ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ

ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ

Аты-жөні мен ата-тегі

Әбу Ханифа һижра жыл санауы бойынша 80 жылы (милади 699 жылы) Куфа қаласында Омеядтар (Әмәуи) халифасы Абдул Мәлік ибн Маруанның халифалық тұсында дүниеге келген2. Ата-бабасы Кабулдан қоныс аударған. Өмірінің елу екі жылын Әмауилер кезеңінде, ал қалған он сегіз жылын Аббасидтер кезеңінде өткізді.
Әбу Ханифаның әкесінің аты – Сәбит, атасының есімі – Зәута. Әбу Ханифаның ұлтын араб3, набатей, түркі4, т.б. дегендер кездескенімен, Әбу Захра оның дәулетті парсы әулетінен шықты деген көзқарасты көпшілік ғалымдар қолдайтынын айтады.5 Атасы Зәута Вавилонда туылған. Мұсылмандықты қабылдап, азаттығын алғаннан кейін аз уақыттың ішінде бұрынғы дәулеті мен беделіне қол жеткізген. Көпшілік ғалымдар Әбу Ханифаның шын аты ән-Нұғман ибн Сәбит ибн Зәута екендігін айтқан6. Лақаб аты: Араб елінде лақап атпен атау құрмет-сыйды білдіреді. Алып имам ның кең танымал лақабы – Әбу Ханифа. Әбу Ханифа сөзінің негізі «Ханиф» сөзінің муәннәс (әйел текті) формасынан тарайтын араб әдеби тілінде «Тақуа құл» деген мағынаға саятын «Ханифадан» келеді. Ал Ирак диалектісінде «Ханифа» деп жазу құралын атаған. Яғни, имам Ағзам үнемі қаламды беліне тағып алып жүргендіктен солай аталып кеткен деген де көзқарастар бар7. Сонымен қатар, Ханифа атты қызы болғандықтан осы лақаппен аталған деген пікірлер кездескенімен, оны ғұламалар құптамаған. Өйткені, онда Хаммадтан басқа ұл немесе қыз баласының болғаны жайлы нақты мәлімет жоқ8. Басқа да риуаяттарға зер салсақ, ғалымдардың айтуынша, «Әбу» сөзінің аудармасы «Әке» мағынасымен қатар, «иесі, өкілі, басшысы, жетекшісі», ал ханифа сөзі «хақ, тура жол» дегенді де білдіреді. Олай болса, Әбу Ханифа деген сөздің мағынасы «Хақ жолдың бастаушысы, тура жолдың жетекшісі» дегенге саяды9. Демек, Әбу Ханифа халыққа дұрыстығы әрі туралығымен танылғандықтан, қалың жұртшылық имам ға «Хақ дін, тура жолдың басшысы»
2 Имам Хафиз әз-Зәхәби, Манақибу имам Ағзам Әби Ханифа уә сахибәйхи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан, Ләжнәту ихяил-маарифи ән-Нумания, Бейрут, һижри 1419 ж., 3-басылым, 13-бет.; Хатиб Бағдади, Тарихул- Бағдад, Бейрут, жылы көрестілмеген, 13-т., 330-б.
3 Әрине, оны араб деу шындыққа жанаса қоймайды. Өйткені, оның мәуәлиден екені белгілі. Ал мәуәли деп араб еместерге қарата айтылған.
4 Түріктің кейбір ғалымдары Әбу Ханифаның атасы Зәутаның Термездік, ол кезде Термез аймағының түрік халықтарының көп шоғырланған аймақ екенін айта келе, түрік болуы ғажап емес дейді.
5 Әбу Захра. Әбу Ханифа, хаятуһу уә асруһу, арауһу уә фиқһуһу, Дарул-фикрил-араби, Каир, 1997; Батыр Р., Абу Ханифа жизнь и наследие, «Медина» баспасы, Н.Новгород- Ярославль, 2007, 15-б.
6 Хатиб әл-Бағдади, Тариху мәдинәтис-сәләм, Бейрут, 2001, 15-т., 446-б.; әл-Мекки,
Манақиб, 37-б.
7 Хайсами, Хайратул-хисан фи манақиби әл-Имамил-Азам Әби Ханифәтин- Нуман, Бейрут, 1983, 41-б., Р. Батыр, Абу Ханифа жизнь и наследие, 16-б.
8 И. Хаккы Үнал, имам Ебу Ханифенин хадис анлайышы ве ханефи фықһынын хадис методу, Анкара, 1994, 16-б.
9 Әбсаттар Қажы Дербісәлі, Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа, «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2007, 13-б.

деп лақап тағып құрметтеген. Осы айтылған анықтамалардың қай-қайсысы да имам Ағзам Әбу Ханифаға әбден лайықты.
Әбу Ханифаның жалғыз ұлы Хаммадтың Омар және Исмағил деген екі ұлы болған.

Әзірет Әлидің (р.а.) дұғасының кереметі

Имам Ағзамның атасы Зәута Куфада төртінші халифа хазірет Алимен (р.а.) жолығып, Наурыз мейрамында оған мухаллаба (тәтті) сыйлағандықтан осы жиында хазірет Али (р.а.) Зәутаның қасындағы баласы Сәбитке ізгі ұрпақ нәсіп болуын тілеп, «Алла Тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін!» деп дұға қылған10. Имам Ағзамның немересі Исмаил ибн Хаммад: «Біз осы дұғаның қабыл болғанына сенеміз»11, – дейді. Шын мәнінде, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұрпағын жалғастырған ілім дариясы хазірет Алидің дұғасы орындалып, барша мұсылман үмбетіне ізгі іс қалдырған Әбу Ханифа дүниеге келді. Бәлкім, Әбу Ханифаның пайғамбар ұрпақтарына деген терең сүйіспеншілігінің астарында да осы дұға жатқан болар, кім білсін.


10 Әбу Абдуллаһ Хусәйн ибн Али әс-Сәймиәри, Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи,
Бейрут, 1985, 2-б.
11 Ибн Халликан, Уәфәятул-аъян уә әнбәи әбнәиз-заман, Бейрут, жылы көрсетілмеген, 5-т., 405-б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *