Әбу Ханифа туралы Ибн Тәймия не деген?
Қазіргі кезде имам Ағзамға құрметсіздік білдіріп, кейде ауыр сөздер айтудан да тартынбайтын кейбір бауырлардың әрекеті дініміздің өркендеп, ауызбіршіліктің нығаюына зиянын тигізуде. Олардың ұстаз тұтып, сөздерін Құран сөзімен қатар қоятын белгілі тұлғалары арасында Тақиюддин Әбу әл- Аббас Ахмад ибн Абдулхалим әл-Харани Ибн Тәймия да бар. Сол Ибн Тәймия өзінің «Минһаж ас-сунна» атты еңбегінде сахаба және табиғиндардан шыққан үмбетке танымал ғалымдарды атай келіп, Әбу Ханифа мен шәкірттері Әбу Юсуф пен Мұхаммад ибн Хасанды «Дін жолында күндіз-түні бір тынбай ізденген, жамандыққа жаны қас, шариғат мәселелерінде кейде бір сахабаның кейде екінші бір сахабаның көзқарасын дәлел ретінде алатын ғалымдар», – деп атаған.
Ол аталған еңбегінің бір жерінде: «Әбу Ханифа және шәкірттері ақиқат жолына бастайтын тура сөзді ғұламалар», – десе, тағы бір бөлімінде алдыңғы буын ғалымдарын санамалай келе: «Бұл ғалымдардан кейін, жан-дүниесі кіршіксіз таза, ақыл-парасаты мен білімі арқылы жалпақ жұртқа танылған Сағид ибн Мұсайб, Хасан Басри, Ата ибн Абу Рабах, Ибраһим ан-Нахағи, Алқама, әл- Асуад, Ғабида ас-Салмани, Тауус, Мұжаһид, Сағид ибн Жұбайр, Әбу Шағса, Жабир ибн Зайд, Али ибн Зайд, Али ибн Хасан, Ғубайдулла ибн Абдулла ибн Утба, Ғуруа ибн Зұбайр, әл-Қасым ибн Мұхаммед ибн Әбубакір, Әбубәкір ибн Абдуррахман ибн Харис ибн Хишам, Мұтарриф ибн Шиххир, Мұхаммед ибн Уаси, Хабиб әл-Ағжами, Малик ибн Динар, Макхул, әл-Хакам ибн Ғубайда, Язид ибн Әбу Хабиб сынды ұзын саны бір Аллаға ғана мәлім ғұламалар буыны өмір сүрді. Олардан кейнгі буын Әюб ас-Сахтияни, Абдулла ибн Ғаун, Юнус ибн Ғубайд, Жағфар ибн Мұхаммед, Зуһри, Амр ибн Динар, Яхия ибн Сағид әл- Ансари, Рабиға ибн Әбу Абдуррахман, Әбу Зинад, Яхия ибн Әбу Касир, Қатада, Мансур ибн әл-Мұғтамир, әл-Ағмаш, Хаммад ибн Әбу Сүлайман, Хишам ибн Дастуаи, Сағид ибн Әбу Ғуруа секілді ғалымдар. Олардан кейін ислам ілімдерінің туын тігіп көшін бастағандар Малик ибн Әнәс, Хаммад ибн Зайд, Хаммад ибн Сәлама, Лайс ибн Сағд, әл-Әузағи, Әбу Ханифа, Ибн Әбу Ләйлә, Шарик, Ибн Әбу Зиб және Ибн әл-Мажишун секілді ғалымдар», – дей келе, Әбу Ханифа және оның шәкірттерін кейде «бағдар беруші имам дар» десе, еңбегінің тағы бір жерлерінде олар «Ислам көшбасшылары», «діни ілімге бар жігерін арнаған ғалымдар» деп ерекше атап кеткен.280