әбу Юсуф: имам Ағзам барда менің сөзімнің еншқандай мәні жоқ
Имам Әбу Юсуф өзінің ұстазы имам Ағзамды жоғары бағалағаны соншалық, имам бар жерде менің сөзімнің ешқандай құны жоқ. Өйткені, ілімді мен сол кісіден алдым. Бір кісі менен былай бір сұрақ сұрады: «Өзен жағасында дәрет алып жатқанда жоғары жағымнан шарап күбі шағылып, өзенге шарап төгіліп кетсе, дәрет алуға бола ма, болмай ма?». Бұл сұраққа жауап беруден тартынып, имам Ағзамға келіп сұрадым. Имам : «Егер шараптың дәмі мен исі білінсе, дәрет алуға болмайды. Ал, ондай белгілер болмаса дәрет ала беруіне болады», – деп жауап берген еді.
Кирманидың Мұхаммед ибн Сәлама және ас-Саймаридан жеткізуі бойынша имам Әбу Юсуфтың басынан өткен бір оқиғаны былай баяндайды:
Бір күндері имам Әбу Юсуф қатты науқастанып, күннен күнге сырқаты асқына түседі. Ұстазы имам Ағзам әлденеше рет көңілін сұрауға барған болатын. Бір күні оның ауруының бірталай ауырлағанын көріп: «Менен кейін мұсылмандардың сүйеніші болар деп үміттенуіші едім. Бұл шәкіртім дүниеден озса, ілімнің қайнаркөзін өзімен бірге ала кететін болды-ау!» – деп мұңайған еді. Біраз уақыттан кейін имам Әбу Юсуф сырқатынан айығып, айтарлықтай сауығып кетеді. Имам Ағзамның әлгіндегі сөзіне арқаланып, қанаттана түссе керек өзі жеке үкен ғылым мәжілісін ашып, төңірегіне шәкірт жинай бастайды. Бұл жағдайдан хабар тапқан имам Ағзам бір кісіні арнайы жұмсап, Әбу Юсуфтан мынадай бір мәселенің үкімін сұрауды тапсырады: «Бір кісі киім жуатын адамға киімін жудыруға берсе, сұрай келгенде жуушы мен алған жоқпын десе, кейін райынан қайтып киімін жуулы күйінде әкеліп берсе, ақысын беру керек пе? деп сұра. Ақысын береді десе де, бермейді десе де «дұрыс емес» деп айт». Әлгі кісі айтылғандай сұрақтың жауабын Әбу Юсуфтан келіп сұрағанда ол қалай жауап берерін білмей қатты абыржиды. Ол дереу орнынан тұрып имам Ағзамға жөнеледі. Имам Ағзамның алдына келгенде имам : «Сені бұл жерге киім жуу мәселесі әкелген болар. Бір кісі дін ғылымдарын үйретем деп мәжіліс құрады. Бірақ, жалақы төлеудің үкімін білмесе, қалай болмақ?» – дейді Әбу Юсуф әлі сөзін бастамай жатып. Әбу Юсуф: «Мен бұл мәселені шынымен түсінбедім. Маған 275 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 40-бет.
жауабын айтыңызшы», – дейді. Имам : «Егер тазаламай тұрып, алған жоқпын деп жалтарған болса, кейін өзі үшін тазалаған болады да оған ақы төленбейді. Ал, жуып тазартқаннан кейін ойы бұзылып, иесіне беруден бас тартқан болса, онда ол киімнің иесі үшін тазартқан болады да еңбекақы төленеді», – деп жауап береді.276