Құдайды жоққа шығарушымен пікірталас
Құдайды жоққа шығарушы дахрилердің бір тобы имам Ағзамды өлтірмекке бекінеді. Жаман пиғылдарына жүзеге асырмақ ниетімен имам Ағзамның қасына баса көктеп кіріп келген дахрилерге ол:
– Тоқтаңдар. Әуелі мына бір мәселенің басын шешіп алайық. Содан соң қалағандарыңды жасай беріңдер,– деп тоқтатады. Дахрилер ұсынысты қабыл алады. Имам Ағзам оларға:
– Мына бір адамның жағдайы туралы не дейсіңдер?,– деп сұрақпен бастады да сөздерін әрі қарай былай деп сабақтады:
– Ол сендерге буырқанған теңіздің ортасында, жал-жал толқындарға қарамастан, жүкке толы кеменің шебер басқарушысыз өздігінен, бағытынан жаңылмай жүзіп бара жатқан айтса бұл қаншалықты ақылға қонымды?
– Әрине ондай болуы мүмкін емес. Бұл ақылға сыймайды.
– Субханалла! Егер қарапайым бір кеменің басқарушысыз дүлейлі теңіздің ортасында өздігінен жаңылмай, батып кетпей жүзуі ақылға сыймаса, қалайша күн ғаламшарында аспан денелерінің бір-бірімен соқтығыспай, белгілі бір бағытта қозғалады?!. Ендеше, аспан денелерін мінсіз басқарып тұрған, бәрін білетін, бәріне құдіреті жететін Жаратушысыз өздігінен қозғалады деу де дәл
403 Хайсами. 106-б.
404 Тақиуддин ибн Абдулқадир әт-Тәмими, Табақатус-сәниә фи тәрәжимил- ханафия, Дәрур-руфаи, Рияд, 1983, 1-т.., 151-152-б.
солай қисынсыз. Имам Ағзамның уәжіне жығылған дахрилер не істерін білмей, райларынан қайтады405.