Әбу Ханифа хадис хафизі болатын
Хадис саласында танымал хафиз ғалымдардың өмірі туралы арнайы еңбек жазған мұхадди ғалымдар Әбу Ханифаның өздерінің қатарында атаған. Солардың бірі аз-Заһаби «тазкират әл-хуффаз» атты еңбегінде Әбу Ханифаның өміріне тоқталып, оған мақтаулы сөздер арнаған. Әз-Зәһаби еңбегінің кіріспесінде дәл былай деп жазады: «Бұл – пайғамбарымыздан жеткен ілімді арқалаған әділдігі мен сенімділігі, әлсіздігі мен нақтылығы анықталған, жалғандығы анықталған адамдар туралы мәлімет беретін бірден-бір еңбек».
Әз-Заһаби секілді ханбали мәзһабының әйгілі ғалымы, мұхаддис, хафиз Зунун Шәмсуддин Мұхаммед ибн Ахмад ибн Абдулһади әл-Мақдиси де «әл-мұхтасар фи табақат ғулама әл-хадис» атты еңбегінде Әбу Ханифаның өнегелі өмірін сөз етіп, мадақтанысшпен еске алған. Ол аталған еңбегінің басында былай дейді:
«Бұл шағын еңбек, пайғамбарымыздың сахабаларынан, табиғиндар мен олардың
323 Алла достлары, 4-т., 276-б.
324 Мекки, 95-96-б.
325 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 52-б.
ізін басқан атбағ-табиғиндерден шыққан хадис хафиздары туралы. Хадис ілімімен айналысқан адамның осы кісілер туралы мәліметтерді білмеуі дұрыс емес».
Шафи мәзһабының көрнекті өкілі Ибн Насруддин деген атпен танылған әйгілі ғұлама имам , Шам елінің атақты тарихшысы, хафиз Шәмсуддин Әбу Абдулла ибн Әбубәкір өлең жолымен жазылған «Бадиғат әл-Баян ан маут әл-ағян» атты кітабында Әбу Ханифа туралы көлемді мәлімет берген. Бұл еңбек хадис хафиздарын бірінен кейін бірін жіпке тізгендей атап шыққан326.
Хадис хафиздарының соңғысы, әйглі ғұлама имам Жалалуддин ас-Суюти де өзінің хадис ғұламаларына арнап жазған «табақат әл-хуффаз» атты еңбегінде Әбу Ханифа туралы біраз сөз қозғаған. Ас-Сютидан кейін имам Ағзамды хадис хафиздарының қатарында атаған танымал мұхаддис Мұхаммед ибн Рустум әл-Хариси әл-Бадахши болатын. Ол «таражим әл-хуффаз» атты еңбегінде атап өтеді.327