Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмырына арналған еңбектер

Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмырына арналған еңбектер

Манақиб – сөздікте «мақтауға тұрарлық іс-әрекет» деген мағынада қолданылады. Ал, ислам терминологиясында жеке тұлғаның ізгі қасиеттері 286 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 135-бет.

немесе бір қаланың ерекшеліктері мен артықшылықтарына қатысты еңбектердің атауы ретінде қалыптасқан. Бұл сөз термин ретінде ІІІ (ІХ) ғасырда қолданыла бастаған. Мысалы: Хадис жинақтарында пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалардың ізгі қасиеттері туралы арнайы бір бөлімнің атауы «китаб әл- манақиб» деп аталған. Жеке тұлғаларға арналған ең алғашқы әдебиеттерден Ибн әл-Жазаридің «Әсна әл-маталиб фи манақиб Әли ибн Абу Талиб» атты еңбегі мен Ибн Шаһаршубтың (?-588/?-)«манақиб Әли ибн Абу Талибын» атауға болады. Мәзһаб имам дарының ішінде манақиб еңбегі ең алғаш имам Ағзам Әбу Ханифаға қатысты жазылған. Ал, қасиетті орындарға арналған еңбектерден
«Манақиб әл-Макка әл-Мукаррама», «Манақиб әл-Қудус аш-Шариф» секілді шығармаларды айтуға болады. VI (ХІІ) ғасырдан кейін «манақиб» сөзінің орнына
«мақамат», «Нафахат», «Рашахат» деген атаулар да қолданылған287. Осы атау түркі жұртына кең тарап, кейде оны «манақибнама» деп те атаған. Осылардың қатарында Қарахан әулетінің сұлтаны Сатуқ Бура ханға арналған «Тәзкара Сатуқ Буғра Хан» және ас-Сығнақидың «Манақиб Ахмед Яссауи» атты еңбетерін де атауға болады288. Тарихи әдебиттерге көз жіберсек, жер-су атаулары мен жеке тұлғалардың өмірі мен еңбектеріне байланысты деректерді зерттеуде манақиб жинақтарының айтарлықтай пайдасы тигендігін көруге болады289.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *