ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ХАДИС ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ

ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ХАДИС ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ
Фиқһ ілімінің негізін қалап, әлемге кең тараған мәзһабтың имам ы, мұсылман ғалымдары сөзсіз мүжтәхид деп бірауыздан қабылдаған имам Ағзам жайлы бастапқы кездері түрлі себептермен қарсы шыққандар кездескені секілді қазіргі таңда да сол негізсіз қаңқу сөздердің шығу төркінін оқып-білмей жатып, асығыстықпен «Имам Ағзамның хадис ілімі таяз болған, сахих хадистер тұрғанда оларды ескермей қиясты негізге алған, әлсіз хадистермен амал еткен…» деген секілді жарға жығатын жаңсақ пікірлерді тарату арқылы ірі тұлға Әбу Ханифаның беделін жұртшылық алдында кішірейтіп, оның орнына басқаларды зорайтып көрсетуге тырысушылар да қоғамымызда ұшырасып жатқаны өкінішті- ақ. Бірақ, «Жарқырап тұрған күнді балшықпен сылай алмайсың» дегендей, оны жұрт алдында кішірейтуге тырысқанмен, ол бұған кішірейіп қалмайды307.
Әбу Ханифаның хадис риуаятының кең тараған берекелі Куфа аймағында ғұмыр кешіп, одан нәсібін алмауы мүмкін емес. Қайта, керісінше, риуаяттың көп тарауына байланысты әр естіген хадисін ала бермеген. Фақиһтардың хадисшілерден ең үлкен айырмашылығы да, міне, осында. Хадисшілердің бір бөлігі әр естіген хадисін жинап, онымен амал етуге болып-болмайтынына қарамай, тіпті кейбіреулерінің хадистерде не айтылғанын да түсінбей, басқаларға жеткізуге тырысқаны көптеген кітаптарда келтірілген308.
Кейбір деректерде Әбу Ханифаның үйінде жазбаша түрде сақталған сандық толы хадистердің болғаны, олардың аз бөлігін ғана риуаят еткендігі айтылады309. Осы мәселеге қатысты белгілі тарихшы Ибн Халдун: «Кейбір шектен шыққандар мен көреалмаушылар мүжтәхид имам дардың кейбірінің хадис ілімі жеткіліксіз, сондықтан хадис риуаяты аз екенін айтуда. Үлкен имам дар жайлы бұлай ойлау орынсыз. Өйткені, шариғат заңдарының Құран мен хадистен алынатыны әмбеге аян. Дінді сахих (сенімді, дұрыс) негіздерден және оның үкімін жеткізушіден ала білу хадисте жүйрік болуды талап етеді. Ал пәтуа беру, қазылық ету хадис ілімі таяз адамдардың қолынан келетін іс емес. Ал хадис риуаяты аздарға келсек, олар өздеріне жеткен хадистердегі (хадис жеткізушілердегі) кейбір кемшіліктерге байланысты хадис риуаятын азайтқан… Міне, Әбу Ханифа да риуаят пен хадис жеткізуге қатаң талап қойып, асқан жауапкершілікпен қарағандықтан, хадистерді аз риуаят еткен…Ол біле тұра хадис риуаят етуден қашпаған. Мәзһабының хадис имам дары арасында сенімді деп табылуы, риуяттарды қабылдау не алмауға қатысты қойған талаптарының орындылығы,
оның хадис ілімінде алып мүжтәхидтерден екендігін көрсетеді»310 дейді.
Сиқа311 хадисшілердің бірі Исраил ибн Юнус «Нұғман − қандай ұлы тұлға.
307 имам Ағзамның хадис іліміндегі орнына қатысты бұның алдыңғы кітабымызда кең көлемді түрде тоқталғандықтан, бұл жерде көбіне ғалымдардың ол жайлы айтқан пікірлерімен шектелеміз. Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: А. Әділбаев, Ш. Әділбаева. Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы. Алматы: 2011 ж.
308 Бұған қатысты мысалдарды білгіңіз келсе, мына кітаптарға қараңыз: Ибн Құтайба, Тәуил, 8-12-б.; Ибн Қайим әл-Жәузий, Тәлбис, 111-113-б.; Ф. Рази, Манақиб, 242-248-б. 309 Мекки, Манақиб, 85-б.
