Құлшылығы
Имам Ағзам Әбу Ханифаның түнгі намазын қиямда тігінен тік сағаттап ұзақ оқитындығына байланысты былайғы жұрт оны «Діңгек» деп атаған. Бұл жайлы көптеген риуаяттар бар. Солардың бірінде Әбу Асим Набил: «Әбу Ханифа намазды ұзақ оқитыны сонша, оны білетіндер «Діңгек» деп атап кетті» деген157.
Әбу Ханифа өзі туралы жақсы ойлап, жағымды пікір қалыптасқандардың сөзін жалғанға шығармау үшін олардың сенімінен шығып, лайықты әрекет етуге тырысатын. Әбу Юсуфтың мына бір сөзі соған дәлел. «Әбу Ханифамен бірге кетіп бара жатқан едім. Анадай жерде екі адам өзара сөйлесіп тұрған. Кенет, біреуі екіншісіне: «Әбу Ханифа түнде ұйықтамайды» дегенін құлағымыз шалып қалды. Мұны естіген ұстазым: «Аллаға ант етемін! Ешкім де менің істемеген ісімді айтпайды» деп, елдің өзі жайлы оң пікіріне лайық болу үшін сол күннен бастап түнгі уақытын намаз оқумен, Аллаға дұға етумен, құлшылықпен өткізетін болды».
156 Бағдади, Тарихул-Бағдат, 8-т., 360-б.
157 әз-Зәхәби; Манақиб, 21-б.
Басқа бір риуаятта Яхия әл-Химани деген кісі әкесінің былай дегенін естіген:
«Мен Әбу Ханифамен алты ай бойы таң уақытында бірге болдым. Ол құптан намазының дәретімен таңғы намазын оқитын және әр түні таңға дейін Құранды толық хатым ететін»158.
Ал Ибн Мубарактың Әбу Ханифа жайында «Бір дәретпен бес уақыт намаз оқыған» дегені де бар. Бұл риуаяттар Әбу Ханифаның құлшылыққа барынша берілгендігін көрсетеді. Ол ел жастыққа бас қойғанда тынығып алудың орнына құлшылық еткенді жөн көрген. Шамасы келсе, аз ұйықтап, көп құлшылық етуге тырысқан.
Оның құлшылық еткен уақыты ұйқыға жіберген уақытынан көп. Әбу Ханифаның баласының тәрбиешісі былай дейді: «Әбу Ханифаны танып-білгелі оның бар түнді толық ұйқымен өткізгенін көрмедім. Жаз мезгілінде бесін мен екінті намаздарының арасында ұйықтайтын. Ал қыс мезгілінде түннің алғашқы уақытында мешітте көз шырымын алатын», – дейді. Абдуллаһ ибн Муқри: «Егер сен Әбу Ханифаның намаз оқып жатқанын көрсең, оның бар тіршілігі тек намаз оқу шығар деп қаласың» деп159, Әбу Ханифаның намазға деген ықыласының қаншалықты жоғары болғандығын айтады.
Әбу Ханифа Құран аяттарының мән-мағынасына бойлап, зер сала оқитын еді. Нәпіл намаздарында аяттың мағынасына бойлаған сайын айрықша толқитыны сонша, кейбір аяттарды оқығанда көзінен жас тоқтамай, таң ағарып атқанға дейін құлшылық ететін. Бұл жайында Қасим ибн Муғин: «Әбу Ханифа тахажжуд намазында « » «Әлбетте, оларға уәде етілген қиямет күн өте үрейлі, әрі тым ащы бір мезгіл»160 деген аятты оқығанда еңкілдеп, Аллаға жалбарынып, таң атқанға дейін осы аятты қайталаумен болды» дейді.
Имам Әбу Дамара Әбу Ханифаның үздіксіз әрі басқалардан көбірек ғибадат ететіндігіне таңырқап: «Имам Ағзамның көптеген жұмысы бола тұра, соншалықты көп ғибадат етуге уақытты қалай табатындығына қайран қаламын»,161 – дегендігін Ирактың Әнбар өңірінен шыққан әйгілі хадисші ғалым Исхақ ибн Бахлул (қ.164һ)162 хабардар етеді.
Сәлим ибн Ясар былай дейді: «Меккеде Хасан ибн Мұхаммедтің ғылыми мәжілісінде болдым. Оның былай деп жар сала сөйлегеніне куә болдым: «Уа, мұсылмандар! Пайдалы ілім алуға құлшыныңдар, Ұлы Алла Тағалының құрметі үшін айтайын, имам Ағзамның ілімінен артық пайдалы ілім бар деп айта алмаймын. Сіздер де одан ілім үйреніңіздер. Аллаға ант ете отырып айтайын, мен өз өмірімде имам Ағзамдай фақиһ әрі құлшылығы мол адамды кездестірмедім. Өйткені, оның сөзі – ісі мен амалына сай болатын. Маған өте сенімді бір кісі:
«Имам Ағзам Меккеге келгенде алты ай бойы менің қонағым болды. Сол алты айдың ішінде оның түн баласы ұйықтағанын көзім шалмады. Оның не намаз оқып жатқанын көрем, не қасиетті кағбада тауапта жүргенін көретінмін», –деген еді».163
Имам ас-Саймари имам Ағзамның дәріс алқасында болған кездерін еске алып былай дейді: «Имам дүниеден озған шағына дейін дәрісіне үзбей қатыстым.
