Әбу Ханифа неге қазы болудан бас тартты?

Әбу Ханифа неге қазы болудан бас тартты?

Әбу Дәуіттің «Сунан» кітабында Әбу Хұрайрадан риуаят етілген хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім қазылық қызметті қалап, ойындағысы орындалар болса және берген үкімдерінде әділдігі әділетсіздігінен басым түссе – жаннаттық. Ал егер айтқан шешімдерінің әділетсіздігі басым түссе – тозақтық болады»256 деген. Қазылық – күрмеуі көп қиын іс. Әр үкім үлкен парасат-пайымды қажет етеді. Әйтпесе, елге қиянат жасайды. Ал ақыретте қиянаттың жазасы ауыр болмақ.
Муслим ибн Иасардан Әбу Хұрайра жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мен айтпағанды айтты десе, тозақтан өзіне бір үй тұрғызған болады. Кімде- кім білімсіз пәтуа берсе, күнәсі пәтуа бергенге қалады, кім ақиқатты біле тұра басқа жол көрсетсе, қиянат жасаған болады»257 деп, білімге сүйенбей пәтуа берудің ақыры ауыр азапқа душар ететіндігін айтқан. Өйткені, кез-келген пәтуа – тікелей дінге қатысты мәселе.
Бір күні халифа Әбу Жағфар әл-Мансур Әбу Ханифаны, Суфян әс-Сәури және Шәрикті алдына шақырды. Олар халифаның құзырына келгенде, Суфянға: «Басра қаласының қазылығына сені тағайындаймын, сол міндетті атқару үшін сол жерге бар!», – деді. Шәрикке: «Куфаның қазылығына сені тағайындаймын. Сол міндетті атқар!» – деп бұйрық берді. Әбу Ханифаға: «Сен осы мен тұрған қала мен аймақтың қазысы боласың, осы міндетті мойныңа аласың!» – деді. Мансур қорғаушыларына: «Оларды қадағалайтын адамдарды тағайындаңдар. Кімде-кім қабыл етпесе, жүз дүре соғыңдар!» – деп жарлық түсірді. Шәрик қазылықты қабылдады. Суфян әс-Сәури Иеменге қашып құтылды. Әбу Ханифа қазылықты қабылдамады. Оған жүз дүре соғылып, қайтыс болғанға дейін қамауда болды. Халифаның күндегі талабын күнде қабылдаудан бас тартады. Үшінші күні халифаға: «Ей, Мұсылмандардың басшысы! Менің қазылық ету құқығым жоқ. Егер мен дұрыс айтып тұрған болсам, құқығы жоқ біреуді қазылыққа тағайындау сізге сын. Ал, өтірік айтып тұрсам, өтірікшіні қазылыққа итермелеген саған тағы сын», – деді. Халифа бұған қатты ашуланып, ұрып, соғып қамауға алуды бұйырды. Ол сол күйі қамауда қайтыс болды.258
Лайс ибн Надр Әбу Ханифаның қазылықты қабылдамауына байланысты
көрген қысымын еске алып былай дейді: «Әбу Ханифа бас қазы болуға деген ұсынысты қабылдамай қамауға алынған болатын. Онымен қоймай халифа қала көшелеріне шығарып, масқаралаған болатын. Оның аянышты хәлін көрген Ибн Шұбрама: «Мына бейшараға не болған? Қазылықты қабылдай салса, бір нәрсе болатындай сірә», – деп, қағытқанда Әбу Ләйла: «Ол қазір сен екеуімізге бейшара көрінгенімен, ақыретте екеуімізден дәрежесі әлдеқайда жоғары болары анық», – деген еді».
Заһир әл-Ислам әл-Марғинани Хумайриден ол әкесінен мынадай бір оқиғаны естігенін айтады: «Халфа Мансур имам Ағзамды Бағдатқа апарғанда мен де бірге бардым. Имам халифаның алдына кіріп шыққанда, өң-түсі өзгеріп кеткендігін байқап не жағдай болғандығын сұрадым. Ол былай деген еді: «Халифа менің Бас қазы болуымды талап етті. Мен қазы болардай қабілетім мен құзіретім жоқ екендігін айттым. «Менде сенің және жақындарың мен балаларыңның сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайтындай батылдық тіптен жоқ» дедім. Ол: «Менің жіберген тарту-таралғыларымды неге қабылдамағансың?» – деп шүйлікті. Мен: «Мемлекет

256 Әбу Дәуіт, Сунан, 3575.
257 Әбу Дәуіт, Сунан (439/2)
258 Кердерлік Ханафи ғұлама, 86-бет.

