АҚИДА ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ
Имам Ағзам ислам тарихының мұсылман әлемінде сеінмдік тұрғыдан бір- бірімен қырықпышақ болған топтар тарих сахынасына шыққан ең дүрбелең кезеңдерінде өмір сүрді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден өткен соң, халифалық мәселесі төңірегіндегі жанжалдар шииттердің шығуына түрткі болды. Кейіннен, 656 жылы үшінші халифа хазірет Осман (р.а.) шейіт болғаннан кейін, мұсылмандар өзара қақтығысып, Жәмәл оқиғасы, артынша 657 жылы Сыффин қарулы қақтығысы орын алды. Осы соғыстарда адам өлтіру, әсіресе мұсылманды мұсылман қолымен өлтіру әрекетінің ақыры үлкен күнәлармен аяқталды. Осындай жағдайда «Үлкен күнә істеген пенденің халі не болмақ?» деген сұрақтар туындады. «Иман мен күпірдің аражігі қалай ажыратылады, сонымен қатар адамның қалау еркіндігі мен еркіндіктің шегі қандай?» деген бірқатар мәселелер де өз шешімін талап етті. Бұл мәселелер төңірегінде түрлі көзқарастар айтылып, ақырында мұсылмандар арасында мүржия, харижиттер, қадария, муғтазила және жәхмия секілді мәзһабтардың шығуына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, Ислам халифатына қарасты аймақтарда түрлі дін мен мәдениет өкілдерімен мұсылмандардың қарым-қатынас орнатуы, пәлсапалық түсініктердің Ислам әлеміне жайыла бастауы секілді сыртқы ықпалдар да сенімге қатысты мәселелерде түрлі көзқарас пен топтардың тууына бірден-бір түрткі болды»392.
Һижра жыл санауы бойынша І ғасырдың соңы мен ІІ ғасырдың басында осы иман негіздері саласындағы дүниетанымдық қозғалыстарға байланысты мұғтазила мәзһабы пайда болды. Муғтазила ғалымдары өздеріне пікірі қарама-қайшы келген, кейбір адасқан топтармен және өзге дін өкілдерімен күресу жолында көптеген еңбектер жазды. Осы ғасырларда жазылған ақидаға байланысты еңбектердің мазмұны негізінде Алланың сипаттары, тағдыр, үлкен күнә істегеннің жағдайы, имам дық (халифалық) мәселесі төңірегінде өрбіді.
Имам Әбу Ханифаның ақида ілімімен айналысуына осы жағдайлар өзіндік әсерін тигізді. Ол саналы ғұмырын осындай дінбұзарларға қарсы күресіп, Ислам дінінің дұрыс сенімін қалыптастыру жолында жұмсады393. Ол харижилер мен қадарияларға қарсы әхлус-суннаның (суннидтік бағыттың) көзқарастарын қорғау мақсатымен жиырмадан астам рет Басраға барып, білімділігі мен білгірлігін дәлелдеген394.
Фиқһ ғалымдарынан ақидаға байланысты алғашқы еңбек жазған имам Ағзам Әбу Ханифа (қ.767 ж.) болып табылады. Ол фиқһ пен ақида саласын бірдей жетік меңгеріп, бір жағынан ханафи фиқхының мектебін, ал екінші жағынан әхлус-сунна уәл-жамағаттың ақида мектебінің де негізін қалап кетті. Әбу Ханифаның қысқаша жүйелеген иман негіздері сол кездері қызу пікрталасқа жол ашқан мәселелер еді. Оның осы тақырыптарды терең түсінігі арқылы белгілі бір жүйеге салуы өзінен кейін келген ахлус-сунна уәл-жамағат иамамдарына
392 С. Сейтбеков, Иман негіздері, «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2010, 27-28-б.
393 Әбу Ханифа – адасқан ағымдарға ең алғашқы болып қарсы соққы берген имам . Абдулқахир әл-Бағдади өзінің «Усулуд-дин» атты кітабында оның фиқһ ғалымдары мен мәзһаб имам дарының арасында алғашқы болып қадария ағымына қарсы кітап (Фиқһул- акбар) жазғандығын атап көрсеткен. Қараңыз: Бағдади, Усулуд-дин, 307-беттен Ғауижи, 299-б.
394 Бәззәзи, 137-б.; Хәйсәми, 55-б.
(Мысырда имам Тахауи (ө 321 ж) негізін қалаған тахауия, Иракта құрылған әшғария (Имам Әшғари (ө. 324) және Орта Азия кең тараған матуридия (имам Матуриди (ө. 333 ж) ықпал етті395. Ол фиқһ ғалымдары арасында жүйелі ойлау принциптері мен әдіснамасын басшылыққа алып, сол әдістерді иман негіздері мен діни үкімдер шығаруда шебер қолданған ақида саласының алғашқы ғұлама- ғалымы. Міне осы ерекшелігіне орай Әбу Ханифа мен шәкірттерін рәй мен қияс жақтастары деп атап кеткен396.
Әбу Ханифаның фиқх пен ақида іліміндегі беделінің биік болғаны сол суннидтердің тысындағы мұғтазилидтер мен мұржия секілді ағымдар оны өздерінің бағытынан етіп көрсетуге тырысқан.
