Әбу Ханифа алдымен өзі амал қылатын
Имам Ағзам Әбу Ханифа жұма күндері Куфаның орталық мешітінде уағыз айтатын. Бір күні жұма уағызынан кейін әлдебір құл келіп: «Ұстаз, сізден кішігірім бір өтінішім бар еді» деп келесі жұмада құл азат етудің пайдасы жайлы уағыз айтуын сұрайды. Мүмкін қожайынының көңілі жібіп өзін азат етер деп үміттенген шығар. Әбу Ханифа «Мақұл, сенің дегенің болсын» деп келісімін береді. Әне-міне дегенше келесі жұма да келіп жетеді. Бірақ, имам уағызын басқа тақырыпқа арнайды. Тағы бір апта өтеді. Құлдың өтініші тағы орындалмай қалады. Үшінші жұмада ғана имам Ағзам құлды азат ету және оның мән-маңызы мен артықшылығы туралы тартымды да, әсерлі уағыз айтады. Жұма хұтпасынан соң әлгі құлдың қожайыны келіп: «Ұстаз, куә болыңыз, Алла разылығы үшін құлымды азат еттім», – дейді. Әбу Ханифа «Алла сізден разы болып, істеген ізгі амалыңызды сауаптан жазсын!» деп бата береді. Бостандық алған құл имам Ағзамға келіп рахметін айтып, таңғалыспен: «Ұстаз, бір сұрағым бар. Екі апта бұрын айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «Ол күні құл азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін екі апта бойы жұмыс істеп ақша жинадым. Базардан құл сатып алып, оны азат еттім. Содан рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды өзім істемей тұрып басқаға айтсам, ешқандай әсері болмас еді. Қожайының да саған азаттық бермес еді», – деген екен143.
«Мың мысалдан бір мысқал» демекші, бірде балды көп жейтін баласын осы
141 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 224-бет.
142 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 209-бет
143 Ә. Дербісәлі, Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа, 17-б
әдетін тыйғысы келіп өзінен ақыл сұрай келген әке-шешесіне қырық күннен кейін балаңды қайта алып кел дегені бар. Қырық күннен кейін балаға «Балды көп жей берме» дейді бар болғаны. Сонда баланың әке-шешесі: «Құдай-ау, осы сөзді айту үшін қырық күн күттірдің бе?» дегенде, Әбу Ханифа: «Сендер балаларыңды алдыма әкелген кезде мен де бал жейтін едім. Содан бастап бал жеуді тоқтатып, енді ғана айта алдым», – дейді. Әбу Ханифа Құрандағы «Ей, иман еткендер! Өздерің істемеген нәрселерді өзгелерге (істеңдер деп) қалай айтасыңдар?»144 деген аятына амал қыла отырып, қандай да бір істің орындалуын өзгеден талап етпес бұрын, оны өзі іске асырғаннан кейін ғана барып басқаларға айтатын.
Әке-шешені құрметтеуде көрсеткен үлгісі
Анасының бетіне жел боп тимеді. Анасына деген құрметі шексіз еді. Кейде анасы Әбу Ханифаның айтқан пәтуасына көңілі толмай, басқа бір ғалымды іздейтін. Әбу Ханифа анасының айтқанын орындап, анасын разы қылу үшін алыс жердегі мешіт имам ына алып барып, сол имам ның артында анасына намаз оқыттырып, пәтуасын тыңдатқызатын.
Бір күні имам өзіне сауал қойған Әбу Ханифаның анасына: «Ең танымал ғалым сіздің жаныңызда жүргенде мен сізге қалайша пәтуа айтамын» деп, жауап беруден бас тартқан еді145.
Имам Ағзам ұлы Хаммадпен бірге тарауық намазын оқуға Омар ибн Зарраның мешітіне барып жүретін. Бір күні имам Ағзамның анасы бір мәселенің шариғаттағы үкімін білгісі келіп, Омар ибн Заррдан сұрап келуді тапсырады. Имам Ағзам Омар ибн Заррадан сұрағанда, ол: «Сен бұл мәселені менен жақсы білесің ғой», – деді таңдана, сонда имам : «Мен анамның айтқанын орындауым керек қой», – деді. Омар мәселенің үкімін имам Ағзамның өзінен сұрайды. Имам Ағзам анасы сұраған мәселенің үкімін түсіндіргенде ол: «Енді, анаңа бұл мәселенің үкімі былай болады деп айтып бар», – деп өзінің жауабын өзіне қайта айтқан екен.146
Анасына деген мұнша құрмет ол кісіні жақсы көргендіктен, оны разы қылуға барынша талпынғандығынан, діннің рухын жан-тәнімен сезіне білгендіктен туындап жатқан-ды.
Әбу Ханифаға кезінде дүре де соғылып, түрмеге де қамалып, қиыншылықты да тартқан еді147. Алайда, «Бұл қиыншылықтар анамды ренжіткеннен ауыр емес»148 – деп, көрген қорлығына емес, анасының осыны естіп қиналатынына қынжылыс білдірген екен.
Дегенінен қайта білу – кемеңгерліктің белгісі
Негізінде ақиқатты мойындап, шындықтың алдында бас иіп, өз көзқарасынан бас тарта білу аса кемеңгерлік пен ұлылықтың белгісі болса керек. Тура жолдан тайып, ақиқаттан адасу – пайдалы істі көздеудің орнына, өз дегенін жөн санап, бар ынтасын сөзінің дұрыстығын дәлелдеуге талпынудан туындайды.
144 «Саф» сүресі, 2-аят
145 әз-Зәхәби, Манақибул-Имам Ағзам, 13-19-б.
146 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Исмаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 75-бет. 147 Кеңірек мәлімет үшін осы кітаптың 95-бетіне қараңыз.
148 Бұл да сонда, 26-б.
Имам Ағзамның бұрын айтқан кейбір көзқарастарынан бас тартуы туралы сөз қозғалғанда сахабалардан Әнәс ибн Маликтің көзін көрген Табиғин Абдулла ибн Ғаун былай дейді: «Міне бұл ұлылықты көрсетеді. Имам ның ерекше қасиеті мен тақуалығына осыдан артық дәлел бола ма? Иә, ол кейде мұсылман жұртшылығына пайдалы іске келгенде тура әрі қисынды көзқарасқа жүгінетін. Өзі жіберген қателік-кемшіліктерін мойындай білетін. Адамда ынсапты болудан артық кемеңгерлік болмаса керек»149.