Әбу Ханифадан жеткен хадистің дәрежесі

Әбу Ханифадан жеткен хадистің дәрежесі

Хадис саласындаға бірегей тұлға, әйгілі ғалым Ибн Хажар әл-Асқалани
«шарх нухбат әл-фикар фи мусталах әһли асар» атты еңбегінде былай дейді:
«Машһур, азиз, ғариб деген түрлерге бөлінетін ахад хадистердің ішінде дәйекке ең жарамдылары келесідей ерекшеліктері бар хадистер:
1. Мұтауатир дәрежесіне жетпеген, бірақ, Бұхари мен Мүслим риуаят еткен хадистер.
2. Әртүрлі жолмен жетіп, тізбегі мен мәтінінде ешқандай кемшілік пен әлсіздік болмаған машһур хадистер.
3. Сенімді хадис хафизі имам дар тізбегі арқылы жеткен хадистер. Себебі мұндай хадистер ғариб деп есептелмейді».
Ғылыммен және хадис риуаят етумен айналысқан имам Мәлик секілді имам дардың риуаятының сенімділігін тексерудің қажеті жоқ. Ал, имам Мәлик жеткізген сол хадисті екінші бір сондай имам риуаят еткен болса, бұл хадистің дәрежесі одан сайын арта түседі де, жеткізушілердің қателесу қаупін тіптен азайтады.
Имам Әбу Юсуф арқылы имам Ағзамнан немесе имам Шафиғидың Мұхаммед арқылы Әбу Ханифадан риуаят еткен хадистері де дәл солай. Себебі, мұндай хадистерде жоғарыда аталған ерекшеліктердің бірі хадис хафизы саналатын имам дар тізбегі бар.
Тіпті кейде имам дар тізбегі арқылы жеткен хадистер Бұхари мен Мүслимдегі хадистерден дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Ибн Хажар жоғарыда аталған еңбегінің тағы бір жерінде былай дейді: «Кейде дәрежесі төмен хадистер белгілі себептерге байланысты жоғары деңгейге көтеріледі. Мәселен, Мүслимнің сахихында келген бір хадис машһур болғаныме, мутауатир дәрежесіне жетпеген хадис, белгілі септермен қатар келуіне байланысты нақты дерек қатарына еніп, Бұхаридегі жекелеген хадистен дәрежесі жоғары болады». Міне сондықтан, имам Мәликтің Ибн Омар арқылы имам Нафидан жеткізген хадистері Бұхари мен Мүслимдегі ең сахих жолмен жеткен хадистерден жоғары тұрады. Сондай- ақ, Әбу Ханифаның Нафи, Ибн Омар, Ата ибн Әбу Рабахтардан немесе ұстазы Хаммадтан жеткізген хадистері де дәл солай.328

326 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 68-71-бет. 327 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 73-бет. 328 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 99- 101-бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *