Әбу Ханифаға қазылық не үшін ұсынылды?

Әбу Ханифаға қазылық не үшін ұсынылды?

Әбу Ханифа өз көзқарасына сәйкес келмегендіктен Куфа қазыларының берген үкімдерінің дұрыс емес тұстарын ашық айтып, сынға алып отыратын. Ешкімге бүйрегін бұрмай әділдігін айтатын. Ал, бұған қазылар сын түзелмей мін түзелмейді деген оймен емес, пендешілікпен қарап, кек сақтайтын. Олардың бұл істері кейде әміршілердің алдында Әбу Ханифаны жамандауға дейін апаратын. Мысалы сол кездегі Куфа қазысы Ибн Әбу Ләйләнің шағымымен біраз уақыт Әбу Ханифаның пәтуа беруіне тыйым салынған. Айтуға қарағанда мәселе
259 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 231-бет 260 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 232-бет 261 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 230-бет 262 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 238-бет

былай болған: Ақыл-есінде сәл кемістігі бар әйелді бір кісі ашуландырса керек. Әйел: Сен, екі зинақордан туғансың! – деп қойып қалады. Әлгі кісі бұған қатты намыстанып, Куфаның қазысы Ибн Әбу Ләйләға шағымданып барады. Қазы істі қарап, әйелді жазалауға үкім шығарады. Әйелге мешітте тікесінен тұрған күйі, әкесіне және шешесіне тіл тигізгені үшін екі рет дүре соғылған. Мұны естіген Әбу Ханифа:
Қазы бұл жерде алты түрлі қателік жіберген. Біріншіден мешітте кінәлі адамды жазаға тартуға болмайды. Екіншіден, әйелді түрегеп тұрғанда жазаға тартуға болмайды, ол отыруы керек. Үшіншіден, әкесі үшін бір, шешесі үшін бір рет бөлек бөлек дүре жазасы берілген. Егер ол көп адамға тіл тигізген болса ше? Төртіншіден, екі дүре жазасын қатарынан қолдануға болмайды. Бесіншіден, ақылында ауытқуы бар адамды жазаға тартқан, ол негізінде жауапкер болып саналмайды. Алтыншыдан, жоқ адамдарға тіл тигізбеген, қазыға келіп шағымданған олар емес еді, – дейді.
Осы ескертулер мен сынды көтере алмаған Ибн Әбу Ләйлә әміршіге шағым түсірді. Сөйтіп, Әбу Ханифаның пәтуа беруіне бір мезет тыйым салынды.
Әбу Жағфар әл-Мансур Әбу Ханифаға қазы болуды ұсынып, ол қабылдамағасын «қайтсем де сені көндіремін» деп ант етті. Әбу Ханифада
«қабылдамаймын» деп ант ішті. Халифаның қызметкері Рабиғ:
– Сен халифаның ант ішкенін көрмей тұрсың ба? – деп еді. Ол:
– Анттың каффаратын өтеуде маған қарағанда халифаның мүмкіндігі жоғары. Ақыры қабылдамағасын тағы зынданға тасталды. Осындай күндердің бірінде Әбу Ханифа: Алладан қорқып, қазылық аманатын Алладан қорқатын біреуге міндетте. Мен өзіме сенбеймін. Егер маған Фрат өзеніне тұншығып өлу мен қазылықтың бірін таңда десең, мен суға батып өлуді таңдаймын. Сенің айналаңда мансапқұмарлық бар. Біреуден сыйлық дәметіп тұрады. Мен бұған лайық емеспін, бұл қолымнан келмейді, – деген, халифа:
– Өтірік айтасың, сен бұл міндетке лайықсың! – деп қаһарланады. Сонда ол:
– Өзің айтып тұрсың ғой, өтірік айтасың деп, ондай адамға қалай қазылық қызметті міндеттемексің, – депті.263

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *