Әбу Ханифа табиғин ба?
Кейбір кітаптарда Әбу Ханифаның сахабалармен жолыққандығы және олардан хадис риуаят еткендігі жазылған. Кейбір қайнаркөз кітаптарда «Әбу Ханифа өзімен замандас ғалымдар яғни Суфиан Саури, Әузағи, имам Мәлік секілді жолдастарынан табиғин болу құрметімен озып кетті», – делінеді103.
Тарихи дереккөздерде Әбу Ханифаның ұзақ өмір сүрген сахабалармен жолыққандығы жайлы мәліметтер келтірілген. Мысалы, олардың арасында һижра жыл санауы бойынша 93 жылы дүниеден озған Әнас ибн Мәлік, 87 жылы қайтыс болған Абдуллаһ ибн Ауф, 85 жылы қайтыс болған Уасила ибн Асқия, 88 жылы қайтыс болған Сәхл ибн Сайда және ең соңғы болып 102 жылы Меккеде көз жұмған Әбу Туфайл Амр ибн Уәсила секілді сахабалар бар104. Міне, осылар секілді ұзақ өмір сүрген сахабалармен жолығуы әбден мүмкін. Бірақ, олардан хадис риуаят етіп-етпегендігі жайлы түрлі пікірлер бар. Ғұламалардың біршамасы Әбу Ханифаның сахабалардан хадис риуаят еткендігін растап, ол хадистерді атап айтқан. Бірақ, хадис ілімінің мамандары бұл риуаяттардың әлсіз екендігін алға тартады.
Енді осы ретте «Әбу Ханифа табиғин бе?» деген сауал туындайды. Ғұламалар
«Табиғин» сөзін түсіндіруде түрлі көзқарас білдірген. Кейбір ғұламалар «Табиғин» сөзін түсіндіргенде, «сахабамен жолығу жеткіліксіз, онымен сөйлесіп, одан
99 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 233-233-б.
100 Ф. Сезгин, 1-т., 318-б.
101 Ф. Сезгин, 1-т., 433-б.
102 Сәймиәри, 90-152-б.
103 әз-Зәхәби, Манақибу имам Әби Ханифа, 14-бет.
104 Мекки, Манақибу Әби Ханифа 1-т., 24-б.; Ибн Хажар Хайсами, Хайратул- хисан, 23-б.
хадис риуаят еткенде ғана табиғин болады» деп, жолығумен қатар риуаят етуі де шарт деп есептеген. Бұл көзқарасқа сүйенсек, Әбу Ханифа табиғин санатына жатпайды. Ал басқа бірқатар ғалымдардың көзқарасы бойынша, сахабаны көрген кісі олардан хадис риуаят етпесе де, табиғин санатына қосылады105. Олай болса, осы көзқарасқа орай Әбу Ханифа сахабаны көргендіктен табиғин саналады106.
Әрине, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мақтаған ізгі ұрпақ
табиғин санатына қосылу Әбу Ханифа үшін үлкен мақтаныш болары сөзсіз. Бірақ, оның имам Ағзам деген абыройға бөленуі тек табиғин болғандығында емес, мұсылман үмбетіне жасаған ұшан теңіз еңбегінің нәтижесінде екенін ескерген жөн.