Әбу Ханифа тапқырлығы мен шешендігі

Тапқырлығы мен шешендігі

Имам Ағзам жас шағында Басра қаласында бір мәжусимен кездеседі. Қалаға сауда жасау мақсатымен келген мәжуси «Мен отқа Алла деп табынамын. Өйткені, ол отты көремін. Ал сендердің Аллаларың жоқ. Бар болса маған көрсетіңдер, әрине, сендер көрсете алмайсыңдар. Ғалымдарыңды, ұстаздарыңды шақырыңдар, маған көрсетсін» деп халықты қатты састырады. Аспаннан түскендей елдің құтын қашырып мазасын алған мына неменің аузын жабу үшін жұрт бір жас баланы шақыртпақ болады. Егер оны жеңсе ұстазын шақыртпақ. Бірақ, мәжуси «Менің майда-шүйделермен дауласып отыратын уақытым жоқ» дейді. Ақыры не керек, ертеңінде ел болып жиналып мешітте белгілі уақытта жолықпақшы болады.
Келесі күні келіскен уақытта мешіт іші лық толып жас жігіт пен мәжусидің пікірталасын тамашаламақ болады. Мәжуси ерте келіп ап орындыққа жайғасып, жас жігітті күтеді. Бірақ, белгіленген уақыт әлдеқашан өтіп кетсе де жас жігіт Әбу Ханифа кешіге береді. Ол кешіккен сайын мәжуси «Оқымыстыларың қорыққанынан келмейтін болды» дейді көтеріле түсіп. Халық та мазасыздана бастайды.
Біраз уақыт өткеннен соң Әбу Ханифа алты айрығынан тер ағып жетеді:
– Айыпқа бұйырмаңыз, ағайын! Кешігіп қалдым. Өзеннің арғы жағалауынан бер жағына өтетін көлік іздеп тұрғанмын. Ешкім көрінбеді, сіздерден ұят болды- ау деп, не істерімді білмей тұрғам, кенет басыма бір ой сап ете қалды. Өзеннің жағалауындағы ағаштарға «Әй, ағаштар, бірің қайық, бірің ескек болыңдар, мен өзеннің арғы жағына өтейін» дедім. Айтып ауыз жиғанымша болған жоқ, сіздерге өтірік, маған шын, ағаштар әп-сәтте бірі қайық, бірі ескек боп мені көзді ашып-жұмғанша бергі жаққа алып өтті, – дейді. Сол-ақ екен, орындықта отырған мәжуси қарқылдап тұрып күлсін кеп.
– Ғалым деп алып келгендерің мынау болса жетіскен екенсіңдер, – дейді, – айналайын-ау, ағаштың өз-өзінен қайық болғанын қай атаңнан көріп едің? Дәл осыны күткен Әбу Ханифа дереу:
– Ағаштың өз-өзінен қайық болмайтынына сенбейсің де, мынау үлкен ғаламды жаратушысыз болуы мүмкін дейсің бе? – дегенде, мешіт іші қуаныштан тәкбір айтып, шулап қоя береді. Орындықта отырған мәжуси:
– Олай болса, неге сендердің Құдайларың көрінбейді. Егер бар болса көрінуі керек емес пе? Ол жоқ болғандықтан көрінбейді, – дейді. Әбу Ханифа мәжусиге:
– Сенің ақылың бар ма екен осы? – деп қарсы сұрақ қояды. «Бар» дейді мәжуси.
– Олай болса, ақылыңды көрсет бізге, – дейді мәжусидің өз сұрағын өзіне қойып. «Оны көрсету мүмкін емес» деген мәжусиге Әбу Ханифа рух, ақыл секілді кейбір бар нәрселердің де көріне бермейтінін айтқанда жамағат дереу тәкбір айтып, қатты қуанады. Әбден тығырыққа тірелген мәжуси ашуланып:
– Басы мен соңы болмайтын біреудің болуы мүмкін бе екен? – деді. Сонда жас жігіт имам Ағзам Әбу Ханифа саспастан:
– Сен санау білесің бе? – дейді.
– Білемін, – дейді мәжуси.
– Бірдің алдында неше бар?
– Бірден бұрын сан жоқ.
– Дәл сол сияқты Алланың да алдында ешқандай жаратылыс жоқ.

