Мирасты есептеуі
Имам Халаби әйгілі ғалым Уакиғдан мынадай бір оқиғаны естіген: Бір күін имам Ағзам дәріс беріп отырғанда бір әйел келіп: «Менің бауырым қайтыс болып еді. Оның артында қалған мұрасынан маған тек бір динар ғана бөліп берді», – деп өз наразылығын білдіреді. Имам мирасты кім бөлгендігін сұрады. Әйел:
«Мирасты Дауіт ат-Тайи бөлді», – деді. Имам іркілмей: «Түсінікті, демек мұраға 600 динар қалған болды ғой. Қайтыс болған кісінің екі қызы, шешесі және әйелі болған. Өзі ұлдан он екі ағайынды болып, қыздан сен ғана болғаның ғой. Үште екісі 400 динар екі қызына, алтыда бірі 100 динар шешесіне, сегізде бірі 75 динары әйеліне, әр ағайынына екі динардан бөлінсе, саған бір динар қалған»,
– дегенде әйел бөлістің адал болғандығын мойындап, мұның бәрін қалай біліп қойғандығына таң-тамаша болды.177 Осы оқиғадан имам Ағзамның ел ішіндегі
174 Мекки, Манақиб, 175-б.
175 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 157-бет.
176 Сахих мүслим, китаб ас-сала, баб ат-ташаһһуд №649; Сахих әл-Бұхари, Жұма кітабы, намаздағы амалдар бабы, № 1159. http://sonnaonline.com/
DisplayResultsSearchSarfi.aspx?path=35fa49d14c823bb090da3528536c9167245db7f6\14 54207603a682164f4917b54ae505745483eec9
177 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 202-203-бет.
қазылардың деңгейін біліп қана қоймай, қас-қағым сәтте қиын есептеулерді шешетін зеректігін аңғару қиын емес.
Адам өмірінде әртүрлі жағдай кездеседі. Әсіресе, шариғат үкімімен айналысатын үлкен имам дарға адамның ойына келмейтін мәселелер мен сұрақтар тіпті көптеп кездессе керек. Әбу Қасым ибн Али Хамдан ар-Рази былай дейді: «Бір кісі имам ға келіп: «Бір адам қайтыс болды. Артында бір әке-шешеден бауыры болса да барлық мирасты қайнысы (әйелдің бауыры) алды. Бұл қалай болғаны?» – деп сұрады. Имам ойланбастан: «Қайтыс болған кісі бір әйелге үйленген. Ал, қайтыс болған адамның ұлы әйелдің анасын алған. Олардан бір бала болған. Ол – қайтыс болған кісіге немере әрі әйелдің бауыры болып келеді. Бірінші баласы сосын өзі қайтыс болған. сөйтіп барлық мирас әйелінің інісіне қалған (немересіне қалған). Міне осылайша өзінің інісіне мирас берілмеген»,
– деп жауап берді»178. Бұлай болатыны мирас мәселесінде осындай жағдайда ғана жоғарыдағыдай үлестіру болады. Шариғат талаптары бойынша, баласы немесе немересі болған жағдайда, қайтыс болған адамның бауырларына мирас бөлінбейді.
Хасан ибн Зияд әл-Лулу бір қызықты оқиғаны былай әңгімелейді, Бір кісі өзінің тапқан-таянған қазынасын үйінің маңында бір жерге көміп қояды. Күндердің күнінде керек болып іздесе әлгі көмген жерін таба алмай дал болады. Не істерін білмеген ол аптығып имам Ағзамға жетеді. Болған жәйді айтып, бір шарасын табуын өтінеді. Сонда имам : «Үйіңе бар да бүгін түнімен таңға дейін намаз оқы. Сонда көмген жерің есіңе түседі», – дейді. Ол дереу үйіне қайтып бара салып намаз оқуға кірісе бастайды. Бастамай жатып-ақ, түн жарымына бармай, қазынасын көмген жері есіне түсе кетеді. Намазды тоқтата салып қазынасын тезірек тауып алуға ұмтылады. Әлгі түнімен құлшылық ет деген тапсырма өз жайында қалады. Таңертеңінде имам ға келіп, айтқанындай қазынаны көмген жерін есіне түсіргендігін айтады. Имам : «Не үшін түні бойы намаз оқымадың?»,
– деп сұрап еді ол: «Мұны қалай біліп қойдыңыз?» – дейді таңданып. Имам :
«Өйткені Құран Кәрімде: «Оны еске түсіруімді тек шайтан ғана ұмыттырды», – делінген. Ұмыту шайтаннан болады. Шайтан сенің түнімен құлшылық қылуыңа тосқауыл болу үшін, өзі ұмыттырған нәрсені ертерек есіңе түсірген болар», – деген екен.179