158 Бұл да сонда, 21-б.
159 Бұл да сонда, 22-б.
160 «Қамар» сүресі, 36-аят
161 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 93-бет.
162
http://library.islamweb.net/
163 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 247-бет
Оның күндіз тамақ ішкенін, түнде жатып ұйықтағанын көрген емеспін. Тек түсте біраз тынығып алатын. Ал, пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кімде- кім үздіксіз ораза тұтса, ол ораза тұтпағанмен бірдей болады», «Дененің өзіндік азықтық ақысы бар, әйеліңнің де сенде өзіндік ақысы бар(уақыт бөлу керек)»,
«Мен болсам, ұйықтап демалам, намаз да оқимын, ораза да тұтам. Сондай-ақ, аузым ашық күндер де болады» деген хадистерін қалай түсінуге болады деген сұрақ туындаса, үздіксіз ораза тұтуға тыйым салудың сыры – бұған әркімнің бір шамасы келе бермейтіндіктен, рақымшылықпен қарағандық болып табылады. Әйтпесе, қатаң тыйым салынбаған. Адамның жаратылудағы мақсатының өзі ғибадат бола тұра, оған қалай шектеу қойылсын. Фақиһтар үздіксіз құлшылық жасауды табандылық пен ерекше төзімділіктің белгісі деп білген».164
Түндері намазды ұзақ оқитындығы соншалық оны ел-жұрт тірек деп ойлап қалатын. Имам Ағзам қайтыс болғаннан соң көрші үйдің баласы «Ата көршінің үйінің ортасында бір тірек тұрушы еді, сол тірек құлап кетіпті ғой»,– деген немересіне «Е, балам, ол тірек емес сол шаңырақтың иесі – имам Ағзам Әбу Ханифа ғой. Ол күнде аяғынан тік тұрып, таңға дейін намаз оқитын еді. Міне, ол кісі енді бақилық болды»,– деп терең күрсінген екен.
Имам әл-Халаби Мұмаммед ибн Ләйстің былай дегенін айтады: «Куфа қаласына аяқ басып кіргенде бұл өңірдегі ең көп құлшылық ететін адамның кім екенін білгім келді. Сонда, «Имам Ағзам» деген жауап алдым. Біраз уақыт өткеннен кейін ең фақиһ кім екендігін сұрастырдым. Тағы да «Имам Ағзам» деген жауап алған едім».
Хатиб әл-Бағдади өз еңбегіне Суфян ибн Ғуяйнаның және Әбу Мұтиғтың былай дегендерін жазады: «Қаситті Меккеге имам Ағзамнан артық көп намаз оқитын адам келген емес», «Меккедегі кезім болатын күндіз де, түнде де қай уақытта Кағбаны тауап етуге барсам, Әбу Ханифа мен Суфянды көретінмін».
Хатиб әл-Бағдади еңбегінің тағы бір жерінде Яхия ибн Әюб, Нәфс ибн Абдуррахман Әсәд ибн Амр секілді ғалымдардың сөзіне сүйене отырып былай деп жазды: имам түні бойы ұйықтамай ғибадат ететін, ол отыз жылдың түнін әр екі ракағатта Құранды бастан аяқ хатым етіп намаз оқумен өткізген. Ол түнімен құлшылық қылатыны соншалық қырық жыл бойы құптан намазындағы дәретімен таң намазын оқыған. Баласы Хаммадтың айтуынша, имам қайтыс болғанда оны жуындырып, арулап жатып Хасан ибн Аммар: «Алла Тағала сені рақымына бөлесін. Отыз жыл бойы үздіксіз ораза тұттың, қырық жыл бойы жамбастап жатпадың. Япыр-ай! Сенен кейінгілердің жағдайы қалай болар екен»,
– деп мұңайған.165
Бұл сырттай қарағанда мүмкін еместей көрінгенімен, оның шәкірттері имам Ағзамды үнемі құлшылық еткенін көргендіктен кейде 20 жыл, кей жерлерде 40- 45 жыл бойы түнімен ғибадат етті дегендерін кездестіруге болады. Демек, осыған қарап сол қырық жылдың ішінде түнін құлшылыққа арнамаған күндерінің өте аз болғандығын пайымдауға болады.
Бүгінде жылдың бір түнін толық ғибадатпен өткізбейтін, намазда Құранды толық оқығанды былай қойғанда Рамазан айында тарауық намазының 20 ракағат оқылуын артық көріп, сегіз ракағатына зорға шыдас беретін кейбір бауырларымыз өздерінше «Әбу Ханифа да пенде болған», «ол да біз сияқты адам» деп менменсиді. Осыны білместік пен құрметсіздік демеске не шара?
164 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 240-бет
165 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 241-бет
Әбу Ханифаның үкім шығарудағы