Атеистерге қарсы Алланың бар екендігі, Құранда негізі бар ақли дәлелдерді (кейіннен ихтыра немесе инаят деп аталған) алғаш рет қолданып, ғаламның «лә шәй», яғни жоқтан жаратылғанын айтқан. (әз-Зәту әл-Иләһия) Алла Тағаланың Өзі мен сипаттарының айырмашылығын көрсетіп, иләхи сипаттарды алғаш рет Аллаға ғана тән Өзіндік (зати) және фиғли (Алланың қалауына қатысты) сипаттар деп бөліп, барлығының қадім (бастауы жоқ, мәңгі) екендігін қорғап, сол арқылы жахмия мен мұғтазиләның сипат ұғымын қабылдамай, хабари сипаттарға сөзсіз иман ету керектігін айтып, сәләфтарға басшылық жасап, кейбірін астарлап, кейбірін ашық жорамалдап, тәшбих (Алла Тағаланы жаратылғандарға ұқсату) пен татил (Алланы пәктейміз деп діни мәтіндерде айтылған сипаттарды толықтай жоққа шығару) ақидасына балама көзқарас ұсынған. Құранның жаратылғандығы хақында жахмия397 мен хашуия398 арасындағы орта көзқарасты қорғап, кейіннен әхлі-сүннет кәламшылары іске асырған лафзи және нафси кәлам ерекшелігіне орта дайындаған. Тағдырға сенудің қажеттілігін біліп, адамның өз еркімен іс жасайтындығын мойындап, жәбрия мен мұғтазиланы сынаған. Адамның мүмин кезде кәпір, кәпір кезде мүмин бола алатындығын айтып, жәбр (фатализм) түсінігінен бойын алшақ ұстаған. Иманды тасдиқ (жүрекпен бекіту), мағрифат және иқрар (тілмен айту) шарттарына сүйеп, иман үшін мағрифатты жеткілікті санаған жахмияны және тек қана тілмен айтуды жеткілікті деп білгендердің ұғымын қабылдамай, амалдың иманнан бөлек екенін, сол себепті, оның артып, не кемімейтінін айту арқылы салафия, мұғтазила мен харижиттерден өзгеше пікірде болған. Осылайша, ол ақиданың негізгі мәселелерінде астамдық пен нұқсандыққа бармай, орта жолды ұстанған сенім жүйесінің негіздерін қалап, басым көпшілік ұстанатын сунниттік ақиданың қалыптасуына жол ашқан. Анығында, иманның артып-кемуі, иман мен исламның ара-қатынасы, иманда ерекше жағдайлар секілді ұсақ мәселелерден тыс Мәлік ибн Әнас, Шафиғи, Ахмед ибн Ханбәл Әбу Ханифаның көзқарасын құптаған.
Имам Ағзам Әбу Ханифа Ислам әлемінде туындаған саяси, дүниетаным
және сенім бойынша «қырықпышақ» болып бөлінуі нәтижесінде, әуелі Құран кәрімге, екіншіден, оған қайшы келмейтін сахих хадистерге сүйене отырып, Ислам ақидасын анықтауға тырысқан ерте кезеңдегі мұсылман ойшылдарының көшбасында тұрған тұлғалардың бірі болып табылады. Аят-хадистер мен ақылды қатар пайдаланып, сенім мәселелерін түсіндіру үшін ақыл тұрғысынан қияс жасап, көзқарастарын Құран кәрім, сахих хадистер және алдыңғы қатарлы сахабалардың
395 Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: А. Жошкун, Ислам итикадында Ебу Ханифенин тесири ве имам Матуриди, Иени умит, журналы, 2002 ж., Шілде-Тамыз, 57-сан;
396 М. М. Шәриф, Ислам дүшүнжеси тарихи, (түрік тіліне аударған: А. Үнал), Стамбул, 1990, 1-т., 281-б.
397 Жәбрия ағымының өкілі Жәхм ибн Сафуанның артынан ергендерге берілген атау.
398 Ислам энциклопедический словарь, «ал-Хашавииа», 277-б.
түсініктеріне негіздегендіктен, пәлсапалық ойлардың ығында кетпеді. Ислам ақидасының негізгі мәселелері төңірегіндегі көзқарастары ғалымдар арасында үлкен беделге ие болды. Матуридия мәзһабынан бастап, сәләфия (алғашқы буын ғалымдары) әшғария ғалымдары тарапынан жалпы мағынада қолдау тауып, әрі қарай дамытылған399.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақида іліміне қаншалықты ықпал жасағанын имам Шафиғи (һ. 204 ө.): «Халық тәпсірде Мұқатил ибн Сүлейменге (һ. 150 ө), өлеңде Зубайр ибн Әбу Сулмаяға (һ. 609 ө.), ал ақида саласында Әбу Ханифаға мұқтаж», – деп көрсеткен400. Ендігі кезекте имам Әбу Ханифаның өмірінде ақида мәселелеріне қатысты орын алған ғибратты оқиғаларына тоқтала кетейік.