«Жығылған күреске тоймас» дегендей мәжуси осы жерде мына сұрақты қояды қырсыға түсіп:
– Жарайды, Алланы бар дейік, онда ол қай жаққа қарай бағыт алып барады?
Бұл сұраққа имам Ағзам хазірет:
– Шамды жаққанда оның жарығы қай жаққа бағыт алады? – дейді.
– Барлық жаққа жайылады, – деп жауап береді мәжуси. Сонда имам Ағзам:
– Шамның жарығы барлық жерге тарайды екен де, жер мен көктің нұры Алла Тағала барша жерді қамти алмай ма екен? Мұны күннің өзі дәлелдеп тұрған жоқ па? – дейді. Жеңілгенін біле тұра ақтық рет амал қылып қалайын дегендей былай дейді:
– Сендер Алланы барлық жерде бар деп ойлайсыңдар. Осыны қалай түсіндірер едің? – дейді. Сонда Әбу Ханифа бір кесе сүт алдырып. Мәжусиге қарап :
– Май сүттің қай жерінде? – деп сұрайды.
– Май мұның барлық жерінде, – деді мәжуси. Әбу Ханифа Алланың бұл әлемнің барлық жерінде бар екенін оның ұғымына шақтап түсіндіріп береді. Мәжуси соңғы сұрағын қояды. Бірақ, басындағыдай емес, алғашқы арыны басылып даусы бәсең шығады:
– Сендердің Аллаларың дәл қазір не істеп жатыр, соны айтшы.
Әбу Ханифа мәжусидің орындығынан түсуін сұрап, орнына өзі отырып алады
да:
– Қазір Алла Тағала сен секілді ақымақ біреуді орнынан түсіріп, мен секілді
жас баланы әлемге ғибрат болсын деп басқалардан бір саты биікке көтерді, – дейді.
Сөзге тоқтаған мәжуси имам Ағзам Әбу Ханифаның ақылы мен зеректігіне таң қалып, рахметін айтып, дереу сол жерде тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болады172.
Тағы бір жолы имам Ағзамның құзырына бірнеше адам келген еді. Имам ға дауыс көтеріп, анадайдан айқайлап жатты. Әбу Ханифа намазда «Фатиха» сүресін оқыса, артында оған ұйыған жамағат оқымайды деген еді173. Сөздің төркінін түсінбеген жамағат имам Ағзамға қарсы шықты. Мынау келгендер де сол дауды айтып, имам ды қате үкім бердіге санап келген екен. Имам Ағзам қаптаған мына адамдарға қарап:
– Мен қазір сіздердің барлықтарыңызбен қалайша бір уақытта сөйлесемін. Араларыңыздан бір өкіл тағайындаңыздар, сол маған барлық мән-жайды түсіндіріп берсін, әйтпесе мен түк те түсініп тұрған жоқпын, – дейді. Олар имам Ағзамға араларынан біреуін таңдап көрсетті де, мына кісі бәріміздің атымыздан сөйлейді деп бір адамды алға шығарды. Сонда имам Ағзам: мен осы кісімен сөйлессем, баршаңызбен сөйлескен боламын ғой, солай ма? – деді.
– Иә, бәріміздің сөзімізді осы кісі жеткізеді, – дейді. Имам Ағзамға да керегі осы, жұлып алғандай:
– Өз сөздеріңізді өздеріңіз қайшы келесіздер. Дәл қазір мына кісі сіздердің орындарыңызға барлығын маған айтады. Намазда да дәл осылай емес пе? имам ның оқуы жамағаттың оқығанымен тең, – дейді. Жамағат мұндай салыстыру

172 Мекки, Манақиб, 155-б.
173 Ханафи мәзһабында имам жамағатпен намаз оқығанда «Фатиха» сүресін оқиды, ал имам ға ұйығандар оқымайды. Жамағаттың оқуы макруһ болады. Өйткені
пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Имамның оқуы жеткілікті»
деген және артындағы сахабалар оқымаған.

тәсіліне таңырқап, имам Ағзамның пәтуасының дұрыс екенін мойындады174.
Мұғира Әбу Ханифаның зеректігіне өзінің таңданысын былай білдіреді: «Әбу Ханифамен бірге ұстазымыз Хаммадтың дәріс алқасында ілім алдық. Бірақ, оған ашылған ілім есіктері бізге ашылмады».
Әйгілі ғалым Маулана Хусамаддин ас-Сығанақи бір дерегінде мынадай бір оқиғаны баяндайды: Бір кісі имам Ағзамға келіп: «Бір уаумен (و) бе, әлде екі уаумен бе?» – деп сұрайды. Сонда имам : «Екі уаумен», – деп жауап береді. Әлгі кісі: «Алла Тағала сізді екі лә (ال) берекеттендірген нәрсесіндей мерейіңді үстем етсін», – дейді де жүріп кетеді. Имам Ағзамның айналасындағылар еш нәрсе түсінбей аң-таң болады. Сонда Әбу Ханифа: «Ол менен (ат-Тахиятты) бір уаулы тәшаһһудты оқиын ба, екі уаулысын оқиын ба деп сұрады. Мен екі уаулысын оқы дедім. Ол маған Құрандағы батыс пен шығыста теңдесі жоқ ағаш сияқты (
) мерейің үстем болсын деп дұға тіледі», – дегенде барып отырғандар түсіне бастайды.175
Бұл оқиғаны біз әлі түсінбегендейміз оны түсіндіру үшін бізге имам Ағзамның сөзін одан ары түсіндіре түсуге тура келіп отыр. Ибн Аббас пен Ибн Масғудтан176 намазда оқылатын «ат-тахият» дұғасының екі түрлі риуаяты кездеседі. Бірінші риуаят « » деп бір «уау» әріпі арқылы әрі бастапқы сөздері сәл өзгешелеу келеді де бұны ғалымдар «бір уаулы тахият» деп атаған.


Екінші риуаят Ибн Масғудтан риуаят етіліп, « » деп екі уаумен келеді. Бұл «екі уаулы ат-тахият» деп аталса керек.

имам Ағзамның осындай ұшқыр ойлылығына қарапайым халық емес танымал ғалымдардың өзі қайран қалатын болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *