Әбу Ханифаға не үшін сын айтылды?
Әбу Ханифаның Ислам фиқһына сіңірген қыруар еңбегіне қарамастан, имам көзі тірісінде де, дүниеден озғаннан кейін де осыған қатысты дау-дамайдан құтылмаған. Осылайша, бұл дау ғұлама дүние салғаннан кейін де толастамады. 213 Ш. У. әд-Дәхләуи, Хужжәтул-лаһил-бәлиға, Мысыр, һ. 1332, 1-т., 534-б.,
214 Әбу Зәхра, Әбу Ханифа, 198-202-б.
215 А. Бардакоглы, // Ханефи мезхеби, Ислам Ансиклопедиси, ТДУ, 16-т., 1-б.
216 Бұхара мен Самарқанд аймағында ІІІ/ІХ ғасырда Ирак фиқһының ханафи фиқһына ауысуында әуелі Әбу Ханифаның жеке басының қасиеттері мен Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбанидің 6 еңбегі маңызды рөл ойнады. Қараңыз: А.Муминов. «Роль и место ханафитских улама в жизни городов Центрального Мавараннахра (V-VII/VIII-XIII
вв.)», Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук, Ташкент-2003, 20-б.
217 А. Әділбаев, Әбу Ханифаның Ислам құқығы (фиқһ) саласындағы орны // Қазақстандық халықаралық құқық журналы, № 1 (41), Алматы, 2001, 3-9-б.
Сол пікірлердің кейбір сарқыншақтарының әлі күнге дейін сақталуы өкінішті- ақ. Осындай ірі тұлға имам Ағзамға жабылған жалалардың негізгі себептеріне қысқаша ғана тоқтала кетейік.
Әбу Ханифаның өзгешелігінің бірі – қияс тәсілін жиі қолдануда. Оның себебі, жоғарыда атап өткендей, ол Хижаздан мүлде бөлек, әрдайым түрлі толқулар орын алған орта мен дәуірде өмір сүрді. Фиқһтық мәселелерді әр түрлі қырынан алып талқылағандықтан, сол кезде орын алған жағдайлармен қатар болашақта орын алуы мүмкін деген ахуалды да қарастырып, ижтихад жасаған. Әрине, бұл әхлул- хадистің ұстанған әдісінен өзгеше еді. Оның қиясты жиі қолданғаны ақиқат. Бірақ, осы әрекетіне бола оны сынға алудың ешқандай да жөні жоқ. Өйткені, сахабалар кезеңінің өзінен бастап-ақ, мұсылман ғалымдары осы әдісті қолданғаны мәлім. Ал имам Ағзамның ерекшелігі – қиясты белгілі бір жүйеге салып, реттей отырып, туындауы мүмкін-ау деген мәселелерге жауап табуда қолданғанында еді. Өйткені, Ирак аймағының өмір шарттары қандай да бір мәселе туындаған жағдайда үнсіз қалуды емес, сол мәселенің шешімін шариғат өлшемдеріне сәйкестендіре отырып, мұсылмандарға жол көрсетуді талап етті. Оны «Аят-хадис тұрғанда қиясты таңдады және ахад хадистерді дәлелге санамады» деп сынаудың ешқандай да ғылыми негізі жоқ218.
Әлі орын алмаған мәселелерді қозғау кейбір білімді кісілерге аса ұнай
қоймады. Олар мұндай тәсілге «Босқа уақыт жоғалту», «Пайдасыз істермен халықтың миын ашыту» деп қарады. Мәселен, Зәйд ибн Сәбиттен қандай бір мәселе жайында сұрала қалса «Бұл болған жағдай ма?» деп сұрайтын еді. «Әзірге бола қойған жоқ» десе, ол: «Болмайынша оның жауабын іздеп, әлекке түспеңдер» деп жауапсыз қалдырғанды жөн көретін. Ал мүжтәхид имам саналған Әбу Ханифа бұлай ойламайтын. Халыққа дұрыс бағыт сілтеп, жол көрсету үшін болашақта туындауы мүмкін деген мәселелердің шешімін табуға тырысқан219. Орайы келгенде мына бір оқиғаны айта кетейік. Қатада Куфа қаласына келген кезде Әбу Ханифа оған мынадай сауал қояды: «Уа, Қатада! Егер бір кісі бірнеше жыл қарасын көрсетпей кетті делік. Әйелі оны өлдіге санап, басқа біреуге тұрмысқа шығады. Сол сәтте алғашқы күйеуі қайтып оралып, өзінің қалың малын талап етеді. Мұның үкімі қандай?» деп сұрағанда, Қатада: «Бұл өмірде болды ма өзі?» деп өзіне қайыра сауал қояды. Әбу Ханифа: «Жоқ» деп жауап берді. Қатада: «Сен неге әлі болмаған мәселелерді қозғайсың?» деді. Сонда көреген Әбу Ханифа: «Басымызға қиындық келмей тұрып, қамдануымыз қажет. Осындай жағдай орын ала қалған кезде, одан шығудың жолын да білетін боламыз» деп жауап қайтарады220.