Мүжтәхидтің қандай да бір мәселеге қатысты, осыған ұқсас екінші бір мәселеге үкім берерде Құран, хадис, ижма, зәрулік, жасырын қияс, әдет-ғұрып секілді дәлелдерге сүйеніп, алғашқы үкімді тастап, одан күштірек екінші бір
239 Мекки, Манақиб, 1-т., 89-б.
240 Бұл да сонда, 1-т., 82-б.
241 З. Шағбан, Усулул-фиқһ, 126-б.
242 Х. Караман, Ислам хукукында ижтихад, 18-б.
үкімді алуын айтады243. Мысалы, әлдебір діни мәселе жалпылықты білдіретін аят-хадистердің бірінің немесе фиқһта, яки, кейбір мәзһабтарда қалыптасқан негізгі қағиданың аясына кіреді. Бірақ, осы мәселеге қатысты жалпылама мән- мағынаны қамтитын насс пен өздері бекіткен негізгі қағидаға қайшы үкім беруді қажет еткен насс, ижма, зәрулік, әдет-ғұрып, маслахат (елдің игілігі) сияқты дәлелдер табылған жағдайда мүжтәхид ғалымның осы секілді мәселелерде әрдайым шешуші күші басым үкімінен бас тартып, жекелеген жағдайға қарай үкім беруі осы истихсанға жатады244.
Хижра жыл санауы бойынша ІІ ғасырдан бастап, истихсан мұсылман құқығында арнайы әдіс ретінде қолданыла бастаған болатын. Зерттеушілердің көбісі фиқһта ең алғаш осы истихсан терминін Әбу Ханифа қолданғандығын айтады245.
Имам Ағзам истихсанды өте тиімді қолдана білген. Бұл жайында имам Мұхаммед Әбу Ханифаның истихсан тәсілін қолдануда асқан сұңғылалық танытқанын былай жеткізеді: «Онымен бірге қияспен шешілетін мәселелерді талқылайтынбыз. Ақиқатқа жету үшін имам Әбу Ханифаға шәкірттері тарапынан түрлі дәлелдер ұсынылатын. Бірақ, Әбу Ханифа «Мен истихсан жасадым» деген уақытта ешкім онымен тартыса алмайтын, әрқайсысы өздерінің ұстанған дәлелдерін, көзқарастарын тастап, оның көзқарасымен келісетін»246. Бұдан біз оның қиястан кейін истихсанды қолданғандығын көреміз. Тіпті, истихсан тәсілін қабылдағысы келмеген, оған қарсы шыққан имам Шафиғидің (һ. 204) өзі: «Былайғы ғалымдар қияс пен истихсан мәселесіне келгенде Әбу Ханифаның қасында әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған сарыауыз балапан секілді»247 деп, оның бұл мәселеде алдына жан салмаған ғұламалығын мойындаған болатын. Мұнымен қоса, қандай да бір мәселені шешуде адамның басты тірегі – білім болғандықтан, имам Мәлік: «Истихсан – білімнің оннан тоғызы»248 деген екен.
Олай болса, истихсан – адам өмірін қиындатпау үшін жасалатын ижтихад. Истихсанға қиястың сай болуы да шарт емес. Жабайы құстарға қарағанда үй құстарын ұдайы қадағалап, бақылап отыру қиын. Ауызсуды бірде болмаса бірде ластап кету қаупін ескерген ғалымдар истихсан ережесіне сүйенген.
Әбу Захра имам Ағзамның истихсанды қалай қолданғаны жөнінде: «Әбу Ханифа дәлелдер бір-біріне қайшы келген жағдайларда аса сақ әрекет ететін. Ол бір мәселені шешуде қиясқа әрі қалың жұртшылықтың әдет-ғұрпына қайшы келген үкімді алмайтын. Хадис бар кезде қиясқа жүгірмейтін. Өз еліндегі ғұламалардың бірауыздан келіскен тоқтамдарына ден қоятын. Мұндай дәлел тұрған кезде де қиясты негізге алмайтын. Міне, осы әдісті ханафи ғалымдары истихсан деп атады», – дейді249.
Қорыта келе мынаны айтуға болады. Кейбір ғалымдар Әбу Ханифаның құқықтық мәселелерді шешу барысында истихсан әдісін шебер пайдаланғандығын, бұл тәсілде ешкімнің онымен бақ таластыра алмағандығын айтқан болатын250. Осы 243 З. Шағбан, 181-б.
244 Х. Дөндүрен, Делиллерииле Ислам илмихали, «Әркам» баспасы, Стамбул, 1991, 34-б.
245 А. Баккал, «Ебу Ханифенин истихсан анлайышы», имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т., 273-б.
246 Саймари, Ахбар, 12-б ; Мекки, Манақиб, 1-т., 81-82-б.
247 Саймари, Ахбар, 112-б
248 Ю. Қардауи, Мадхал лидирасатил шариғатил исламииати, 155-б.
249 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 302-б.
250 Саймиәри, Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи, 11-12-б
қасиетіне байланысты талай фақиһ оны қолдап пікір білдірсе, кейбір ғалымдар басқаша сөйлеп, ол туралы теріс көзқарас білдірген. Осыған орай, «Кәшфул- әсрар» кітабының авторы «..Истихсанды дұрыс түсінбегендер оны қаралап, ілімін түкке алғысыз етіп сынады. Негізінен, аса қадірлі, діндар, тақуа Әбу Ханифа секілді ғалым аузынан шыққан әрбір сөзін дәлел-дәйексіз сөйлемеген. Шариғи тұрғыдан дәлелі жоқ мәселеде истихсан жасап, онымен амал етуден ол мейлінше аулақ…»251 дейді.
Ислам құқығының динамизмін сақтайтын әдіснаманың бірі – осы истихсан. Жалпы, «Истихсан» – құқық нормалары мен өмір шындығын өзара сабақтастыра талдайтын айрықша әдіс. Егер діннің шарттарына сай келетін қатарынан бір емес, бірнеше үкімнің орындалу мүмкіндігі болса, сол үкімдердің ішіндегісінің қайсысы діни шарттың талаптарына мейлінше толық жауап берсе, соны таңдауды білдіреді252.