310 Ибн Халдун, Муқаддима, 4-басылым, 1978, 444-445-б.
311 Бір адамға сену, хадис әдіснамасындағы мағынасы: бойын-да әділдік пен дабт (естіген хадистерін көп жылдар өтсе де басқаларға өзгеріссіз, айна қатесіз жеткізе алатындай есте сақтау қабілетінің күштілігі) сипаты бар хадис жеткізушісі. Кеңірек мәлімет үшін қараңыз: М. Угур, Ансиклопедик хадис теримлери сөзлүгү, ТДУ баспасы, Анкара, 1992, 359-б; Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы), Нұр-Мүбарак баспасы, Алматы,

Фиқһ кездесетін хадисті одан жақсы білген, одан терең зерттеген, ондағы фиқһтық үкімді одан жақсы аңғарған ешкім жоқ»312 деп, оның өзге хадисшілер секілді тек хадис риуаят етіп қана қоймай, үкім шығаруға болатын сенімді хадистерді дәлел ретінде қабылдағандығын айқын көрсетеді.
Алауиддин Әбубәкір ибн Масғуд әл-Касани өзінің «Бадаиғ ас-санаиғ фи тартиб аш-шараиғ» деген еңбегінде: «Әбу Ханифа хадис майталмандарының бірі болатын. Ол ахад болса да хадисті қиястан жоғары қою керек деген қағиданы ұстанатын. Бірақ, хадис жеткізушілердің әділдігі мен адалдығы нақты болуы шарт деп есептейтін», – дейді.313
Бұхаридің шейхтарынан Яхия ибн Әдәм «Нұғман аймағындағы барлық хадистерді жинады. Пайғамбардың аузынан не айтылса, соның бәрін егжей- тегжейлі зерттеді»314 десе, Сахих Бұхари рауиларынан Хасан ибн Салих та
«Әбу Ханифа насих пен мансухты ерекше мән беріп зерттеген, Куфалықтардың хадистерін ең жақсы білетін, жамағаттың ұстанған жолына беріктігімен көзге түсіп, өз аймағына жеткен хадистер мен әсәрды315 жадына тоқитын»316, – дейді.
Мұжтаһид, шейх әл-ислам Әбу Исхақ аш-Ширази аш-Шафиғи (Алла оған разы болсын)
«әл-Лума фи усул әл-фиқһ» атты еңбегінде жарх және тағдил іліміне байланысты сөз қозғай келе былай дейді: «Қортындылай айтқанда, хадис жеткізуші әділ немесе пасық яки кім екендігі белгісіз бейтаныс адам болуы мүмкін. Сахабалар мен Хасан Басри, Ата, Шағби және Ибраһим ан-Нахағи секілді танымал табиғиндер мен имам Малик, Суфян, Әбу Ханифа, имам әш-Шафиғи, Ахмад ибн Ханбал және Исхақ секілді алдыңғы қатарлы үлкен имам дардың жеткізген деректерін күмәнданбастан қабылдау керек. Ол кісілердің әділдігін тексеру артықтық болар».
Әйгілі ғалымдар мен хадис хафыздары Мүфти Тақиюддин Әбу Амр Осман ибн Салахиддин аш-Шаһразури, Әбубакір Хатиб, Ибн Хұмам,ат-Тахауи, әл- Ләкнауилер ислам ғұламалары арасында танымал тұлғалардың хадис саласындағы әділдігі талассыз екендігін айта келіп, олардың арасында Әбу Ханифаны да ерекше атап өткен.317
Шәмс әл-әимма ас-Сарахси «Усул әл-фиқһ» атты еңбегінде: «Имам Әбу Ханифа өз кезеңіндегі хадисті ең жақсы білетін адам болатын. Бірақ, өте күрделі шарттар арқылы ғана хадис риуаят етуді ұстанатындықтан көп хадис риуаят етпеген», – дейді.
Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен оның сахабаларынан жеткен сөздер мен деректерді қамтитын сенімді алты үлкен хадис жинақтарының хадис жеткізушілер тізбегіндегі ғалымдардың барлығы дерлік Әбу Ханифаны дәріптеп, құрметпен еске алған. Олар Әбу Ханифаның ғалымдар арасындағы беделі мен абыройына дақ келтіретін титтей де кемшілігін атамаған. Міне бұл кейінгі кезеңдерде оған тіл тигізіп, жала жабуларының негізсіз екендігін анық көрсетсе керек. Шам өңірінен шыққан әйгілі хадисші ғалым Хафиз Юсуф ибн Заки Абдуррахман Әбу Хажжаж Жалалуддин әл-Миззи «Тәһзиб әл-камал» атты еңбегінде Әбу Ханифаның ілімдегі дәрежесіне егжей-тегжейлі тоқталған. Ал,
2010, 151-б.
312 Сәймәри, 23-б.
313 Касани, Бадаиғ ас-санаиғ, V, 188.
314 Таханәуий, Әбу Ханифа, 12-б.
315 Әсәр – сахаба және табиғиндерге телінген сөз бен іс-амалдар
316 Таханәуий, 12-б.
317 Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 60-64-бет.

Миззидің кім болғандығын аз-Зәһаби «Тәзкират әл-хуффаз» атты кітабында оған арнаған мақтауға толы сөздерінен аңғаруға болады. Ол аталған еңбегінде: «әл- Миззи – рижал ілімі саласының туын ұстап, көшін бастаған ғұлама. Ондай ғалым бұл әлемде бұрын-соңды болмаған», – деген.
Әбу Ханифа туралы сүбелі еңбек жазған ғалымдардың бірі Абдулқадир әл- Құраши «әл-Жауаһир ал-мудия фи табақат әл-ханафия» атты кітабында былай дейді: «Имам Әбу Ханифа жарх және тағдил саласындағы маңызды тұлғаның бірі. Жарх және тағдил ғалымдары саналатын Ахмад ибн Ханбал, әл-Бұхари, Ибн Мағин, Ибн әл-Маданилер Әбу Ханифаның шәкірттері арқылы Әбу Ханифадан ілім алғандар. Бұл – Әбу Ханифаның ілімі мен дәрежесінің қаншалықты екендігін түсіндірсе керек»318.
Хатиб әл-Бағдадидың айтуынша Суфян ибн Уяйна бір сөзінде былай деген:
«Мен алғаш Куфаға келгенде хадис үрену үшін дәріс алқасына отырғызған адам Әбу Ханифа болатын. Ол мені адамдарға «Амр ибн Динардан жеткен хадистерді ең жақсы білетін осы кісі» деп таныстыратын».319 имам Ағзам әйгілі хадис жеткізуші ғалымдардың өзін бағалап, оларды осы хадис саласына бағыттауы оның хадис ілімндегі дәрежесінің қаншалықты екенін көрсетсе керек.
Әбу Ханифаның абройлы дәрежесін мақтаулы сөздерімен еске алған әйгілі ғалымдар әл-Миззи, әз-Зәһаби, Хусейни, Бұрһан әл-Халаби секілді ғалымдар арасында ислам әлеміне танымал мұхаддис Шиһабуддин Әбул-Фадл Ахмад ибн Хажар әл-Асқалани де бар. Ол өзінің «Тәһзиб әт-тәһзиб» атты еңбегінде имам Ағзамның өмір жолын әңгімелеп, оның хадис саласындағы орны мен беделіне нұқсан келтіретін бір ауыз сөз айтпаған. 320 Ибн Хажар Әбу Ханифаға арнаған тақырыбын: «Имам Әбу Ханифаның асыл қасиеттері өте көп. Алла өз разылығына бөлеп, фирдаус жаннатына жайғастырғай!», – деген ақ тілектерімен аяқтаған.321 Атағы әлемге әйгілі осындай ғалымдар имам Ағзамға сын айта алмағанда, екі сөздің басын құрай алмайтындардың Әбу Ханифаны сынап, оның мәзһабынан мін іздеуі ақылға қонымсыз дүние. Бұл – ғылым мен ғалымның қадірін білмейтіндерге сөз тиіп, тіл мен жағына ерік берген бейәдептік. Мұны қазақ би жоқта құл жүреді жораға дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *