Үмбеттің ортақ шешімін жоғары бағалайтын
Әбу Ханифа өзінің фиқһ әдіснамасында қандай да бір мәселе жайында сахабалар бірауыздан келіскен нақты бір ойы бар болатын болса, олардың сол ойын дәлел ретінде алатын. Ал қандай да бір мәселеге байланысты сахабалар түрлі көзқарас білдірсе, ижтихад жолымен терең ізденіп, қиясқа сай келетінін таңдап алатын. Сондықтан, сахабалардың ижмасы нақты дәлел, яғни, мутауатир хадис деңгейінде саналған. Осыған қатысты Мекки өзінің «Манақиб» атты
234 Мүнәуи, Фәйзул-Қадир, 4/76
235 «Тауба» сүресі, 100-аят
236 Ибн Қайим, Иламул мауаққиғин, 2-т.,143-б.
237 Бағдади, Тарих, 13-т., 368-б.
238 З. Шағбан, Усуслул-фиқһ, 184-185-б.
кітабында: «Қандай да бір елді-мекеннің тұрғындары өздерін толғандырған мәселеге қатысты бір тоқтамға келіп, бірауыздан келіссе, Әбу Ханифа соған ден қоятын»239 деп, Әбу Ханифаның ижмаға бойсұнатындығын айтқан. Сәхіл ибн Музаһим да Әбу Ханифа жайында: «Әбу Ханифа сенімді риуаятшылардың сөздерін алып, сенімсіздерінен бас тартатын. Халықтың қарым-қатынасын саралап, тура жолда жүріп, туралықта біріккендердің істерін қабылдайтын»240, – деген. Осы айтылғандар Әбу Ханифаның нас (Құран мен хадис) кездеспейтін мәселелерде көпшіліктің бірауыздан келіскен ижмасын негізге алатындығына дәлел.