қазынасынан жіберген сый-сияпатты қабылдайтын мен соғыс ардагері емеспін, одан үлесім болатындай кедей де емеспін. Сонда оны қалай қабылдамақпын?» дедім. Ол маған: «Жүре бер! Бірақ есіңде болсын, қазылар үкім шығаруда тығырыққа тірелсе, сенің төрелігіңе жүгінетін болады», – деді».259
Асым ибн Абдулжаббардан риуаят ете отырып Мұхаммед ибн Хасан әл- Халаби былай дейді: «Абдулла ибн Мүбарактың жанында болатынмын. имам Ағзам туралы біраз сөз қозғалды. Бір кезде Ибн Мүбарак: «Сіздер кім туралы сөз қозғап отырғандарыңызды білесіздер ме?! Ол — төрткіл дүниенің салтанатынан бас тартқан адам», – деді».260 Шынымен де жарты әлемге билігін жүргізіп тұрған Аббаси мен әмауи мемлекеттері тұсында бас қазы болу оңай абырой емес еді.
Қазы имам Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Али ад-Дамғани былай дейді: имам Ағзамға қазылық қызметі ұсынылған. Қабылдамаған соң ұрылып-соғылды, ол сонда да қабылдамады.261 Ерекше тақуалығы болмаса ондай лауазымды қызмет ұсынылса, кез-келген адам қуана қарсы алары сөзсіз. Оның жауапкершілігі мен ауыр жүгі, саяси билікке бүйрегі бұрылмай әділ үкім шығарудың мүмкін болмайтындығы ойына да кіріп шықпас еді.
Имам Марғинани былай дейді: «Имам Ағзамның әрі көршісі болып келетін шәкірттерінің бірі өзі куә болған бір істі былай еске алады: «Рамазан айының түндерінің бірінде түс көріппін. Түсімде имам Ағзам пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірінің жанына барып, оның қабірін ашып, топырақтарын оңды-солды шашып жатыр екен деймін. Айналадағылрдың ешқайссы еш нәрсе демейді. Оянғанда бұл түсімнен қатты қорықтым. Сол кезде түс жорумен атағы шыққан Басрадағы Ибн Сиринге барып жорытуға бел байладым. Сөйтіп, Ибн Сиринге келіп түсімді айтып, жорып беруін өтіндім. Ол: «Түсіңде көрген кісі фақиһ па?» – деп сұрады. (Түс жорытушы имам Ағзамның атын айтпаса керек) Мен: «Иә, дәл солай», – деп жауап бердім. Ибн Сирин: «Олай болса, көрген адамың ешкімнің жете алмаған биігіне көтеріліп, пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)іліміне қол жеткізіп, оны төркіл дүниеге таратады екен», – деді. Басрадан Куфаға қайтып келгенімде имам менен: «Көрінбей кеттің ғой, қайда барып келдің», – деп сұрады. Мен: «Басраға барып келдім», – дедім. Ол: «Сонша алыс сапарға шығып келгеніңді маған неге айтпадың», – деді таңданып. Мен «Мені Басраға апарып келген сіз болдыңыз», – дедім де болған оқиғаны баяндап бердім. Ол асықпай тыңдап, түстің жоруын естігенде жаны жай тауып кеңіп қалғандығын байқадым». Көршісінің имам үшін, оған білдірмей 120 фарсах (шамамен 500-600 шақырым) қашықтықтағы жерге барып келуі бізге имам Ағзамның көршілерімен қандай қарым қатынаста болғандығын көрсетсе керек».262

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *